Қазақстан Конституциялық Соты

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік орган Үлгі:Қазақстан саясаты Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты — Қазақстанның сот жүйесіне кірмейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.<ref>Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы</ref>

Тарихы

Қазақстанда конституциялық бақылау институтын құру 1989 жылы Қазақ КСР Конституциясына Конституциялық қадағалау комитетінің құрылуын көздейтін толықтыру енгізумен байланысты, алайда ақыр аяғында бұл комитет құрылмады.<ref>Қазақстан Республикасында конституциялық бақылаудың қалыптасу тарихы мен дамуы</ref>

Кейінірек «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында Конституцияны сот арқылы қорғайтын жоғары орган Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты болып табылады деп белгіленді. Қазақстанда Конституциялық сот 1992 жылы 6 маусымда қабылданған "Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы" заңы негізінде құрылды. Бұл органды Республика Жоғарғы Кеңесі 1992 жылғы 2 шілдеде сайлап, ол 1995 жылғы қазанға дейін конституциялық бақылауды жүзеге асырды. Оған 11 адам: төраға мен он судья кірді. Конституциялық соттың алғашқы және жалғыз төрағасы Мұрат Баймаханов болды.

1995 жылы наурызда Конституциялық сот сол кездері парламент рөлін атқарған Жоғарғы кеңес сайлауын заңсыз деп танып, Жоғарғы кеңес таратылды. Сол жылы тамыз айында жаңа Конституция қабылданып, Конституциялық кеңес құрылды. Соған сәйкес Конституциялық сот жұмысы тоқтады.<ref>"Демократиялық институт": Конституциялық сотты не үшін қайтару қажет?</ref> 1995 жылғы Конституцияның негізінде Конституциялық Кеңес 1996 жылғы ақпанда құрылды.

2022 жылы 5 маусымда жалпыұлттық референдум өтіп, Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізілді. Конституциялық соттың құрылуы да сол кездегі түзетулердің бір бөлігі болды. Соған орай 2023 жылы 1 қаңтарда Конституциялық сот жұмысын бастады.<ref>Конституциялық сот жұмысын бастады</ref>

Мәртебесі

Конституциялық Сот өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және азаматтардан, ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз, Қазақстан Республикасының Конституциясын және осы Конституциялық заңды басшылыққа алады, соттардың немесе басқа да мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін барлық жағдайларда өзге мәселелерді анықтаудан, зерттеуден және тексеруден қалыс қалады.

Соттың құрамы және оны құру тәртібі

  • Конституциялық Сот Төрағаны және оның орынбасарын қоса алғанда, он бір судьядан тұрады.
  • Конституциялық Соттың Төрағасын лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімімен тағайындайды.
  • Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьяларының арасынан тағайындайды.
  • Конституциялық Соттың төрт судьясын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды, Конституциялық Соттың үш-үш судьясын Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі тағайындайды.

Өкілеттік мерзімі

  • Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларының өкілеттігі 8 жылға созылады. Бір адам Конституциялық Соттың судьясы болып бір реттен артық тағайындала алмайды.
  • Өз өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда Конституциялық Соттың Төрағасы мен судьялары Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен ауыстырылады.

Соттың құзыреті

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық Сот дау туған жағдайда:
  1. Қазақстан Республикасы Президентiнің сайлауын;
  2. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сайлауын;
  3. республикалық референдумды өткізудің дұрыстығы туралы мәселенi шешедi.
  • Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2), 2-1) және 3) тармақшаларына сәйкес Конституциялық Сот:
  1. Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғанға дейін Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған заңдардың;
  2. Қазақстан Республикасының Парламенті және оның Палаталары қабылдаған қаулылардың;
  3. ратификацияланғанға дейін Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды.
  • Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес Конституциялық Сот:
  1. Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына ресми түсiндiрме;
  2. тиiсiнше, Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының Президентiн лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы шешiм, Қазақстан Республикасының Президентiн лауазымынан кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн – белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталуы туралы қорытынды бередi.
  • Конституциялық Сот:
  1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 6) тармақшасына сәйкес конституциялық iс жүргiзу практикасын жинақтап қорыту нәтижелерi бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдау жiбередi;
  2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Қазақстан Республикасы Президентінің жолданымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабында көзделген жағдайларда соттардың жолданымдарын қарайды;
  3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 3-тармағына сәйкес азаматтардың жолданымдары бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды;
  4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жолданымдарын қарайды.
  5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жолданымдарын қарайды.
  • Конституциялық Сот тек қана құқық мәселелерін шешеді және жүгінуге себеп болған нақты мән-жайларға баға бермейді.

Төрағалар тізімі

Суреті Аты-жөні
Үлгі:Small
Басқарған уақыты

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты (1992–1995)

1 99px Мұрат Баймақанов
Үлгі:Small
2 шілде 1992 19 қазан 1995<ref>Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының төрағасы М.Т.Баймахановтың қызметiнен босатылуы туралы</ref>

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі (1995–2022)

1 99px Юрий Ким
Үлгі:Small
24 қаңтар 1996 15 қараша 2000<ref>Конституциялық Кеңестің экс-мүшелері</ref>
2 99px Юрий Хитрин
Үлгі:Small
21 желтоқсан 2000 15 маусым 2004
3 99px Игорь Рогов
Үлгі:Small
15 маусым 2004 11 желтоқсан 2017
4 99px Қайрат Мәми
Үлгі:Small
11 желтоқсан 2017 31 желтоқсан 2022

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты (2022–)

1 99px Эльвира Азимова
Үлгі:Small
1 қаңтар 2023

Судьяларының тізімі

Реті Аты-жөні Тағайындалған уақыты Тағайындаған билік органы Лауазымы
1 Эльвира Азимова 1 қаңтар 2023 Президент Конституциялық сот төрағасы
2 Бақыт Нұрмұханов 1 қаңтар 2023 Президент Конституциялық сот судьясы
10 қаңтар 2023 Конституциялық сот төрағасының орынбасары
3 Асан Ескендіров 1 қаңтар 2023 Сенат Конституциялық сот судьясы
4 Қайрат Жақыпбаев 1 қаңтар 2023 Президент Конституциялық сот судьясы
5 Айжан Жатқанбаева 1 қаңтар 2023 Президент Конституциялық сот судьясы
6 Айгүл Қыдырбаева 1 қаңтар 2023 Сенат Конституциялық сот судьясы
7 Қанат Мусин 1 қаңтар 2023 Мәжіліс Конституциялық сот судьясы
8 Еркін Оңғарбаев 1 қаңтар 2023 Мәжіліс Конституциялық сот судьясы
9 Роман Подопригора 1 қаңтар 2023 Президент Конституциялық сот судьясы
10 Сергей Ударцев 1 қаңтар 2023 Мәжіліс Конституциялық сот судьясы (1992 — 1995, 2023 — )

Бұрынғы судьяларының тізімі

Аты-жөні Судья/мүше болған уақыты Лауазымы
Мұрат Баймақанов 1992 — 1995 Конституциялық сот төрағасы<ref>В тени конституционного правосудия</ref>
Игорь Рогов 1992 — 1995 Конституциялық сот төрағасының орынбасары
2004 — 2017 Конституциялық кеңес төрағасы
Аманжол Нұрмағамбетов 1992 — 1995 Конституциялық соттың судья-хатшысы
2005 — 2017 Конституциялық кеңес мүшесі
Георгий Ким 1992 — 1995 Конституциялық сот судьясы
Сабыр Қасымов 1992 — 1995 Конституциялық сот судьясы
Людмила Башаримова 1992 — 1995 Конституциялық сот судьясы
Кеңес Жалмұханбетов 1992 — 1995 Конституциялық сот судьясы<ref>Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары туралы</ref>
Жолымбет Бәйiшев 1992 — 1995 Конституциялық сот судьясы
Виктор Малиновский 1992 — 1995 Конституциялық сот судьясы
2007 — 2022 Конституциялық кеңес мүшесі
Ордағали Ықсанов 1992 — 1995 Конституциялық сот судьясы
1996 — 1999 Конституциялық кеңес мүшесі
Юрий Ким 1996 — 2000 Конституциялық кеңес төрағасы
Салахиден Сәбикенов 1996 — 1998 Конституциялық кеңес мүшесі
Владимир Мамонов 1996 — 1999 Конституциялық кеңес мүшесі
Серік Темірболатов 1996 — 1999 Конституциялық кеңес мүшесі
Николай Акуев 1996 — 2002 Конституциялық кеңес мүшесі
Виталий Шопин 1996 — 2002 Конституциялық кеңес мүшесі
Жұмабек Бұсырманов 1998 — 2002 Конституциялық кеңес мүшесі
Анатолий Котов 1999 — 2005 Конституциялық кеңес мүшесі
Амангелді Есенжанов 1999 — 2005 Конституциялық кеңес мүшесі
Құрманбек Омарханов 1999 — 2005 Конституциялық кеңес мүшесі
Юрий Хитрин 2000 — 2004 Конституциялық кеңес төрағасы
Светлана Бычкова 2002 — 2007 Конституциялық кеңес мүшесі
Қабылсаят Әбішев 2002 — 2008 Конституциялық кеңес мүшесі
Қуаныш Балтабаев 2002 — 2008 Конституциялық кеңес мүшесі
Николай Белоруков 2005 — 2017 Конституциялық кеңес мүшесі
Үбайдолла Стамқұлов 2005 — 2017 Конституциялық кеңес мүшесі
Анар Жайылғанова 2008 — 2016 Конституциялық кеңес мүшесі
Ілияс Бақтыбаев 2008 — 2016 Конституциялық кеңес мүшесі
Асхат Дауылбаев 2016 — 2022 Конституциялық кеңес мүшесі
Үнзила Шапақ 2016 — 2022 Конституциялық кеңес мүшесі
Қайрат Мәми 2017 — 2022 Конституциялық кеңес төрағасы
Иоган Меркель 2017 — 2022 Конституциялық кеңес мүшесі
Рахмет Мұқашев 2017 — 2022 Конституциялық кеңес мүшесі
Әлібек Темірбеков 2017 — 2022 Конституциялық кеңес мүшесі
Нұрсұлтан Назарбаев 2019 — 2022 Конституциялық кеңестің өмір бойғы мүшесі
Ерлан Сәрсембаев 2023 — 2025 Конституциялық сот судьясы

Дереккөздер

<references/>