Сәләфия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ислам Сәләфия (Үлгі:Lang-ar) - Ислам дінінің негізі боп табылатын Құран мен Сүннетті «әс-сәләф әс-салихун» (Үлгі:Lang-ar), яғни Мұхаммед пайғамбардың (салл Аллаһу ғалейһи уә сәлләм) сахабалары, олардың ізбасарлары мен Ислам үмметінің имамдары қалай түсінсе солай түсіну дегенді білдіреді<ref>Имам әс-Саффарини: "Сәләфтардың мәзһабы деп біз пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ардақты сахабаларының, олардың артынан еріп ізгілігімен танылған тәби`индардың және олар туралы шынымен де, үмметіміздің ұлы имамдары болып саналады деп куәлік берілген, ислам дінінің имамдардың жолын айтамыз" («Ләуәмир әл-әнуәр әл-бәһия» 1/20)</ref>. Әр ғасырда өмір сүрген мұсылман ғалымдарын біріктірген көзқарастар жүйесі. Сәләфия қозғалысының ең атақты өкілдері Шейх әл-Ислам Ибн Таймийа, Ибн әл-Қаийм әл-Джәузия, хафиз Ибн Кәсир, хафиз әз-Зәһәби, Мұхаммед ибн Абдуль-Уәһһаб және т.б. ғалымдар Ислам тарихы мен мәдениетінде айтарлықтай із қалдырды. "Сәләф" (Үлгі:Lang-ar) сөзі тілдік жағынан Ибн Манзур айтқандай: "алдыңғы өткен халық" деген мағына береді<ref>«Лисан әл-араб», (6/330); Ибн Манзур</ref>.

Мазмұны

Сәләфилік жайлы ашғарилер мен матуридилердің көзқарастары

Сәләфилік дегеніміз – Исламды салих сәләфтің түсінігімен түсініп, олар амалға асырған іс-әрекеттерді сол қалпында қабылдауды мақсат тұтқан ағым. Қазіргі Сауд Арабиясы территориясындағы Нәжд аймағында пайда болған, Мұхаммед бин Абдулуаһһаб негізін қалаған «уаһабилік» қозғалысы кейініректе «сәләфилік» деп аталып кеткен.

Уаһабилер кәләм мәзһабтарын құптамады, олардың методикасына қарсы шықты. Олар Әһлі сүннетің ең үлкен кәләм ғалымдары Әбу Мансұр әл-Әшғариге кәләмдік дәлелдерді қолданып, ақылды нақылдан (аят пен хадистерден) жоғары тұту арқылы таза Ислам ақидасын былғады дегенді айтты.Әсіресе мутәшәбиһ аяттар мен хадистердің Алла тағаланың ұлылығына сәйкес қолданылғанына барынша қарсылық көрсетіп баққан уаһабилер сопылыққа да қатты шүйлікті.

Уаһабилер фиқһи мәзһаб ретінде ибн Тәймия мен оның шәкірті ибнуль-Қайымның жолын ұстанады. Олар фиқһ ғылымында қолданылып жүрген «истихсан», «истислах», «мәсалихи мурсәлә» деген сияқты қисынды дәлелдер ұсынған Ханафи, Мәлики, Шәфий және тағы басқа да мәзһабтарға бидағатшылар деген айдар тақты.<ref>Исмаил Оғуз, дінтанушы. Тәржімалаған Қанат Жұмағұл, «Нұр Астана» мешітінің найб имамы</ref>

