Светлана Федоровна Бычкова
Светлана Федоровна Бычкова (7 шілде 1957 жылы, Алматы қаласында туған) – заң ғылымының докторы (1996 жылы). Қазақ Мемлекеттік Университетін (1978 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті), Бүкілодақтық соттық сараптау ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1986 жылы) бітірген. 1978–83 жылдары Бүкілодақтық соттық сараптау ғылыми-зерттеу институтының кіші (1978–83 жылдары), аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
1978-1997 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің сот сараптамасы ҒЗИ инженер, сарапшы, кіші ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары, директордың міндетін атқарушы.
1997-2002 жж. - сот сараптамасы ҒЗИ базасында құрылған Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығының директоры.
2002 – 2007 жж. - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.
2007 – 2011 жж. – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2012 жылғы қаңтардан бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
57-ден астам ғылыми еңбектің, 2 монографияның авторы.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>
«Ерен еңбегі үшін» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған. ҚР Президентінің алғысымен, төс белгі берілуімен ескерілген (2007).
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында керсетілген мақсаттар, міндеттер мен қағидалар толықтай жүзеге асырылған, гүлденген мемлекеті».
Хоббиі - ғылыми іс-әрекет.
Сүйіп оқитын әдебиеті - «Әр түрлі, әдебиетті таңдауда басты талап оның жанры емес, сапасы болып табылады».<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Шығармалары
1. "Система подготовки экспертных кадров", Алматы, 1992;
2. “Становление и развитие науки о судебной экспертизе“, Алматы, 1994;
Сілтемелер
1. «Бычкова Светлана Федоровна» 2. «БЫЧКОВА Светлана Федоровна»
Дереккөздер</span>
<references/>