Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы — 2014 жылдың 7 сәуірінен бастап ҚР Үкіметі басшысы, Қазақстан Республикасысының Премьер-Министрі (2007 - 2012), мемлекет қайраткері. Мамандығы бойынша қаржыгер, заңгер, қытайтанушы, экономика ғылымдарының докторы.
Мазмұны
Өмірбаяны
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов - 1965 жылы маусымның 15 күні Қазақстанның Целиноград қаласында дүниеге келген. Әкесі - Қажымқан Қасымұлы Мәсімов <ref>Масимов Карим Кажимканович (персональная справка)</ref>. Анасы - Элеонора (Ажибекова) Кәрімқызы Масимова <ref>Мама премьера Казахстана К.Масимова до сих пор работает экскурсоводом в Железнодорожном музее</ref>.
Білімі
- 1982 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін үздік бітірді.
- 1985 жылы Мәскеу қаласындағы П.Лумумба атындағы Халықтар Достығы университетінде араб филологиясы бойынша білім алды.
- 1988 жылы Пекиндегі Тіл білімі институтында оқыған. 1991 жылы Қытайдағы Ухань заң университетін, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген.
- 1999 жылы Колумбия университетінде (Нью-Йорк) топ-менеджерлер даярлау бағдарламасынан өткен.
- Орыс, қазақ, Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген.
Қызмет жолы
- 1991 жылы - Қытай Халық Республикасындағы КСРО Сауда өкілдігінің құқықтық мәселелер бойынша кеңесші.
- 1991 жылы ҚР Еңбек министрлігінде сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің бастығы, Бас экономист.
- 1992 жылы «Қазақпригранторг» фирмасының басшысы, Үрімші (Қытай) қаласындағы «Қазақинторг» өкілдігінде жетекші маман, директор орынбасары.
- 1993 жылы «Акцепт» ЖШС басшысының ішкі экономикалық мәселелер жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарады.
- 1994 жылы Гонконг қаласындағы Қазақ сауда үйінің басқарушы директоры.
- 1995 жылы «Алматы сауда-финанс банкі» ЖАҚ Басқармасының бастығы,
- 1996 жылдың қыркүйек айынан «ТұранӘлембанк» Басқармасы бастығының міндетін орындаушы,
- 1997 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстан Халық жинақ банкі» ААҚ Басқармасы бастығының 1-орынбасары, қыркүйек айынан бастап бастығы,
- 2000 жылдың тамыз айынан ҚР Транспорт және коммуникация министрі,
- 2001 жылдың қарашасынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары,
- 2002 жылдың шілдесінен ҚР Президентінің көмекшісі,
- 2006 – 07 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.
- 2007 ж. қантардың 10-ында Қазақстан Республикасының Президенті жарлығыменен Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалады.<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>
- 2011 жылдың 2 қарашасында Кәрім Мәсімов "Қазақша Уикипедиа" жобасын өз қамқорлығына алатынын хабарлады.<ref>Wikibilim project obtained PM’s support</ref>
- 2012 жылдың 24 қыркүйек күні Кәрім Мәсімов Үкімет басшысы ретінде жұмыстан кететіндігі туралы арызын берді. Президент Н.Назарбаев өтінішті қабылдады <ref>Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтің орнынан түсуі туралы Жарлығы 24.09.2012</ref>. Сол күні М.Мәсімов Президент Әкімшілігінің Басшысы ретінде тағайындалды.<ref>Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлығы, 24.09.2012</ref>
- 2014 жылдың 7 сәуірінен Қазақстан Республикасының Президенті жарлығыменен Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалады.
Марапаттары
- 2010 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденімен
- 2004 жылы «Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>«Ақмола облысы» энциклопедиясы</ref>
- 2011 жылы - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі.
Отбасы
Жұбайы - Мәсімова (Машұрова) Дилярам Азатқызы. 3 баланың әкесі <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>
Сыртқы сілтемелер
Үлгі:Кәрім Мәсімовтың министрлер кабинеті (2014) Үлгі:Navbox