Бүгінгі сәләфилер

«Сәләф» сөзі қасиетті Құранның бірнеше жерінде кездеседі. «Алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Ислам ғұламаларының көбінің пікірінше мұсылмандардың алдыңғы үш толқыны сәләфилер деп аталған. Олар – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабалары, табиғиндер (сахабаларды көргендер) мен табаға табиғиндер (табиғиндерді көргендер) исламның әуелгі үш ғасырында өмір сүрген. Құран кәрім мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне ғана сүйеніп, соған сай амал еткен. Сондықтан да олар классик сәләфилер, хақ жолдағылар саналды. Ал, қазіргі «сәләфилер» өздерін сол бұрынғылардың жолындамыз дегендерімен, шын мәнінде атына амалдары мен іс-әрекеті сәйкеспейді. Бұлар мұсылмандарды Аллаһтың бірлігіне шақыру, ислам дінін хұрафат-бидағат амалдардан тазалау, дінімізді Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманындағыдай қалпына келтіру, араб әлемін біріктіру сияқты мақсаттарды ұранға айналдырып алған. Бұл ағымның негізін қалаған Мұхаммед ибн әл-Уаһһаб ханбали мәзһабының негізінде алғашқы діни сауатын әкесінен ашып, Құран кәрімді жат алды. Кейін Мекке мен Мәдина, Басра мен Бағдадта да білім алды. Көп жыл араб елдерінің дерлік барлығын және көрші мемлекеттерді де аралап көрді. Әкесі дүниеден қайтқаннан кейін өз еліне оралып, діни жетекшілік қызметін бастағаннан көпшілік оны жақтаушы мен қарсылас болып екіге бөлінді. Бірнеше бәдәуи араб (көшпелі шөл тұрғыны, діни білімі шамалы) тайпасының қолдауымен ол XVIII ғасырдың 40-шы жылдарынан өзінің саяси күресін кең ауқымда жүргізе бастады. Араб елдерін біріктіру деген ұранмен шыққан бұл әрекет көп ұзамай Саудтың саясатына, кейіннен осы әулеттің ресми идеологиясына айналды. XIX ғасырдың басында бұл қозғалыс Арабия түбегінің көп бөлігіне жайылды.<ref>"Иман діни-танымдық журналы", №3 (80) 2011ж.</ref>

Сәләфияны арнайы жол ретінде ұстанудың пайда болуы

Сәләф дәуірінің мұсылман үмметіннен тыс кітап иелері және басқа да қауымдарды қамтығаны баршаға мәлім. Сонымен қатар өздерін Исламға жатқызатын көптеген топтар мен ағымдар да болды. Бірақ олар әр түрлі себептерге байланысты мұсылман үмметінің көпшілік ғұламалары мен имамдары тарапынан мақұлданған Құран мен сүннетті түсіну, тәпсірлеу жолынан ауытқыды. Бұл ауытқу оларды әр түрлі шырғалаң мен адасушылыққа итермелеп, одан әрі топ-топқа бөліп тастады. Бұлардан харижия, муржия, мұғтазилаларды атауға болады. Содан кейін бұлар өз іштерінде көптеген тармаққа айырылды. Олардың көбі бір-бірін күпірлікпен айыптайтын болды.

Осы әртүрлі топтарға қоса сәләф дәуірі басым көпшілік қалың топты (сәуәд ағзамды) да қамтыды. Олар (сәуәд ағзам) – ижтихадта, тәпсірлеуде Пайғамбарымыз (с.а.у.) бен оның сахабаларының мәтіндерді түсіну жолы мен ұстанымдарынан алынған қағидаларға бағынған мұсылмандар еді. Бұлар «әһли сүннә уал жамаға» деп аталды. Олардың барлығы бұл қағидаларды бір ауыздан қабыл етті. Бұрыс жолдағыларды тани білу үшін тура жолдағылардың ерекшеліктері мен сипаттарын білу қажет. Сондықтан біз басқаларды қоя тұрып осы «әһли сүннә уал жамаға» деп аталатын қалың қауым жайлы әңгімелейміз. «Олардың бұл атты иеленуінің себебі неде? Мағына тұрғысынан мутауатыр дәрежесіне жеткен көптеген хадистерде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мадақтап дәріптеген, олардың ізінен еруді әмір еткен мұсылман жамағаты осылар болуының сыры неде?» - деген сұрақтар аясында оларды тануға тырысамыз.<ref>Түгелұлы Т., Тұрғанбекұлы Б. "Мәзһаб туралы таным". Алматы, 2011. – 155 бет. ISBN 978-601-06-1202-0</ref>

