Қазақ радиосы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Радио Қазақ радиосыҚазақстан тұрғындарына, ТМД елдерінде және шет елдерде тұратын қазақ тыңдармандарына хабар тарататын радио желі. Қазақ радиосы хабарлары Астана мен Алматыдан берілетін радио хабарынан және облыс орталықтары хабарынан тұрады. Хабарлар ұзын, орта, қысқа және ультрақысқа толқындарда жұмыс істейтін радио станциялаы арқылы таратылады. Қазақ радиосы қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, Әзірбайжан, түрік, корей, татар тілдерінде хабар береді. Ол жедел ақпараттан (жаңалықтар, шолулар, репортаждар, т.б.), қоғамдық-саяси, экономикалық, ғылыми, білім беру, әдеби-драмалық, музыкалық, спорттық және басқа хабарлардан құралады. Ұлттық ақпараттық-музыкалық “Шалқар” бағдарламасы жұмыс істейді.<ref>http://kazradio.kz/kz/category/about_radio</ref>

Республиклық радио хабары 1931 жылы 4 мамырында өлкелік “Еңбекші қазақ”, “Советская степь” радио газеттерінің алғашқы нөмірлерінің мақалаларын берумен басталды. Оның 60-тан астам қоғамдық-танымдық, жиырмаға жуық музыкалық ойын-сауық бағдарламасы бар (2003).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Тарихы

Қазақ АССР Халық комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың 29 қыркүйегінде Республикалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы - Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан бүкіл Республикаға трансляция беріле бастады.

Бүгінде хабарларын тәулік бойы тарататын Қазақ радиосы – еліміздің ең ірі ақпарат жүйесі. Ұлттық арна республика радиотыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай, одан тысқары жерлерге де, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралас аймақтарына жетеді. Сондай-ақ, «Шалқар» Ұлттық арнасының хабарлары еліміздің ірі қалаларына таратылады. Ал, қазіргі кезде интернеттегі http://kazradio.kz сайтымыз арқылы әлемнің кез келген түкпірінде Қазақ радиосының хабарларын онлайн режимінде тыңдауға болады.

Егемен Қазақстандағы демократиялық қайта жаңғыруларды, экономикадағы, әлеуметтік және мәдени салалардағы ілгерілеушіліктерді шынайы тұрғыда көрсету - Ұлттық арна ретінде Қазақ радиосының басым бағыты болмақ. Арнаның алдында мемлекеттік саясатты елді-мекендердің барлығына, алыс түкпірлерге шапшаң жеткізу міндеті тұр.

Қазақ радиосы жас мемлекеттің құрылысы мәселесіне жете көңіл бөліп келеді. Мұнда ең әуелі жаңа жұмыс орындары, отандық өндірістің дамуы, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес мәселелері, Қазақстан экономикасының ілгері басуы және отандастарымыздың тұрмыс-жағдайының жақсарып келе жатқандығы жан-жақты қамтылады. Радио Қазақстан халқының достығын нығайту мақсатында қазақ, орыс, неміс, корей, ұйғыр, Әзірбайжан, түрік және татар тілдеріндегі бағдарламалары әуе толқынына шығады.

Электронды БАҚ қатарында Қазақ радиосы көрнекті орын алады. Радио ұжымы әр сағаттың басында берілетін жаңалықтар топтамасына айрықша көңіл бөледі. Тыңдаушылар арасында күн сайын қазақша және орысша берілетін таңдамалы бағдарламалар, Қазақстанда шығатын газеттер мен журналдарға жасалатын шолулар кеңінен танымал. Бүгінгі таңда Қазақ радиосы өзінің форматы жағынан тақырыптық бағдарламаларды жүргізетін республикадағы бірден-бір радиостанция.

Қазақ радиосының музыкалық форматы ұлттық және әлемдік музыкадан тұрады. Бұл формат бізге қазақстандық вокал мен операның шеберлерін ғана емес, әлемдік классика мен бүгінгі таңдағы музыканың барлық бағыттарын рок, кантри, джаз, хит және т.б. сөз ететін музыкалық бағдарлама жасауға еш кедергі келтірмейді.


