Тамара Босымбекқызы Дүйсенова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Тамара Қасымқызы Дүйсенова (құжаты бойынша Босымбекқызы,Үлгі:Efn 11 қаңтар 1965 жыл, Сарыағаш ауданы) — қазақстандық саясаткер және экономист, экономика ғылымдарының кандидаты, 2025 жылдан бастап «Аманат» партиясы Саяси менеджмент академиясының директоры.

Дүйсенова бұрын Қазақстан президентінің көмекшісі (2025), Премьер-министрдің орынбасары (2023—2025), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2013—2014, 2017—2018, 2022—2023) мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі (2014—2017) қызметтерінде болған.<ref name="zakonkz" />

Өмірбаяны

Жастық шағы және білімі

Тамара Дүйсенова 1965 жылғы 11 қаңтарда,<ref name="inbusiness">Үлгі:Cite web</ref> Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы Ленинское (Ленин) ауылында<ref name="informburo">Үлгі:Cite web</ref> дүниеге келген.

Дүйсенова 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтында инженер-экономист мамандығына білім алған.<ref name="inbusiness" />

Саясатқа дейінгі мансабы

Дүйсенова еңбек жолын 1988 жылы Сарыағаш ауданының орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 1998–1992 жылдары аралығында Өзбек КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы экономика және нормативтер ғылыми-зерттеу институтында экономист болып жұмыс істеген.<ref name="inbusiness" />

Саяси мансабы

1992 жылдан бір жыл бойы, 1993 жылға дейін Сарыағаш аудандық әкімдігінде аға экономист болған. Бұдан кейін, 1994 жылға дейін, Дүйсенова Перизат-холдинг компаниясы бір бөлімінің жетекшісі еді.<ref name="inbusiness" />

1994–1997 жылдары Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары және бірінші орынбасары қызметтерінде болған. Бұдан кейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Осы қызметін Дүйсенова 1999 жылы аяқтады.

1999 жылдан 2002 жылға дейін Тамара Дүйсенова Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінде болған. Бұл жұмысы аяқталғасын, 2006 жылға дейін ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды. 2006 жылы ОҚО әкімінің орынбасары болып қайта тағайындалған Дүйсенова сол қызметте екі жыл бойы болды.<ref name="inbusiness" />

2008 жылдары Дүйсенова ЕХӘҚ министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. 2013 жылдың ақпанында ол сол қызметін аяқтап, ол алты-ақ ай бойы сол министрліктің вице-министрі болды.<ref name="zakonkz" />

2013 жылдың 27 маусымында президент Назарбаев жарлығымен ЕХӘҚ министрі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2014 жылдың 6 тамызында жаңа құрылған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі лауазымына тағайындалған себебімен ЕХӘҚ министрлігі тоқтатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2017 жылдың қаңтарында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметінен босатылды, министрлік ыдыратылды, Дүйсенова министрліктің тарихындағы жалғыз министрі болып қалды.

2017 жылдың 25 қаңтарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайта құрылды. Тамара Дүйсенова осы министрліктің басшысы ретінде қайта тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ол өзінің министрлігін 2018 жылдың 9 ақпанына дейін басқарды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Оның ізбасары болып Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2018-2019 жылдары Тамара Дүйсенова Нұр Отан партиясының хатшысы болды. 2019 жылдың наурызынан Нұр Отан партиясы саяси кеңесінің мүшесі және 2020 жылдың желтоқсанында партия атынан Мәжіліс депутаттығына үміткер болды.<ref name="zakonkz" />

2019-2020 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарайтын Еңбек ресурстарын дамыту орталығын басқарып, сол уақытта Президентке штаттан тыс кеңесші болды.

2020-2022 жылдары Президенттің көмекшісі бола жүріп, Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін қоса атқарды.<ref>Дүйсенова Тамара Босымбекқызы</ref>

2022 жылдың 11 сәуірінде Тамара Босымбекқызы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне қайта тағайындалды.<ref name="informburo" /> Министр қызметін атқарып жатқан кезінде, 2023 жылдың 8 маусымында премьер-министр Әлихан Смайыловтың орынбасары болып тағайындалып, Алтай Көлгіновтің ізбасары болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> ЕХӘҚ министрі ретіндегі қызметін Дүйсенова 2023 жылдың 2 қыркүйегінде аяқтады,<ref>Үлгі:Cite web</ref> бірақ премьер орынбасары болуын жалғастыра берді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2025 жылы 14 ақпанда Премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылып, Президент көмекшісі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2025 жылы 25 қыркүйекте лауазымынан босатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2025 жылдың аяғында «Аманат» партиясына қарасты Саяси менеджмент академиясының директоры болып тағайындалды.

Өз өмірі

Тамара Дүйсенова қазақ, орыс, ағылшын, неміс және өзбек тілдерін меңгерген.<ref name="zakonkz" />

Тамара Дүйсенова әкесінің «азан шақыртқан» және шынайы есімі Қасым екенін және әкесінің есімі Қасымқызы деп жазылса дұрыс көретінін айтып кеткен. Дүйсенованың сөзінше қазақтың дәстүрлік себебінен құжатта әкесінің аты Босымбек деп жазылып қалған.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Марапаттары

Тамара Дүйсенованың марапаттар тізімі:<ref name="zakonkz" />

Қосымша ақпарат

Үлгі:Notelist

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Олжас Бектеновтің министрлер кабинеті Үлгі:Әлихан Смайыловтың министрлер кабинеті Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті