Қатысушы:SARYARQA AQPARAT/зертхана
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Кайрат Жунусович Абилдинов (11 қазан 1973 жыл, Үржар, Шығыс Қазақстан облысы) — журналист, медиаменеджер, 2025 жылдан бастап қызметтегі Еуразия бірінші арнасының бас директоры. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының бұрынғы Басқарма
Мазмұны
Өмірбаяны
1973 жылдың 11 қазанында Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауылында дүниеге келген.
Алматыдағы халықаралық журналистика институтын тәмамдап, халықаралық бизнес университетінде МВА дәрежесін қорғады, диссертация тақырыбы: «Қазіргі Қазақстан жағдайында телеарнаның қаржылық тиімділігін арттыру жолдары».
Қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерін біледі.
Еңбек жолын 1993 жылы «Қазақстан» республикалық телерадиохабар тарату компаниясында редактор, одан кейін репортер, тележүргізуші қызметтерін атқарды.
«Хабар» агенттігінің негізі қаланған күннен бастап 1996-2002 жылдар аралығында жаңалық қызметінің редактор-жүргізушісі, атқарушы продюсері болып еңбек етті.
2002 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Баспасөз қызметінде түрлі лауазымда жұмыс істеді.
2005 жылдың қыркүйек айынан бастап 2008 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары болды.
2008 жылдың қазанынан 2011 жылдың қарашасына дейін — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Еліміздегі алғашқы балалар арнасы «Balapan» телеарнасының ашылуына атсалысқан.
2011 жылы ҚР Ақпарат және байланыс вице-министрі болып тағайындалды.
2012 жылдың ақпанында «Astana» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды.
2018 жылдың 5 шілдесінен «НҰР-Медиа» холдингін қатар басқарды.
2019 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Мақала</ref> «Қазақстан» телерадиокорпорациясы құрамына 14 аймақтық телерадиоарна, «Qazaqstan», «Balapan», «Qazsport», «Abai TV» сияқты 4 республикалық телеарна, «Qazaq radiosy», «Shalqar», «Astana radiosy», «Classic» республикалық радиоарналары кіретін Қазақстандағы ең ірі медиакомпания. «Қазақстан» РТРК» АҚ хабар тарату көлемі және тұрғындарды қамту жағынан алдыңғы орында.
2020 жылы Корпорация ішінен «Abai TV» мәдени-ағарту телеарнасы<ref name="qazaqstantv">Үлгі:Cite web</ref> ашылып, отандық телеиндустрияда мәдени-танымдық, ағартушылық бағыттағы телевизиялық жобалар өндірісі жолға қойылды.
2025 жылғы 18 тамызда Еуразия бірінші арнасының бас директоры болып қызметке тағайындалды.<ref>Ләззат Танысбай жаңа қызметке тағайындалды</ref>
Марапаттары
- Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты (2010);
- «Құрмет» ордені иегері (2010);
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015);
- ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Баспасөз бен ақпаратты дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісі (2016) — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыруға және дамытуға, баспасөз және ақпарат саласындағы ынтымақтастық идеяларын іске асыруға қосқан елеулі үлесі үшін<ref>Үлгі:Cite web</ref>;
- ҚР Президентінің БАҚ саласындағы «Қазақстандық журналистика мен ұлттық телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін» сыйлығы (2018).
- ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі;
Сұхбаттар, жарияланымдар
- Вице-министр связи и информации РК Ляззат Танысбай «о законе о телерадиовещании», 10/01/2012;
- «Хабар» агенттігіне 20 жыл, «Хабар 24», 26/10/15;
- Медиа менеджмент - Ляззат Танысбай, медиа дамыту қоры, 17/10/2018;
- Ляззат Танысбай рассказала интересные детали объявления конкурса на съемки сериала «Абай», «Kazinform» 11/09/2019;
- «Qazaqstan» арнасында тікелей эфирді көбейттік - Ләззат Танысбай, «Kazinform», 11/09/2019;
- «Qazaqstan» телеарнасының 61-маусымының таныстырылымы - Ляззат Танысбай, 01/10/2019;
- Ләззат Танысбай: Ұлттық арна назарынан ештеңе де тыс қалмайды, «Egemen Qazaqstan» 16/09/2019;
- Пандемияда Қазақстан» өз міндетін атқарды - Ләззат Танысбай, «Айқын», 28/08/2020;
- Во время пандемии казахстанцы стали чаще смотреть отечественные телеканалы - эксперт, «Forbes», 11/11/2020;
- «Balapan» арнасының анимациялық жобалары АҚШ пен Латын Америкасында көрсетіледі, «Forbes», 29/09/2020;
- Nur-Sultan. Қолтаңба. Нұрсұлтан Назарбаевпен жаңа сұхбат, «Qazaqstan», 05/07/2021;
- «Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі жұмысын бастады, «Qazaqstan», 08/11/2021;
- Түркітілдес елдер телевизия жобаларын алмасатын онлайн платформа құру қажет – Ләззат Танысбай, «Kazinform» , 15/09/2021;
- «Ақыл-ойдың айнасы»: «Abai TV» арнасының ашылғанына 1 жыл, «Ана тілі», 01/07/2021;
- Ләззат Танысбай: Біздің міндетіміз - ең лайықты компанияларды таңдап алу, «Qazaqstan», 28/09/2021;
- Халықтың көп бөлігі дәстүрлі БАҚ-қа сенеді - Ләззат Танысбай, «Egemen Qazaqstan», 20/12/2022;
- Ләззат Танысбай: Қырғыз тарапымен бірлескен телевизиялық контент өндіру қолға алынады, «Qazaqstan», 06/12/2022
- Ұлғайған ұлттық арна, «Ана тілі», 09/03/2023;
- XXI ғасыр - ақпараттық майдан дәуірі, «Қазақ әдебиеті» газеті, 07/03/2023;
- Ұлттық арнаның арқалаған жүгі ауыр - Ләззат Танысбай, «Айқын», 07/03/2023;
- Арнаның бүгінгі белесінде 65 жыл ішінде еңбек еткен әр маманның үлесі бар - Ләззат Танысбай, Qazaqstan телеарнасы, 05/03/2023;
- Во имя единства и процветания,«Казахстанская правда», 15/03/2024;
- Состоялся общенациональный телемарафон "Біз біргеміз!": 5 часов вещания в эфире 10 республиканских телеканалов, nur.kz, 01/05/2024;
- 5 арнаның басын қосқан телемарафон, «Айқын» газеті, 04/05/2024;
- Десять телеканалов впервые провели совместный общенациональный телемарафон, kazpravda.kz, 03/05/2024.
Отбасы
Күйеуі Қазыбек Баттақов (1972 ж. туған) — Ресей Федерациясының азаматы, кәсіпкер. 2015 жылдан бастап Қазақстанның Псков облысындағы құрметті консулы. Санкт-Петербург қаласында тұрады.<ref>Баттаков Казыбек Суюндик-улы (персональная справка)</ref> 2006 жылы туған Аяжан, 2013 жылы туған Бекнұр атты екі баласы бар.<ref>Акционерное общество "Республиканская телерадиокорпорация "Казахстан". Аффилированные лица</ref>
Күйеуінің жақын туысы Ерлан Баттақов (1969 ж. туған) — президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың іс басқарушысы (2019—2022), Сауда және интеграция бірінші вице-министрі (2022).<ref>Баттаков Ерлан Еркинович (персональная справка)</ref> Оның қарындасы Жәмила Баттақова (1973 ж. туған) — дәрігер, Ұлттық балаларды оңалту орталығының басқарма төрағасы (2023—2024).<ref>Баттакова Жамиля Еркинович (персональная справка)</ref>
Інісі Қуат Танысбай (1975 ж. туған) — кәсіпкер, Қазақстан қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының вице-президенті (2018 жылдан бастап). Әр жылдары министр Кәрім Мәсімовтің көмекшісі (2001—2002), Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы (2009—2010), министр Әсет Исекешевтің кеңесшісі (2010—2012), Туризм индустриясы комитетінің төрағасы (2012—2013) болған.<ref>Танысбай Куат Муратович (персональная справка)</ref>