Сәулебек Асылханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәулебек Асылханов (1949 ж. т.), актер, режиссер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998). 1966 ж. М. Әуезов атындағы Қазақ драма театрының жанындағы актерлік студияны, 1974 ж. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Қазақ драма театрында дипломдық жұмысы ретінде Әуезовтің «Айман - Шолпан» комедиясын қойса, 1975 ж. Талдықорғанда жаңа театрды ұйымдастыруға араласып, Т. Ахтановтың «Әке мен бала», «Күшік күйеу», Қ. Мұхамеджановтың «Қайдасың, Қайдарбек» (Ш. Айтматовтың «Армысың, ақ кеме» повесінің негізінде) т. б. сахнаға шығарды. Әуезовтің «Түнгі сарын» қойылымы - режиссердің ізденісін көрсеткен спектакль.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сәулебек Асылханов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}