Олардың бұл атқа лайық болуларының басты себебі ақылдың басшылығы мен нақылдың (Құран және хадис) дәлелін өте шеберлікпен үйлестіру жолын ұстанғандығы болды. Одан кейінгі себеп – мәтінді тәпсірлеуде араб тілінің ережелерін басшылыққа алу еді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Құранды түсінуі мен сахабалардың тәпсірлеу ижтихадтарында мұның барлығына олар үшін тәжірибе жүзіндегі нақты үлгілер жеткілікті болды. Демек әһли сүннәт пен өзге адасушы топтардың арасын ажыратып тұратын, олардың жеке-дара тура жолда екенін паш ететін нәрсе ол – өзгелерден ерекшеленіп, өз жақтастарын жинауға арналған белгілі бір топтың жалаң ұраны емес еді. Бүгінгі көріп жүргеніміздей жалаң ұранмен жақтас жинау «сәләфия» ағымын мәзһаб етіп ұстанудың нақ өзі. Нағыз сәләфус-салихиннің өміріне үңілсек, бұлай істеу олардың ойына да кіріп шықпағанын көреміз. Егер олар жамағаттық немесе ағымдық сипатпен ерекшеленгенде, сөз жоқ, Құран мен хадистен ауытқыған өзге топтар да олардың тобына кірген болар еді. Себебі олар да әһли сүннә уал жамаға болып көрінуге қатты мұқтаж болатын. Егер соншалықты сыртқы көрініспен бітер оңай іс болғанда, олар да осы мәзһабтың құрамына енсе де, енбесе де сол мәзһабтың терісін жамылып, сол ұранмен ұрандатар еді.<ref>Түгелұлы Т., Тұрғанбекұлы Б. "Мәзһаб туралы таным". Алматы, 2011. – 156 бет. ISBN 978-601-06-1202-0</ref>

Бірақ-та әһли сүннә уәл жамағаттың бірлігін көрсетуде немесе өзге адасушылардың қисық жолынан бөлінуде ешбір ұранның да жеке топ болудың да әсері жоқ екендігі әрбір ақылды жанға аян. Оларды өзге қисық жолдағылардан ерекшелеп тұрған нәрсе – олардың жоғарыда айтылған ғылыми әдістемелік жолды ұстанулары еді. Яғни, бірінші – хабардың сахихтығын тану; екінші – Құран мен сүннет мәтінін түсіну; үшінші – ижтихад жасаудың қағидалары мен негіздерін қолдану. Осы жолды ұстанғандардың барлығы «әһли сүннә уәл жамаға» деп аталған топтың шеңберіне кіреді. Мейлі ол бұл дүниенің ең соңғы ғасырында өмір сүрсе де. Себебі бұл жол ешкімнің меншігі емес. Кім лайық болса, сол ғана иемдене алады. Ол жолды ұстанбағандардың барлығы Исламның алғашқы ғасырында өмір сүрсе де әһли сүннә шеңберінен шығып қалады. Кім лайық болмаса, оны ешқандай сыртқы көрініс немесе ұран құтқара алмайды.<ref>Түгелұлы Т., Тұрғанбекұлы Б. "Мәзһаб туралы таным". Алматы, 2011. – 157 бет. ISBN 978-601-06-1202-0</ref>

Олай болса, бүгінде жоғарыдағы әһли сүннәнің таразылаушы жолының орнына ұсынылып жүрген «сәләфияны мәзһаб ретінде ұстану» деген нәрсе алғашқы үш ғасырдағы сәләфу-с салихинда болмағаны белгілі болды. Ондай бір ұранмен бұл жолға қосылу ісі олардың ойына да кіріп шықпады. Сосын олар өздеріне ұнамағандарға «сен әһли сүннәдан шықтың» демейтін. Одан кейінгі ғасырларда да осы аталмыш ғылыми жол жалғасын тапты. Барлық ғасырларда осы жолды ұстанып, әһли сүннә уәл жамаға жолындағыларға ергендер және бұл жолдан тайғандар болып бөлініп отырды. Бірінші топтағылар барлық ғасырларда мұсылмандардың ұлы көші болып саналатын әһли сүннә уәл жамаға құрамына енді. Екінші топтағылар аталмыш ғылыми жолдан ауытқу деңгейіне қарай әһли сүннә уәл жамағаттан ұзақтап отырды. Осынау өткен ғасырлардың ешбірінде тура жолдағылар мен адасушылардың арасын ажыратып тұратын аталмыш ғылыми жолды «сәләфия» деген мәзһабты ұстанумен айырбастаған ешкімді көрмедік. Яғни бұл мәзһабқа кіру тура жолға түсу, бұл мәзһабқа кірмеу адасушылық әрі бидғатшылық болып саналатындай.<ref name="ReferenceA">Түгелұлы Т., Тұрғанбекұлы Б. "Мәзһаб туралы таным". Алматы, 2011. – 158 бет. ISBN 978-601-06-1202-0</ref>

