Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиев (15 маусым 1927, Жаңақала ауданы, бұр. Карл Маркс атынд. ұжымшар - 3 мамыр 2015, Алматы) — дирижёр, домбырашы, Қазақстанның (1967) және КСРО-ның халық әртісі, профессор (1980).

Төлеңгіт руынан шыққан.<ref>https://alashainasy.kz/shezhire/shejre-tolengt-62103/</ref> 1950 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының халық аспаптар факультетін (А.Қ. Жұбанов пен Л.М.Шаргородский сыныптары бойынша, сонымен қатар скрипкадан профессор И.А. Лесманнан, домбырадан Қазақстанның Халық әртісі Қали Жантілеуовтен сабақ алды), ал 1964 жылы Ленинград консерваториясының (қазіргі Н. Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург консерваториясы) опера және симфония дирижёрі факультетін (профессор Эдуард Грикуровтың сыныбы бойынша) бітірді. Алғаш халық аспаптар оркестрінің домбырашысы, жетекші домбырашысы, кейін дирижёрі қызметін атқарды. 195060,1964-68 және 1971-89 ж. Қазақтың халық аспаптар оркестрінің, 1968-71 ж. Қазақ симфониялық оркестрінің көркемдік жағын басқарушы әрі бас дирижері. Шамғон Қажығалиев оркестр музыканттарының ансамбльдік орындаушылық мәдениетін көтеріп, кәсіби шеберлігін шыңдай түсті. Оркестр құрамындағы халық музыкасы аспаптарын жаңалап, олардың дыбыс бояуын байытып, жетілдіруге ықпал етті. Сондай-ақ оркестр репертуарын әлемдік классика шығармаларымен толықтырып, эстетикалық тәрбие беруге зор үлес қосты.Ш. Қажығалиев халық аспаптар оркестрін бастап көптеген шетелдерде өнер көрсетті. 70-80 жылдары Алматы консерваториясында педагогикалық қызметпен шүғылданады.

Шәкірттері: дирижёрлер Алдаберген Мырзабеков, Малғаждар Әубәкіров, Бегендік Жалғасбек, Орақ Жауыров, Орын Құлсариев; домбырашы, композитор Дүнгенбай Ботбаев, музыка зерттеушісі Өмірбек Байділдаев, т.б.

Ш.Қажығалиев 1953 ж. Бухарестте өткен Жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінің лауреаты. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982, 1980-82 жылдардағы концерттік бағдарламасы үшін). Еңбек Қызыл ту, Халықтар достығы және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Отбасы:

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер