Леонид Матвеевич Шаргородский

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Леонид Матвеевич Шаргородский(19011978) – украиндық дирижëр, доцент, композитор, педагог, Қазақ КСР-інің еңбегі сіңген өнер қайраткері (1944).

Өмірбаяны

Леонид Шаргородский 1901 жылы Украинаның Киев қаласында дүниеге келген. Киев консерваториясын бітірген. Қазақстанда жұмыс істеп, Алматыдағы қазақ ұлттық консерваториясының студенттік симфониялық оркестрдің алғашқы жетекшілерінің бірі болған. Композитор С. Шабельскиймен бірлесіп «Симфониетта» шығармасын жазуға көмектескен. Шығармада қазақ фольклорлы музыкасын қолданған. Леонид Шаргородский 1944-1957 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясында ұстаздық етті. Ұстаздық қызметте жүріп қазақ оркестрінде Ғабдұлман Матов, Мәлік Жаппасбаевқа, кейін Нұрғиса Тілендиев, Фуат Мансұров, Шамғон Қажығалиев, Алдаберген Мырзабеков, Мәлгеждар Әубәкіров сияқты жастарды тәрбиеледі. <ref>Үлгі:Cite web</ref> <ref>Үлгі:Cite web</ref>

  • Қазақтың мемлекеттік академия опера және балет театрының оркестріне дирижерлік етті (Қазіргі Абай атындағы академиялық опера және балет театры) Шаргородский халық аспаптар оркестріне арнап Алатау, Тойбастар симфониялық поэмаларын шығарды.

1942 жылы қазақтың халық аспаптары оркестрінің бас дирижері ретіңде Абай әндерінің, сондай-ақ, А.Қ. Жұбановтың «Абай» сюитасының (1942) орындалуына біршама еңбек сіңірді. Шаргородский 1944 жылы Қазақтың опера және балет театрында А. Қ. Жұбанов пен Л.А. Хамидидің «Абай» операсына алғаш дирижëрлік етті.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Bio-stub Үлгі:Суретсіз мақала