Тарихқа ұзақ уақыт үңілдік, көптеген зерттеулер жасадық, бірақ исламның ешбір дәуірінде бұл мәзхаб жайлы дерек кездестермедік. Сондай-ақ ешбір ғасырда өзінің ағымына тән шектеулі пікірлері мен ахлақтарына адамдарды шақыру арқылы мұсылмандардың арасында қандайда бір «сәләфия» деп аталатын топ болғандығын ешкім айтқан емес. Осы топтың пікірі бойынша «бидағия», «далалия» (адасушы) немесе «халафия» (кейінгілер) деген топтың болғаны жайлы да дерек жоқ.

Біздің бар естігеніміз «сәләфу-с салихиннің» іс-әрекетінен алынып құрылған аталмыш ғылыми жолдың аясында адамдардың ақиқаттан тайып-таймағандықтарының анықталатындығы ғана. Сәләфқа еру – осы ғылыми-әдістемелік жолды дұрыс үлгіде қолдану жолында олардың іс-әрекеттері мен білімдерін басшылыққа алу арқылы ғана болады. Осы жолдың аясынан шықпайынша, сәләфус-салихиннің өз араларында әртүрлі пікірлерге баруы дұрыс болған болса, онда олардан кейінгі келгендер де аталмыш жолдың аясында әртүрлі тоқтамға барып жатса еш сөкеттігі жоқ. Сәләфус-салихиннің өз араларындағы пікір айырмашылықтары ислами бірлікті «тура жолдағы» және «одан таюшы» етіп екіге бөлмегені сияқты, олардан кейінгі келгендердің де бір-бірінен өзгеше пікірге баруы олардың бөлінуіне себеп болған жоқ. Яғни бірін сәләф, бірін бидғатшы деп екіге бөлмеді. Осылайша Ислам тарихы он төрт ғасыр өткізді. Ешбір ғасырдың ғұлама-имамдарынан мұсылмандардың тура жолда екендігінің дәлелі «сәләфия» деген ағымға кірумен болатындығын да естімедік.<ref name="ReferenceA"/>

Сәләфия ағымын ұстану мен сәләф қауымын үлгі тұтудың айырмашылығы

Құран мен хадисті түсінуде және оны өмірде қолдануда сәләфу-с салихиннің жолын үлгі ету Құран мен Пайғамбар (с.а.у.) сүннетін ұстанатын мұсылман болудан туындайтын міндет. Себебі, Аллаһ Тағала өзінің елшісіне бой ұсынуды әмір етіп: «Пайғамбар сендерге не берсе соны алыңдар, сендерді неден тыйса содан тыйылыңдар» <ref>Құран Кәрім. «Хашыр» сүресі, 7-аят</ref> деді. Ал Пайғамбарымыз (с.а.у.) болса, өзінің және тура жолдағы әділетті орынбасарларының, сондай-ақ сахабалар мен алғашқы үш буын өкілдерінің ішіндегі ізгілердің жолымен жүруді әмір етті. Бұл жайындағы хадис шәріптер: «Дінге жаңадан енгізілген істерден сақтаныңдар. Ол – адасушылық. Кімде-кімнің өмірі осыған (дінге енгізілген жаңа істер етек алған уақытқа) жетсе, ол менің және менің тура жолдағы әділ халифаларымның жолын ұстанып, мықтап жабыссын» <ref>Тирмизи, Ибн Мәжә және Әбу Дәуд.</ref> «Адамдардың ең абзалы менің заманымдағылар. Одан кейін оларға ергендер, одан кейін оларға ергендер» <ref>Ахмад, Тирмизи және Бәйхақи.</ref> Олай болса олардың ең абзал қауым ретінде баяндалуында, оларға еру мен оларды үлгі тұтудан басқа бір мағына жоқ. Ал «сәләфия» деп аталатын, құрамындағы мүшелерін көбейтуге негізделіп құрылған жаңа ағымды мәзһаб ретінде ұстанудың жоғарыдағы «үлгі тұту» ұғымына қатысы жоқ бөлек нәрсе екені белгілі. Себебі көптеген мәселеде екеуі екі бөлек үғым екені айқын байқалады.<ref name="ReferenceA"/>

