Сәмеке хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәмеке хан (туған жылы белгісіз — 1738 жыл) — Орта жүз ханы (шамамен 1719-1738). Тәуке ханның баласы. Ақтабан шұбырынды оқиғасынан кейінгі жылдары Орта жүзді биледі. Ордасы Түркістан қаласында болды.

Өмірбаяны

Сәмеке хан наймандар мен қыпшақтардың кейбір руларына және арғындардың бір бөлігіне иелік етті. Ол ішкі саясатта орта жүзді біріктіруге күш салды. Сыртқы саясатта жоңғарлар мен Орта Азия хандықтарының басқыншылық әрекеттеріне қарулық қарсылық көрсетумен белгілі болды. Сәмеке хан Әбілқайыр ханмен күш біріктіріп, қазақ жерін қалмақтардан босату мақсатында 1723 және 1726 жылдары Еділ бойындағы Кіші қалмақ ордасына 2 дүркін жорық жасады. Сыртқы және ішкі жаулармен күресте күшті көршісі Ресейге арқа сүйеуге тырысты. 1731 жылдың 15 желтоқсанында А.Тевкелевпен бірге Ресеймен арадағы қатынасқа байланысты келіссөз жүргізді. Сәмеке хан жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін оятқан, әскери біліктірілігімен танылған тұлға ретінде тарихта қалды<ref>Айбын энциклопедиясы, Алматы, 2011</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Kazakh Khans {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}