Серік Ғабдоллаұлы Темірболатов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Серік Ғабдоллаұлы Темірболатов.JPG
Серік Ғабдоллаұлы Темірболатов

Серік Ғабдоллаұлы Темірболатов - 1954 жылы 13 қаңтарда Қарағанды қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Темірболатов Габдолла, зейнеткер, ҚазКСР ІІМ органдарында жұмыс істеген. Анасы - Аюпова Шөкім, зейнеткер, тігін фабрикасында шебер-тігінші болып жұмыс істеген.

Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1979), заңгер.

Қуқықтықжәне қоғамдық-саяси тақырыптардағы 30-ға жуық мақаланың авторы.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

КОКП (1991 жылға дейін), «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1972-1973 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1974 жылдан - Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті. 1979 жылдан - Алматы көлік прокуратурасында сынақ мерзімінен өтуші, көлік прокурорының көмекшісі. 1982 жылдан - Талдықорған көлік прокуратурасының тергеушісі (Үштөбе қаласы). 1983 жылдан - Алматы көлік прокуратурасының (облыстық прокуратура құқықтарында) тергеу бөлімінің прокуроры. 1984 жылдан - ҚазКСР Прокуратурасының көліктегі тергеу мен анықтауды қадағалау бөлімінің прокуроры, ҚазКСР прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшісі, ҚазКСР Прокуратурасында бөлім бастығы. 1990 жылдан - ҚР Президенті Аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінде кеңес беруші, мемлекеттік құқықтық бөлімінің құқықтық сараптама және ақпарат секторының меңгерушісі. 1991 жылдан - ҚР әділет министрінің орынбасары. 1994 жылдан - ҚР вице-президенті Хатшылығының меңгерушісі. 1995 жылдан - ҚР Құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы. 1996 жылдан - ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі . 1999 жылдың мамыр-желтоқсан айларында - ҚР Президентінің Жарлығы бойынша ҚР Парламент Сенатының депутаты. 2000 жылдың наурыз айынан - ҚР Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. 2000 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімгерлігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 2002 жылдан - ҚР Бас прокуроры Аппаратының жетекшісі. 2006 жылдан - Орталық аймақтық көлік прокуроры (облыстық прокурор құқықтарында, Астана қаласы).

2007 жылдың шілде айынан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

«Құрмет» орденімен (2005); «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан темір жолына 100 жыл» (2004), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. ҚР Прокуратурасының Құрметті қызметкері (2004).

Аға әділет кеңесшісі.

Діни көзқарасы - экстремистік бағыттағылардан езге барлық дінге төзімділікпен қарау.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Ганди.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикасы дамыған мемлекет».

Хоббиі - жүзу, оқу.

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар, психологиялық детективтер.

Үйленген. Жұбайы - Жантикина Әлия, филология ғылымдарының докторы, аудармашы. Қызы-Айнұр (1988 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}