Енді осы сәләф деп аталған Исламның алғашқы дәуіріндегі үш буын өкіліне еріп, үлгі тұту мен бүгінгі «сәләфия» деген ағымды ұстанудың арасындағы айырмашылыққа тоқталайық. Бұл екеуінің арасындағы айырмашылықты «Мухаммадилер» мен «Мұсылмандар» деген сөздің арасындағы айырмашылыққа ұқсатуға болады. Мұсылмандарға «Мухаммадилер» сөзін қолдану мұсылман емес зерттеушілер мен ориенталистердің әдеттері екені баршаға мәлім. Тағы бір айқын нәрсе – бұлай атаудың ислами ережелер мен шынайы мұсылмандардың өмір шындығына сәйкеспейтін теріс іс екендігі. Себебі «мухаммадилер» сөзі мұсылмандарды Мұхаммедтің (с.а.у.) жеке басына тәуелді, оның жеке пікірлерінің тараптарлары етіп көрсетеді. Ал «мұсылмандар» сөзі болса, Аллаһ Тағаланың әмірі мен үкімдерін дін етіп ұстануды және Мұхаммедтің (с.а.у.) елшілігі арқылы келген барлық нәрсені қабылдау дегенді білдіреді. Шын мәнінде пайғамбарға (с.а.у.) бой ұсыну оны сүю – Аллаһқа бой ұсыну мен оның елшісі екендігін қабылдаудың нәтижесі. Міне осы «Мухаммадилер» мен «мұсылмандар» сөзінің арасындағы айырмашылық сәләф қауымына еру мен «сәләфия» жолын ұстанудағы айырмашылықтың нақ өзі. Сәләфилікті ұстану – сәләфус-салихиннің жеке тұлғалық қасиеттерін сомдайтын және олардың жеке жамағат болғандығын көрсететін арнайы мәзһабтары болды дегенді білдіреді. Бұл қате пікір. Ақиқатында, оларда Аллаһ пен пайғамбарына кәміл түрде бойсұнудан басқа жеке бастарына тән ерекшеліктері болған жоқ. Бұған қоса бүгінгі сәләфия мәзһабына кірушілер өзге мұсылмандардан ерекше, өздерін ғана шынайы Исламды алып жүрушілер, Исламды ең дұрыс үлгіде жандандырушылар етіп көрсетуде. Олардың осылай түсіндіруі мен суреттеулерінің нәтижесінде Ислам – осы ағымның және сол ағымдағылардың ізінен еру; олар қайда барса сонда бару; этика негіздерін олар неге негіздеп құрса соған негіздеп құру; олар неге қарсы күрессе, соның барлығымен күресу болып шыға келеді.<ref name="ReferenceA"/>

Ал сәләфтарға шын мәніндегі еру дегенге келетін болсақ, ол Пайғамбарымыз (с.а.у.) құрметтеуге әмір еткен, Аллаһтың дінінде шынайы болған үш буын өкілдерін құрметтеуді білдіреді. Сондай-ақ Құран мен хадисті түсіну мен олардан шариғи үкімдерді, діннің басты қағидаларын анықтауда солардың ұстанған жолын үлгі тұту болып табылады. Ислам – өзінен бұрынғылардан үйрену арқылы болатын жол. Яғни Пайғамбарымыздан (с.а.у.) бері қарай үзіліссіз жеткен болуы керек. Ешкім өзінің жеке ақылына, тәжірибесіне сүйеніп, дінге өзгеріс енгізе алмайды. Сондықтан шариғаттың негізі мен діңгегі – дұрыс түсінік пен таным қалыптастыратын өзгермес әдістемелік ережелер жиынтығы болып табылады. Ал, Пайғамбарымыздан (с.а.у.) қалған осы әдістемелік ережелерге қол жеткізуде Аллаһ Тағаланың дінінде шынайылықпен танылған сәләфус-салихин нағыз үлгі болады. Себебі сәләф дәуірінің өзінде осы діни нормалар мен ережелердің таразылауында қадірі артқанның қадірі артты, дәрежесі түскеннің дәрежесі түсті. Бұл нормаларды ұстанбағандар Исламның алғашқы дәуірінде өмір сүргеніне қарамастан салафус-салихин қатарынан шығып қалды.<ref>Түгелұлы Т., Тұрғанбекұлы Б. "Мәзһаб туралы таным". Алматы, 2011. – 150 бет. ISBN 978-601-06-1202-0</ref>

