Қаратай Нұралыұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаратай Нұралыұлы (1772 8.7.1826, қаз. Сырым ауданы, ІІІідерті ө-нің бойы) - Әбілқайырдың немересі, Нұралы ханның баласы, Кіші жүздің Батыс бөлігінің (қаз. Батыс Қазақстан, Атырау облысытары) алғашқы сұлтан-окімі (1824-26), 12 ата Байұлы тайпа бірлестігінің билеушісі. Нұралы ханның 1771 ж. Еділ қалмақтарын талқандағанда қолға түскен күңі - Рыс деген тоқалынан туған. Жасынан Кіші жүздегі тарихи оқиғаларға белсене араласқан.

  • 1797 ж. тамызда Айшуақпен хандыққа таласқан. Бірақ патша үкіметі Қаратайдың беделінен қауіптеніп, нәтижесінде Айшуақ, кейін оның баласы Жантөре хан сайланды. Есім хан өлгеннен кейін Қаратай төңірегіне топтасқан бисұлтандар қолдауымен 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында хандық билікті қолға алуды, қазақтың Ресей ықпалынан шығуын көздеген қимылдар жүргізді. Есім ханды елтіргені үшін Сырым Датулымен оштесті, Кіші жүзде Бекейдің хан болуын жақтады. Оны Жетірудың беделді билері қолдады. Өзінің жігерлі қимылдарымен Айшу- ақтың жене оның теңірегіне топтасқан Әбілқайыр тұқымдарымен күрескен. Хиуа хандығымен іргелес аудандарда кешіпқонып жүрген. Орынбор губернаторы О.Игельстром Қаратайды тұтқындау үшін бірнеше жазалау экспедицияларын ұйымдастырды. Тиіп-қашу едісін үтымды пайдаланған Қ. ердайым құтылып кетіп отырды.
  • 1806 ж. Жантөренің хан сайлануын құптамай, қол жинап Орынбор түбіне келді. Губернатор Г.С.Волконскийдің ықпалымен Жантөре екеуі уақытша мемілеге келіп, татуласты. Алайда іс жүзінде Жантөрені хан танудан бастартқан Қаратай күресін бұрынғыдан да үдетті. Сол жылы оны қолдаған рулар губернатордың келісімінсіз Қаратайды хан көтерді. Орман және Бекей сұлтандарымен бірігіп, Жантерені хандықтан тайдыруды ойластырды.
  • 1809 ж. 2 қарашада Қаратай жене Орман сұлтан бас болған топ бейқам жатқан Жантере ауылын шауып, оны елтірді. Қаратай қозғалысына қарсы қырға жазалау отряды шықты. Бұл ұлт-азаттық кетеріліс 1806-16/17 ж. — 10-11 жыл бойы жүрді. Орынбор әкімшілігіне талаптар қойды. Көтібар батырмен одақтасты. Келіссөз нәтижесінде одан кейінгі жылдары қарсылықты тоқтатып, Кіші жүздегі қақтығыстарды реттеу, толқуларды басу ісінде Ресей үкіметіне қызмет етті, қаталдығымен кезге түсті. Хандық билік жойылып бара жатқанын сезіп, Ішкі ордада хан тағына отырған Жәңгірдің Кіші жүзді басқаруын сұрап, 1824 ж. Орынбор әкімшілігіне 66 сұлтан, старшын, би қол қойған хат жолдады. Қаратайдай саясаткер, қайратты тұлғаның беделін пайдалану үшін, 1824 ж. тамызда Орынбор губернаторы П.Г.Эссен оны Кіші жүздің Батыс белігінің екімі етіп тағайындады.
  • 1925 ж. күзде Жоламан Тіленшіулы бастаған табын руының кетерілісін басуға тікелей атсалысты. Сол қимылдары үшін Ресей үкіметі тарапынан алтын медальмен марапатталған. Қаратай — ұлтымыздың тарихында, орыс-қазақ қарым-қатынасында қайшылығы мол тұлға. Қаратай сұлтан өулетінен тараған белгілі саяси, мәдениет қайраткерлер көп. Бақытжан Қаратаев, Әлікей Бесәліулы, Мұхит Мершіулы, Қамбар Медетов, Шахзада, Мұхит, Шынтас, Шайхы Қаратаевтар, Лұқпан, Ғұбайдолла Мұхитовтар — Қаратайдың тікелей ұрпақтары.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қаратай Нұралыұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}