Алтай Сейдірұлы Көлгінов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Алтай Сейдірұлы Көлгінов (15 қаңтар, 1978) - Батыс Қазақстан облысының әкімі.
Білімі
- А. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.
- Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
- «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген.
- Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.
Өмірбаяны
- 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен.
- 2001-2008 жылдары Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әртүрлі лауазымда қызмет атқарады.
- 2008-2010 жылдары — «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары.
- 2010-2012 жылдары президент Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
- 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.
- 2013 жылдың 4 сәуірінен Орал қаласының әкімі қызметін атқарды.
- 2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі.<ref>Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болды</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}