Тілес Шамғонұлы Қажығалиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Тілес Шамғонұлы Қажығалиев (25 сәуір 1949 Алматы - 26 шілде 1996, сонда) — композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1987).

Өмірбаяны

Төлеңгіт руынан шыққан. Атақты дирижëр Шамғон Қажығалиевтің ұлы.<ref>Шежіре: ТӨЛЕҢГІТ. Шежіре. Alashainasy.kz</ref>

Мәскеу консерваториясын (1974), Алматы консерваториясының (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) аспиратурасын бітірген (1981).

1974 - 79 жылдары Қазақстан Композиторлар Одағында шығарм. секцияның меңгерушісі, 1982 жылдан өмірінің соңына дейін тәрағаның орынбасары міндетін атқарды.

Еңбектері

Қажығалиев альт пен оркестрге арналған концерт (1970), "Отан туралы" оратория (1973), фортепиано, ұрмалы және ішекті аспаптарға арналған концерт-симфония (1974), фортепиано мен оркестрге арналған екі концерт (1976, 1982), әндер, романстар, спектакльдер, көркем және деректі фильмдерге арналған музыка шығармалар жазды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Танымал шығармалардың бірі симфониялық оркестр құрамына жазылған «Дала аңызы» балетінен «Қыз қуу» сюитасы болып саналады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала