Мереке Әбдешұлы Құлкенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы

Мереке Әбдешұлы Құлкенов (1951 жылы Атырау (Гурьев) облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында туған) — қаламгер - журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты. Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

Биография

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген (1978). Бірнеше кітаптың авторы. Солардың бірі — Рахымжан Отарбаевпен бірлесіп жазған "Бас" драмасы үшін Мәдениет министрлігі жариялаған "Бәйтерек" республикалық байкауында екінші жүлдеге ие болды (2004 ж.).

1970 жылы әскери борышын өтеп келгеннен кейін 1971 — 1973 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің газет-журнал баспасы баспаханасында баспагердің көмекшісі болды. Университетті бітірген соң бұқаралық ақпарат құралдарында ("Қазақстан пионері" газеті, Қазақстан телеарнасы, "Пионер" журналы, Қазақ әдебиеті (газет)) тілші,

1993-1997 жылдар аралығында "Жалын" республикалық қоғамдық-әдеби журналының бас редакторы,

1997 жылдан бері "Ана тілі" республикалық газетінің, 2000 жылдан осы уақытқа дейін "Таң-Шолпан" әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы,

1991 жылдан қазіргі күнге дейін "Өлке" баспасының бас директоры болып еңбек етіп келеді.

М.Ә.Құлкенов "Өлке" баспасы өнімдерінің полиграфиялық жоғары сапалы, әрі көркем болып шығуына ерекше көңіл бөледі. Оқырмандардың дүние танымына, талғамына сәйкес мазмұнды кітаптар ұсынуды басты мақсат етеді. Кітап басып шығару және полиграфия әлеміндегі жаңа технологиялармен баспахананы жарақтандыруды, әлемдік озық әдістер мен тәжірибелерді өндіріске енгізуді қаржымен қамтамасыз етуді бірінші кезекке ұстап келеді.

Марапаттары

Соның нотижесінде "Өлке" баспасы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі тарапынан Дипломмен марапатталса, "Қүлтегін — Тоныкөк" кітабы 2001 жылы "жылдың ең үздік кітабы" атағын жеңіп алды. 2003 жылы "Махамбет елі" кітап-альбомы "Ұлы жібек жолы бойымен" ІІ-халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесінде арнайы дипломға ие болды.

"Құрмет" орденімен, ұлттық журналистік сыйлық "Алтын жұлдыз" т.б. бірнеше медальдармен марапатталды. Өзі басшылық етіп отырған "Ана тілі" газеті "республикалық үздік газет" атағына ие болды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}