Орын Құлсариев
Үлгі:Тұлға Орын Құлсариев (1 қаңтар, 1932 жылы Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылында - 2019 26 желтоқсан) – кеңестік және қазақстандық мәдениет қызметкері. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1967). Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері (2000). Маңғыстау облысының Құрметті азаматы. Қазақ КСРнің Халық ағарту ісінің Үздігі.
Өмірбаяны
Орын Құлсариев 1932 жылы қазіргі Таушық ауылында дүниеге келген.
Ақтөбе қаласындағы мәдени-ағарту училищесін бітірген.
1975 жылы Алматы қаласында Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі жанынан ұйымдастырылған курстан (Ш.Қажығалиевтің жетекшілігімен) өткен.
Маңғыстау мен Қарақия аудандағы халық театрын, ұлт аспаптар оркестрі және «Маңғыстау маржандары» ансамблін ұйымдастыру жұмысына қатысты.
Құлсариев халық күйшілері Дина, Қазанғап, Есір, Өскенбай мен Мұраттың музыкалық шығармаларын нотаға түсіріп, насихаттаған.Жетібай кентіндегі балалар музыка мектебінің директоры болып жұмыс істеген.
Оның қызы Рахила Құлсариева (Ерғалиева) әкесінің жолын Атырауда Д.Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижëрі болып жұмыс істеп жалғастырып жүр.
Мемлекеттік марапаттары
- 1967 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мәдениет қызыметкері» құрметті атағы берілді.
- 1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Лениннің туғанына 100жыл» медалі
- 1991 жылы Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі (құрметті атағы);
- 2000 жылы «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» құрметті белгісі;
- 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі;
- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік марапаты «Құрмет ордені»мен елбасының жарлығымен марапатталды.
- 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі
- Қазақстанның мемлекеттік марапаты «Ерен Еңбегі үшін» медалі
- Маңғыстау облысының Құрметті азаматы
- 2015 жылы «Қазақ хандығына 550 жыл» алтын медалі
- 2015 жылы «Ұлы отан соғысына 70 жыл» медалі
- "Маңығстау облысына 40 жыл" мерекелік медалі
- Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне (1958) қатысқан. 10- Халықаралық фестивалінің дипломанты, Бүкілодақтық фестивальдардың лауреаты (1977 – 1979, 1983 – 85).