Жайсаңбек Молдағалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жайсаңбек Молдағалиев (14 сәуір 1935, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Жаңасу а. – 22 маусым 1986, Алматы) – жазушы.


  • ҚазМУ-ды бітірген (1959).
  • 1959 – 85 ж. “Қазақ әдебиеті” газетінде әдеби қызметкер
  • “Жұлдыз” журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі
  • “Жазушы” баспасында аға редактор
  • Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор
  • Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметтерін атқарған.

Шығармалары

  • “Жүрек қазынасы” атты алғашқы повесі 1962 ж. жарық көрді.

Ел-жер тарихын, замандастарының шынайы өмірін баяндаған

  • “Жаз ерке” (1965)
  • “Айналайын атыңнан” (1972)
  • “Самал” (1972)
  • “Ел суреттері” (1976), т.б. повесть, әңгімелер жинағы шықты.
  • “Екі дос” (1979)
  • “Торғай толғауы” (3 кітап) атты шығармаларында 2-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы халықтың өмірі, қайсарлығы суреттелген.
  • “Алғашқы қоңырау” (1978)
  • “Таза бұлақ” (1984) романдары Ы.Алтынсариннің өміріне арналған.

Л.Толстойдың, И.Буниннің әңгімелерін қазақ тіліне тәржімалаған. М. шығармалары бірнеше тілдерге аударылды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}