Қанат Сергейұлы Мусин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Қанат Сергейұлы Мусин (27 ақпан 1966 жыл, Целиноград) — қазақстандық саясаткер, заңгер, 2023 жылдан бергі Конституциялық Сот судьясы. 2022 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында Әділет министрі қызметінде болды.

Өмірбаяны

1966 жылы 27 ақпанда Целиноградта дүниеге келді.

Бөкетов атындағы Қарағанды университетін “Заңгер” мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1984 жылы Целиноград қаласы, Ленин ауданындық халық сотының сот приставы және хатшысы, кейін мұрағатшысы болып бастады.

1986 жылы Целиноградоблгазтоп өндірістік бірлестігінің аға заң кеңесшісі болды.

1989 жылдан бастап түрлі өңірдің прокуратурасында қызмет етті:

1989—1998 жылдары — Ақмола облысы прокурорының орынбасары;

1998—2001 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, кейін Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.

2001—2007 жылдары Батыс Қазақстан облысы және Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары;

2007—2010 жылдары Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас сарапшысы, бас инспекторы, басшысының орынбасары;

2010—2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары;

2012—2016 жылдары Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы болып қызмет етті.

2016 жылғы ақпанда Орталық сайлау комиссиясының № 9/94 жарлығымен Нұр Отан партиясының атынан депутаттықа тіркеліп, Мәжілістің 6-сайланым депутаты және Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болып сайланды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2020 жылғы қазанда Нұр Отан партиясы Саяси кеңес бюросының шешімімен партияның Құқықтық кеңесінің төрағасы болып сайланды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы № 43/367 жарлығымен Нұр Отан партиясының атынан депутаттықа тіркеліп, кейін № 62/396 жарлығымен Мәжілістің 7-сайланым депутаты болып сайланды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Келесі күні Мәжілістің 7-сайланымының бірінші отырысында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болып сайланды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Депутаттығынан да, кеңес және комитеттегі төрағалықтарынан 2021 жылғы маусымда кетіп, Қазақстан Сенатының 10 маусымдағы № 96-VII жарлығымен Жоғарғы Соттың судьясы болып сайланды.

4 күннен кейін Қазақстан Президентінің  № 599 бұйрығымен Жоғарғы Соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Президентінің № 756 бұйрығымен Әділет министрі болып тағайындалуымен байланысты өткен лауазымдарынан босатылды. Сол жылғы желтоқсанда Мусиннің және тағы да басқа қызметкерлердің Конституциялық Сотта судьялық етуі туралы Парламент Мәжілісі төрағасына ұсынылғаны және олардың жаңа қызметке 2023 жылы кірісетіні мәлім болды. <ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2023 жылғы 1 қаңтарда Мусин Конституциялық Соттың судьясы қызметін бастады.

Жеке өмірі

Үйленген, үш баласы бар. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Әлихан Смайыловтың министрлер кабинеті