Игорь Иванович Рогов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Игорь Иванович Рогов (17 мамыр 1950 жыл, Баку) — белгілі қазақстандық заңгер, мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының докторы. 2021–2026 жылдары Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы. Конституциялық Кеңестің бұрынғы төрағасы (2004–2017).

Қысқаша өмірбаяны

1950 ж. мамырдың 17-інде Әзірбайжанның Баку қаласында туған. Ұлты — орыс.

Әкесі – Рогов Иван Григорьевич, қайтыс болған, әскери қызметкер, инженер-геолог болған. Анасы – Тагильцева Валентина Степановна, қайтыс болған, мұғалім болып жұмыс істеген.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1973), құқықтанушы.

Заң ғылымдарының докторы.

Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Экономикалық қылмыспен күрестің мәселелер (қылмыстық-құқықтық және криминологиялық зерттеу)» (1991). Профессор (1994). ҚР-ның Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (2001).

Қазақ және неміс (ауызекі тіл) тілдерін біледі.

1967–1968 жылдары – Алматы ағаш өңдеу комбинатының станокшысы.

1973 жылдан – Алматы қаласы Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі.

1975 жылдан – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің ассисенті, аға оқытушысы, деканының орынбасары, доценті.

1990 жылдан – ҚР Президенті Кеңсесі мен Министрлер Кабинеті мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты, аға референті, құқық қорғау органдары секторының меңгерушісі.

1992 жылдан – ҚР Конституциялық соты төрағасының орынбасары.

1995 жылдан – ҚР Президентінің көмекшісі.

1997 жылдан – ҚР Президентінің Кеңесшісі.

2000 жылдан – ҚР Әділет министрі.

2002 жылдан – ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары – ҚР Мемлекеттік-құқықтық Басқармасының бастығы.

2004 ж. маусымның 15-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. 2017 жылы 11 желтоқсанда лауазымынан босатылды.<ref>[1]</ref>

2017 жылы 14 желтоқсанда ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары болып тағайындалды.<ref>Игорь Рогов получил новую должность</ref>

ҚР Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссияның төрағасы (2021–2026).<ref>«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы</ref>

Қазақстан криминологиялық қауымдастығының президенті.

Үйленген. Әйелі – Рогова Валентина Георгиевна (1950 жылы туған), адвокат. Ұлы – Денис (1974 жылы туған), заңгер. Қызы – Светлана (1982 жылы туған), заңгер.

Ғылыми жұмыстары

«Шаруаға қырсыздық пен ысырапқорлыққа қарсы» (1987), «АӨК: тәртіп пен заңдылық» (тең авторы, 1989), «Экономика және қылмыстылық» (1991) кітаптарының, сондай-ақ конституциялық, қылмыстық құқықтың, процестің, криминологияның мәселелер арналған 90-нан астам ғылыми еңбектердің авторы. «Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күрестің мәселелер» (1996), «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы» (1998), «Сыбайлас жемқорлықтың қарсы әрекетінің негіздері» (2004), «Қылмыс жасалуының себептері» (2004), «Қазақстанның Қылмыстық құқығы» – негізгі бөлімі (2003), «Қазақстанның Қылмыстық құқығы» – жалпы бөлімі (2005), «Қазақстандағы Конституциялық бақылау» (2005) және басқа кітаптардың тең авторы.

Марапаттары

  • Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
  • «Парасат» орденінің иегері,
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл»,
  • «Тыңға 50 жыл»,
  • «Астана» медальдарымен марапатталған.

Сыртқы сілтемелер