Николай Васильевич Гоголь

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Николай Васильевич Гоголь (18091852) — орыс жазушысы. В. Алов деген бүркеншік атпен «Ранц Кюхельгертен» идиллиясын жариялайды. Гоголь есімін көпшілікке танытқан «Диканька маңындағы хутор кештері», «Арабески», «Тарас Бульба» туындылары болды. Н.Гоголь шығармашылығының түйіні 1835 жылы жазыла бастаған «Өлі жандар» поэмасы.<ref>Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8</ref>

Шығармалары

Гоголь Николай Васильевич жас кезінен -ақ әдебиет пен кескіндеме өнеріне ынта қойып, актерлік пен де айналысады. 1829 жылы В.Алов деген бүркеншік атпен "Ганц Кюхельгартен" идиллиясын (ауылдың табиғатпен жарасқан тіршілігін бейнелейтін жыр) жариялады. Гоголь Николай Васильевич көпшілікке кеңінен танымал қылған "Диканька маңындағы хутор кештері" (1-бөлімі-1831; 2-бөлімі-1832 жылы), "Миргород" (1835; жаңа редакциясы), "Арабески" (1835), "Тарас Бульба" (1841) кітаптары болды. Қоғамдағы "кішкентай адамның " қорлыққа толы өмірі "Шинель" повесінде (1842) психологиялық түрғыдан кеңінен ашылған. Кейін осы тақырыпқа қалам тартқан орыс жазушылары арасында "Бәріміз Гогольдің "Шинелінен " шықтық" деген пікір қанатты сөзге айналуы Гоголь Николай Васильевичдің "Ревизор" комедиясы қоғамдық өмірдегі елеулі оқиғаға айналды. Ол, сондай-ақ, "Үйлену", "Ойыншылар" (екеуіде 1842) комедияларын және басқа да драмалық шығармалар жазған. Гоголь Николай Васильевичдің шығармаларының түйіні-1835 жылдан жазыла басталған "Өлі жандар" (бұл шығарманың 1-томы 1842ж. жарияланып, 2-томын 1852 ж. автордың өзі жойып жіберген) поэмасы. Романтизммен нәзік лиризмді, жеңіл әзілді алғаш шығармаларында сәтті қолданған жазушы соңғы шығармаларында сол кезеңдегі орыс қоғамының шенеунікті-бюрократтық өмірін өткір сынға алды, орыс әдебиетінде гуманистік және демократиялық сарынның қалыптастыруына зор үлес қосты. Жазушының діни-адамгершілік ұстанымын баяндайтын "Достармен жазысқан хаттардың таңдаулы тұстары" деп аталатын кітабы (1847) В.Г.Белинскийдің сынына ұшырады. Гоголь Николай Васильевичдің драмалық шығармалары ("Ревизор", "Үйлену" және т.б.) 20 ғасырдың басында қазақ тіліне ауларылып, ұлттық театріміздің сахнасында сан мәрте қойылды. Сондай-ақ жазушының қазақ тілінде "Шығармаларының" 6 томдығы (1952-55), "Таңдамаларының" 2 томдығы (1981) жарық көрді.

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз