Асанәлі Әшімұлы Әшімов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Асанәлі Әшімұлы Әшімов (1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) – кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі.

Толығырақ

Сахнадағы негізгі рөлдері

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М. Әуезовтің «Абайында» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, «Таңғы жаңғырығында» Жарасбай, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Иосиф Татаевич, Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарь, М. Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан, И. Вовнянконың «Апатында» бас кейіпкер, тағы да басқа көптеген қойылымда көрнекті актердің айшықты өнегесі мен өрнекті ізі жатыр. Ал, А. Әшімовтің қара шаңырақ сахнасындағы соңғы күрделі жұмысы Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббат» драмасындағы доктор Клаузен. және т.б көптеген бейнелерді сомдады.

Кино

Әшімов — қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағы Бекежан (“Қыз Жібек”, 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры”, 1971, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының, 1972), Мәмбет (“Сарқырама”, 1973), Қасымханов (“Транссібір экспресі”, 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел (“Нан дәмі”), Нұрғазы (“Алатаудың ай мүйізі”), Қаражал (“Жаушы”, 1980), Шыңғыс хан (“Бұлғар даласынан ескен жылы жел”, 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті. Әшімов режиссер ретінде кең танылды. Ол сахналаған Н. Гогольдің “Ревизор” (1979, өзі Дуанбасының рөлін ойнады), Ғ.Мүсіреповтың “Амангелді”, И. Оразбаевтің “Мен ішпеген у бар ма?!” (екеуі де 1987), С. Ванустың “Сұлтан болсам егер мен” (1988), жылы Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” (1989) спектакльдері мен ол түсірген “Жылан жылы” (1981, Цой Гук Инмен бірге; 1982 жылы Таллинде өткен бүкілодақтық 15-кинофестивальдің дипломына ие болды), “Шоқан Уәлиханов” (1984; 4 сериялы телефильм, өзі Шыңғыстың рөлін ойнады), “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу” (1995) фильмдер Әшімовтің режиссерлік шығармашылығының да кең ауқымын көрсетеді. Әшімов өнеріне арналған “Асанәлі” деректі фильмі (1986, реж. И. А. Вовнянко) түсірілді. Әшімов — Жамбыл және Шымкент университеттерінің құрметті профессоры. 1979—1982 жылы педагогикалық қызметпен шұғылданды. 1990 жылдан “Елім-ай” киностудиясының президенті. “Парасат” орденімен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Кітаптары

  • «Майраның әні»
  • «Жан бөлек»
  • «Алаштың Асанәлісі»
  • «Менің жанрым – күнделік»
  • «Ғұмыр-дария»

Ол туралы

Сурет:Ысқақ пәрідар мешіті.jpeg
Асанәлі салдыртқан мешіт
  • Туған ауылында атасы (әкесінің әкесі) Ысқақ пәрідар атымен мешіт салды.
  • Жыл сайын әкесі Әшім Ысқақұлы атындағы шахматтан облыстық турнир ұйымдастырады.
  • Кенже баласына өз есімін беріп, оны да Асанәлі атаған.

Мемлекеттік марапаттары

КСРО марапаттары

  • Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі
  • 1973 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйллығының иегері
  • 1974 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері
  • 1976 жылы Қазақ КСР халық артисі
  • 1980 жылы КСРО халық артисі
  • КСРОның "Еңбек ардагері" медалі
  • КСРОның бірнеше мәрте кинофистивальдерінің жүлдегері

Қазақстан Республикасының марапаттары

  • 2000 жылы "Платинды Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты
  • 2001 жылы еліміздің ең жоғарғы мемлекеттік марапаты Отан ордені мен марапатталды.
  • 2003 жылы Ең алғашқы "Шәкен жұлдыздары" фистивальінің лауреаты
  • 2007 жылы Парасат ордені
  • 2007 жылы Құрмет ордені (70 жас мерей тойы қарсаңында)
  • 2008 жылы "Астанаға 10 жыл" медалі
  • 2012 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Мәдениет саласының Үздігі" төсбелгісі;
  • 2014 жылы Қазақ театры мен кино өнеріндегі ерен еңбектері үшін еліміздің жоғарығы мемлекеттік марапаты І дәрежедегі Достық орденімен елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі марапаттады (Астана, Ақорда);
  • 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
  • ҚР тұңғыш президенттік степендиясының бірнеше мәрте иегері;
  • ҚР мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының бірнеше мәрте иегері;

Халықаралық марапаттары

  • 2007 жылы Ресейдің Ломоносов атындағы алтын Орденімен марапатталған.
  • 2011 жылы ТМДның «Достастық жұлдызы» халықаралық сыйлығының лауреаты және «Достастық жұлдызы» Ордені;
  • 2013 жылы «Аңыз Адам» Ұлттық сыйлығының лауреаты;
  • 2007 жылы Әлемдік кинодағы зор үлесі үшін ЮНЕСКО халықаралық академиясының «Алтын Қыран» Орденімен марапатталды.
  • Алматыда жеке жұлдызды аллеясы ашылған.

Құрметті атақтары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер