Әбілғазы Қайыпұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбілғазы Қайыпұлы(туған жылы белгісіз — 1815) — хан.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Қайып ханның үлкен ұлы, Батыр ханның немересі. Жас кезінде Бұхарадан Хиуаға әкелініп, 1767 жылдың аяғы — 1768 жылдың бас кезінде таққа отырғызылған. Бірақ ол Хиуа тағында Әбілғазы — ІІІ деген атпен жарты жыл, ал кейбір деректер бойынша бар болғаны бір ай шамасында ғана отырған. Хиуадан қуылғаннан кейін ол Сыр бойындағы атамекеніне оралып, Шекті руының сұлтаны, ал 18 ғ-дың 90-жылдары қарақалпақтардың ханы болды. Әкесі өлгеннен кейін Сырдарияның төменгі ағысы өңірінде шекті т.б. Әлімұлы бірлестігіне кіретін рулардың ханы болып сайланған (1794 — 1815). Ордасы Жанкент қаласы жұрты маңында орналасты. Қол астына 15 мыңдай отбасы қарады. өмірінің соңғы жылдарын руластарының қолдауынан айырылып, жоқшылықта өткізді. Жерленген орны белгісіз. Деректерде Арынғазы, Ілияс, Нұрым, Пысжан (Бошан), Арду, Ескендір, Елжан деген балаларының аттары кездеседі.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}