Қазақ радиосын басқарғандар

  • Ертай Арысов (1967-1968 жылдар)
  • Бек Дәулетбаев (1973-1975 жылдар)
  • Нияз Сыздықов (1968-1969 жылдар)
  • Абай Өтегенов (1975-1976 жылдар)
  • Изя Фидель (1969-1973 жылдар)
  • Кенжебек Есімов (1976-1980 жылдар)
  • Игорь Саввин (1980-1981 жылдар)
  • Қуаныш Орманов (1989-1990, 1992-1996 жылдар)
  • Мадрид Рысбеков (1981-1983 жылдар)
  • Әмірхан Меңдеке (1990-1992 жылдар)
  • Аркадий Исенов (1984-1989 жылдар)
  • Төрехан Данияр (1996-2003 жылдар)
  • Нұрлан Өнербаев (2003-2006 жылдар)
  • Жүрсін Ерман (2006-2009 жылдар)
  • Ғалым Мелдеш (2009-2011 жылдар)
  • Махат Садық (2011 - бүгінге дейін) <ref>http://kazradio.kz/kz/category/ruc_radio</ref>

Қазақ радиосының ардагерлері

  • Мина Сейітқызы Сейітова – Қазақ радиосының ардагері. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, радиохабар тарату іcінің қайраткері, КСРО-ның құрметті радисі, еңбек ардагері.

1919 жылы 25 тамызда дүниеге келген. Қазақ радиосында 1934 жылдан бастап, қызмет атқарған. «Құрмет» орденімен, «Отан соғысы кезіндегі тылдағы қызметі үшін» орденімен, «Жеңіске - 40 жыл» медалімен, ҚазССР Жоғары Кеңесінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған. Дарынды диктор радиоға келгенге дейін медицина институтында Мәншүк Мәметовамен бірге оқыған. Оның сөйлеу шеберлігіне Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловскийлер ризашылық білгірген. Микрофон алдында 44 жыл қызмет етіп, талай дикторларға, сонымен қатар Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Мұқағали Мақатаев сынды ұлттық мәдениетіміздің марқасқаларына ұстаз болған. Оны Юиий Левитан, Елизавета Емельянова сияқты Одаққа танымал дикторлар құрмет тұтты. 1943 жылы радионын жетекші дикторынан аға дикторына ауысқан Мина Сейітқызының орнына Әнуарбек Нығметжанұлы Байжанбаев қызметке алынды.

  • Әнуарбек Нығметжанұлы Байжанбаев (26.3.1923, Семей — 27.10.1989, Алматы) — диктор, Қазақстанның халық әртісі (1973). Ол 1923 жылы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Әкесі Нығметжан қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының досы болған. Әнуарбек Байжанбаев жастайынан қызмет етіп, баспаларда газет таратқан. 1942 жылы Алматыдағы Журналистика институтын тәмамдамастан, майданға аттанады. 1943 жылы соғыста жараланып, Алматыға қайта оралады. Алғаш эфирге шағын хабарландыру оқып шыққаннан (24.6. 1943) бастап өмірінің соңына дейін Қазақ радиосында, теледидарында (1958—1962) диктор, аға диктор болып қызмет атқарған. Радиода қызмет атқарып жүріп, ҚазМУ-дың Журналистика факультетін тәмамдайды. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Ол тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған (1991).

Қазақ радиосының «Алтын қорында» оның 400-ден астам жазбасы бар. Оның ішінде Жеңісті хабрлау туралы мәлімет – баға жетпес асыл мұра. Әнуарбек Байжанбаевтың әсерлі сөз саптауы бөріктілер дауысының эталонына айналды. Әйгілі Левитанға еліктемесе де, шебелікке деген құрмет пен сүйіспеншілік оы бәрібір «Қазақтың Левитаны» атандырды.

  • Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев (4 шілде 1926, Петропавл, Қазақ КСР) — әнші. КСРО Халық әртісі (1950), Қазақ КСР Халық әртісі (1956), профессор (1983), Қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері (1986), Қазақ радиосының ардегері, диктор.

1951 ж. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын (вокал бойынша) бітірген. Студент кезінде Абай атындағы Опера және балет театрының шығармашылық ұжымына қызмет істеген. Абай партиясын (А. Жұбанов пен Л. Хамиди, «Абай») орындаған. 1973 ж. Алматы консерваториясының жеке дауыста ән айту кафедрасының оқытушысы болған. Ол үшінші сыныптан бастап оқуын Алматыдағы № 54 мектепте жалғастырады. Жетінші сыныптан бастап П. И. Чайковский атындағы музыкалық училищеде оқуын жалғастырды. 1941—1943 ж. П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде скрипка класы бойынша оқыған. Вокалистер конкурсының (Будапешт, 1953) лауреаты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1977) және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1972) иегері. «Музыка» аталымы бойынша 2000 ж. «Тарлан» сыйлығын жеңіп алған. «Отан», Ленин (2 мәрте), Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдермен марапаталған.

  • Мұқағали Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, Қазақ радиосының ардагері, диктор. 1931 жылы 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. 1948 жылы Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы,1954 жылы Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі, 1957 жылы Республикалық радионың диктор қызметін атқарады; 1960-62 – «Советтік шекара» газетінің бөлім меңгерушісі болып, 1963-1965 жылдары «Мәдениет және тұрмыс» журналында жұмыс істейді; Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Мұқағалидің «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек» (1972 ж.), «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің» (1975 ж.), «Соғады жүрек», «Шолпан», «Жырлайды жүрек», «Өмір-өзен», «Өмір-дастан» және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, «Қош, махаббат!» (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Көптеген өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген.
  • Өмірбек Байділдаев (10.5.1932 жылы туған, Қордай ауданы, Күнбатыс ауылы – 6.12.1997, Алматы) – композитор, Қазақ радиосының ардагері. Қазақстан Журналистер Одағының (1965), Қазақстан Композиторлар Одағының (1971) мүшесі. Құрманғазы атындағы Консерваторияны халық аспаптары мамандығы бойынша бітірген (1952). 1957 – 65 жылдары радио және теледидар комитетінде жауапты редактор, бас редактор, 1965 – 67 жылдары Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасының Алматы студиясында аға музыкалық редактор, 1967 – 97 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар институтында музыка теориясы және тарихы кафедрасының меңгерушісі болды. Ол 70-ке жуық лирикалық әндер мен 80-ге жуық жас өспірімдерге арналған әндер, хорлар, көптеген симфоникалық шығармалар жазды. Сондай-ақ, қазақ халқының музыкалық мұрасын зерттеумен айналысты. Қазақ радиосы мен телеарнасына 100-ден астам «Алтын қорға» жазылған музыкалық хабар ұйымдастырды. Олардың ішінде «Әсемдік әлеміне саяхат», «Камертон», «Музыка әлемінде» деген хабарларды ерекше атап көрсетуге болады. Ө.Байділдаев жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру бағытында да көп еңбек сіңірді. Мектеп оқушыларына арнап тұңғыш рет музыкалық пәнінен оқулықтар жазды.
  • Жанель Асқарова (1932-2004) – Қазақ радиосының ардагері, диктор. 1932 жылы Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген.

Алматыдағы қаздар педагогикалық институтының филология факультетін 1955 жылы тәмамдаған. 1961 жылы Республикалық дикторлар конкурсына қатысып, жеңімпаз атанады. Осылайша, ол қасиетті қара шаңыраққа 1961 жылы келеді. Жоғарғы диктор дәрежесіне де қол жеткізеді. Сөз өнерінің небір саңылақтары қызмет етіп, небір таланттарды тәрбиелеп шығарған Қазақ радиосы Жанель Асқарованың шығармашылығына да үлкен жол ашқан. Қазақ радиосында көптеген хабарларды жүргізген. Бірнеше мәрте Кеңес Одағы көлеміндегі байқаудың үздігі атанған. «Ең жоғары дәрежелі диктор» деген атаққа да ие болды.


Сауық Мәсіғұтқызы Жақанова 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының Еркіндік ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1966), филолог, доцент. «Сөйлеу техникасы» (2002), «Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті» (2004) кітаптарының авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1966-2002 жылдары - Қазақ радиосының дикторы. 1998 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахналық сөйлеу пәнінің дәріскері. 2000 жылдан бері - әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде дәріскер, доцент. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1985). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1995).


Тоқсын Құлыбеков 1951 жылы Қоянкөз ауылда туған. 1970 жылы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның актерлік бөліміне түсіп, 2 жылдан соң қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарады. Ол қазақтың Левитаны атанған Қазақстанның халық әртісі Әнуарбек Байжанбаевтың алдынан дәріс алып, дикторлық мамандықтың қыр-сырына қанықты. Тоқсынның орындауындағы 40-қа жуық хабар мен радиоқойылымдар бүгінде «Алтын қорда» сақтаулы. Өнердегі тұсауын «Қазақстан» телерадиокорпорациясынан бастаған талант 1985 жылдан «Тамашаның» көркін қыздырып, төрін жайлайды.<ref>http://kazradio.kz/kz/category/veterany</ref>




Ұжым

Аймақтық жиілік

Қазақ радиосының хабарлары ҒМ толқындарында (Қазақстан Республикасы) <ref>http://kazradio.kz/kz/category/veshanie</ref>

№ рет Облыстық орталық атауы Жиілік, МГц
1 Астана 106,8
2 Алматы 101,0
3 Ақтау 101,1
4 Ақтау 1341 кГц
5 Ақтөбе 102,2
6 Атырау 101,0
7 Көкшетау 101,0
8 Қарағанды 103,4
9 Қостанай 105,0
10 Қызылорда 102,0
11 Орал 101,2
12 Өскемен 104,0
13 Павлодар 101,0
14 Петропавл 106,8
15 Семей 100,1
16 Тараз 100,8
17 Түркістан 101,0
18 Үлкен Шаған (Талдықорған қ.) 101,0
19 Шымкент 100,0

Қазақ радиосының бағдарламалары

Таңғы ойын-сауықтық бағдарламалар

Ақпарат-сараптамалық бағдарламалар

Әлеуметтік бағдарламалар

Әдеби-сазды

Алматы студиясының хабарлары

Қазақ радиосының хоры

Қазақ радиосының хоры – музыкалық ұжым. 1932 жылы қазақ радиосының (кейіннен Қазақстан Республикасы Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік к-ті) жанынан Б.Г. Ерзаковичтің басшылығымен әйелдер хоры болып ұйымдастырылған. 1934 жылдан аралас дауысты хор (әйелдер және ерлер даусы) ретінде қайта құрылып, оған Л.Хамиди жетекшілік етті. Композиторлар: Ерзакович, Хамиди, Д.Д. Мацуцин хорға лайықтап өңдеген қазақтың халық әндерін (“Харарау”, “Қарақол”, “Үридай”, “Ақ саусақ”, “Қара торғай”, т.б.) мен Абай әндерін (“Айттым сәлем қалам қас”, “Көзімнің қарасы”, т.б.) орындады. Ерзаковичтің “Айна қыз”, А.Қ.Жұбановтың “Москва”, Хамидидің “Отан”, “Қазақстан”, “Бесжылдықтың ерлері”, М.Ержановтың “Жасасын”, т.б. әндері осы хорға арналып жазылған. Қазақ радиосының хоры 1954 жылға дейін жұмыс істеді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Телерадио Үлгі:Қазақстан Телерадиокорпорациясы