Әлихан Асханұлы Смайылов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Әлихан Асханұлы Смайылов (18 желтоқсан 1972 жыл, Алматы) — қазақстандық ірі саясаткер, 2024 жылдан бастап қызметтегі Жоғары аудиторлық палата төрағасы. 2022 жылы қаңтарда орын алған Асқар Маминнің отставкасынан 2024 жылғы ақпанға дейін Премьер-Министр болды.

Өмірбаяны

Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. Қаңлы тайпасының Қара қаңлы Танта руының Сертек бөлімінен шыққан. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; Қазақстан Республикасының Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған;

1999–2003 жылдары — Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің төрағасы;

2003–2006 жылдары — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы;

2006–2009 жылдары — Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰХ президенті;

2009–2014 жылдары — Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы;

2014–2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы;

2015–2018 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;

2018–2020 жылдары — Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

2019–2022 жылдары — Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары;

2022 жылғы 11 қаңтардан 2024 жылғы 5 ақпанға дейін — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.

2024 жылғы 1 сәуірден — Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы.<ref>Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы</ref>

Жоғары аудиторлық палата

Лауазымына тағайындалғаннан кейін көп ұзамай Қытайға жұмыс сапары аясында 2021-2023 жылдарға арналған Азия жоғары аудит органдары ұйымының Бас хатшылығының есептерін аудиттен өткізді. Аудит Әзірбайжанмен бірлесіп жүргізіліп, қаржылық тәртіптің жоғары деңгейін және есептіліктің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады, сондай-ақ қорларды басқаруды жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2024 жылғы 14 мамырда Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының №6 жалпы орта білім беру мектебінде мемлекеттік аудит барысында еңбек ақы төлеудің асыра көрсетілуі, негізсіз қосымша төлемдер мен сыйақылар, сондай-ақ іссапар құжаттарын рәсімдеудегі бұзушылықтар бойынша шамамен 26 млн теңге көлемінде заң бұзушылықтар анықталды. Аудит нәтижесінде бюджет қаражатын қайтару, бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау тапсырылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2 күннен кейін Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының қызметінде бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Тексеру 2022 жылғы 1 қаңтар мен 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді қамтыды. Тексеру барысында 150 млн теңге бюджет қаражаты көрсетілмеген қызметтерден қызметкерлерге сыйақы төлеуге қайта бөлінгені; 2023 жылдың желтоқсанында қызметкерлерге, оның ішінде тоқсаннан аз уақыт жұмыс істегендерге 6,5 миллион теңге сыйақы төленгенгені; 2022–2023 жылдар аралығында инспекторларға еңбек тиімділігін бағаламай 21,7 миллион теңге сыйақы төленгені және Тексеру комиссиясының нормативтік-құқықтық актілерді сақтамағаны үшін лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартпағаны белгілі болды. Нәтижесінде Палата бақылауды күшейтуді, бюджетті жоспарлау мен жұмсауды қайта қарауды, жауапкершілікті күшейтуді және материалдарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жіберуді ұсынды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Премьер-министр (2022—2024)

2022 жылы Қаңтар оқиғасы барысында Асқар Мамин мен оның үкіметі 5 қаңтарда отставкаға кеткеннен кейін Смайылов Қазақстан Президентінің № 728 бұйрығымен Премьер-Министр міндетін атқарушы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің видео байланыс арқылы байланысқан Президент Тоқаев қатысқан жалпы отырысында Смайылов Премьерлікке ұсынылып, ұсынысты депутаттар қабылдады. Нәтижесінде Президенттің №754 бұйрығымен Премьер-Министр болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Смайыловты «технократ», «кабинеттік математик» деп атап, элиталық топтарға тәуелсіз тұлға деп бағалап, Тоқаевта таңдау болмады деп өз ойын алға тартты. Тағы бір саясаттанушы Оразғали Селтеев Тоқаевтың бұл қаулысын ерекше және тарихи деп атады, себебі Смайылов елде «әскери жағдай» барысында тағайындалды деді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Сын

Өз премьерлігін бағалауы

Премьер-Министрлігін аяқтағаннан кейін Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының Президенті Қ Тоқаев 2024 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы етіп тағайындады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Жоғары аудиторлық палатаның жаңа тағайындалған басшысы Ә. Смайылов сол жылы өзІ басқарған Үкіметтің 2023 жылы жасаған қызметін өзі бағаламақ болды. Адамның осындай өз еңбегін өзі бағалауы сияқты мүдделер қайшылығын түрлі адамдар сынға алды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Журналист Вадим Борейкоға сұхбат берген Санжар Боқаев палатаны жалған есеп айтты деп те айыптады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Қазақстан үкіметі басшылары Үлгі:Әлихан Смайыловтың министрлер кабинеті Үлгі:Асқар Маминнің министрлер кабинеті Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті