Көгедай Әбілпейізұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көгедай Әбілпейізұлы(туылғын жылы белгісіз. – 1823) - сұлтан, Орта жүз құрамында болған абақ керей руларының билеушісі. Ұлы жүз ханы Әбілпейіз өзінің алтыншы ұлы Көгедайды абақ керей руларының сұрауы бойынша оларды басқаруға жіберген. Көгедай 1790 ж. Ұлы жүз ханы Ханқожаның інісі бастаған елшілік құрамында Пекинге елшілікке барған. Цинь әулеті императоры Цяньлун оған “гун” (“князь”) деген лауазым шенін берген. Көгедай билеп тұрған тұста он екі абақ керей рулары арасындағы алауыздық бәсеңдеп, ел тіршілігі оңала түскен. Көгедай 1823 ж. сұлтан Тоқтакүшіктің ұлы Құрақтың соққысына жығылып, аурудан қайтыс болған.

Дереккөздер

<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көгедай Әбілпейізұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}