Дүнгенбай Ботбаев
Үлгі:Музыкант Дүнгенбай Ботбаев (10 қаңтар 1927 ж.т., Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке а. - 4 маусым 2016 ж.қ.б., Алматы) — композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998).
Өмірбаяны
Құрманғазы атныдағы Алматы консерваториясының халық аспаптар факультетін (1953 жылы профессор Ш.Қажығалиевтің домбыра сыныбы бойынша), композиция факультетін (професор Е.Г. Брусиловскийдің сыныбы бойынша) бітірген (1966).
Қазақ радиосының халық аспаптар оркестрі құрамында домбырашы (1947-1951)
1951-1967 жылдары Алматы музыка училищесін педогогика қызметтен айналысты.
Шығармашылығы
Д.Ботбаев фортепианоға балаларға арналған 5 және 6 пьесасын (1960 - 1961), эстрада оркестріне арналған сюита (1961) мен увертюра (1962), халық әні тақырыбына жазылған "Толқыма" атты вариация (1963), соната (1964), хорға арналған "Сәлем саған" (сөзі Қыдырысовтікі), "Қайран жастық" (сөзі К.Әзірбаевтікі; екеуі де 1972), романстар, әндер, т.б. жазылды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Ол Абайдың «Ғалымнан надан артпас ұққанменен...», «ойға түстім толғандым...», «Қуанбаңдар жастыққа...» деген өлеңдеріне ән-романстар жазды. Ақынның «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» деген әнін жеке әнші мен фортепианоға арнап өңдеді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>