Әсет Өрентайұлы Исекешев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Әсет Өрентайұлы Исекешев (1971 жылы 17 тамызда Қарағанды қаласында туған) - қоғам және мемлекет қайраткері, Астана қаласының әкімі Әкесі - Исекешев Өрентай, марқұм, инженер-энергетик болып жұмыс істеген. Анасы - Исекешева Қапиза (1942 жылы туған), зейнеткер, дәрігер-педиатр болып Жұмыс істеген.

№5 арнаулы кәсіби-техникалық училищесін (Орал қаласы, 1989) радиоэлектрондық аппаратураның слесарь-жинаушысы мамандығы бойынша; Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1994) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша; ҚР Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару мектебін (1998) бітірген, шет елде тәжірибе алған.

Қазақстандық және шетелдік БАҚ-дағы индустриалдық-жаңартпашылық даму стратегиясын жүзеге асыру, ұлттық жаңартпашылық жүйе және оның жекелеген пилоттық жобаларын қалыптастыру бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру, кластерлік бастамашылықты және 7 пилоттық кластерді, мемлекеттік даму институттарын құру және қызметін жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті дамыту, туризмді дамыту, өнеркәсіпті дамыту және басқа да мәселелер жөніндегі көптеген мақалалардың авторы.

1989 жылдан - «Омега» аспап жасау зауытының I разрядты радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптардың слесарь-жинақтаушысы (Орал қаласы).

1995 жылдан - Алматы қаласы Фрунзе ауданы прокуратурасы прокурорының көмекшісі; Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасы прокурорының аға көмекшісі.

1998 жылдан - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Астана қаласының адам дамуы бөлімінің Стратегиялық бақылау басқармасы Стратегиялық талдау департаментінің бас маманы.

1999 жылдан - ҚР Әділет министрлігі Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және бақылау департаментінің директоры.

2000 жылдан - ҚР Заң министрлігі жанындағы «Ұлттық заң қызметі» ЖАҚ президенті.

2001 жылдан - «Сұңқар» АӨК» ЖШС төрағасының бірінші орынбасары, «Ұлттық консалтингтік топ» ЖШС президенті, «Ордабасы» корпорациясы» ААҚ вице-президенті.

2002 жылдан - ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.

2003 жылдан - ҚР индустрия және сауда вице-министрі. 2006 жылдан - «Қазына» ТДҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2007 жылдан - «Credit Swiss (Қазақстан)» ЖШС эномикасы, жоғары мәдениеті, бәсекеге қабілетті білімі және алдыңғы қатарлы ғылымы бар өркендей беретін қуатты демократиялық мемлекет».

Хоббиі - қазақ халық музыкасы, опера, балет, бүркітпен және тазымен саятшылық.

Сүйіп оқитын әдебиеті - әлемдік классикалық әдебиет шығыс философиясы, тарих, мәдениеттану, дінтану.

Үйленген. 5 баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Үлгі:Кәрім Мәсімовтың министрлер кабинеті (2016 жыл 6 мамыр) Үлгі:Кәрім Мәсімовтың министрлер кабинеті (2014)