"Сәләфиміз" деп аталуға қатысты пікірлер

Шейх Мухаммад Насыруддин Альбанидің Сирия, Иордания елдерінде араб тілінде өткен лекциялар жинағының екінші лекциясында ол кісіге сұрақ қойылады. Сұрақ сәләфи деп бөлінуге байланысты. Аталмыш сабағында шейх: "Ия біз бөлінеміз. себебі қазір не көп "әлсу сунна уал жамаға" көп. Барлығы өздерін осы жамағаттанбыз дейді. Бірақ оның ішінде сопы, тариқатшы, таблиғ т.с.с. барлығы кездеседі. Ал біз ондай бидғатшлардан өзімізді арашалап алу үшін өзімізді "сәләфи" деп атаймыз" деп жауап береді.<ref>Шейх Албанидің уағыздар жинағы. 2 касета. Мадина қаласы. Уағыз насихат бөлімі.</ref>

Белгілі Сауд Арабия шейхы, Шейх Усаймин өзінің Имам Науауидің қырық хадисіне жасаған шархы түсіндірмесінде, сәләфи деп бөліну дұрыс емес, бұл хизби, ихуани, хауариж, таблиғ деген жамағаттар секілді бір топ құрып алудың белгісі деген. Бұлай бөлініп өздеріне ат қоюға қарсы тұрған.<ref>Шарх ъала арбағина ан-Науауия. Имам Науауидің қырық хадисіне жасалған шарх, түсіндірме. Шейх Ибн Усаймин. Ибн Усаймин Баспасы. Сауд Арабиясы. Унайза қ.</ref>

Сәләфилік діни көзқарастар

Мазһабтар туралы

Абдуль-Қадир әл-Арнаут: Үлгі:Quotation

Сахабалар туралы

Абдуль-Қадир әл-Арнаут: Үлгі:Quotation

Діндегі жаңалықтар (бидғат) туралы

Такфир

Абдуль-Қадир әл-Арнаут:Үлгі:Quotation

Иман мәселесі

Абдуль-Қадир әл-Арнаут: Үлгі:Quotation

Тағдыр мәселесі

Абдуль-Қадир әл-Арнаут: Үлгі:Quotation

Құран мен Сүннетке еру мәселесі

Абдуль-Қадир әл-Арнаут: Үлгі:Quotation

Жанкештілер мен өзін-өзі жару туралы

Сәләфи ғалымдар Бен Ладен туралы

"Хизб ут-тахрир" туралы

Шейх Муқбиль ибн Һади: Үлгі:Quotation

Ихуан әл-Муслимин ағымы туралы

Шейх Салих әл-Фаузан: Үлгі:Quotation

Шиит-рафидиттер туралы

«Сәләфия» туралы мұсылман ғалымдардың сөздері

Сәләфи ғалымдар

Ислам тарихында "сәләфтардың" ізгі жолына шақырып, діндегі бидғаттардан сақтандырған ғалымдарының қатарына ертеде өмір сүрген әл-Хасан әл-Басри, Ибн Шиһәб әз-Зуһри, Саид ибн әл-Мусаийб, әл-Әузағи, Суфйан әс-Саури, Әйюб әс-Сахтияни, төрт мазһабтың имамдары, хадис жинақтарының авторлары имам әл-Бұхари, имам Муслим, Ибн Маджаһ, ән-Нәсіи, Ибн Хиббан, әл-Хаким, Ибн Хузайма және көптеген басқа да ғалымдар мен Ислам дінінің имамдары кіреді. Олардың қатарында:

  • Имам әл-Барбаһари
  • Имам Әбу Бәкр әл-Аджурри
  • Имам әл-Ләләкәи («Әш-шариға» кітабының авторы)
  • Имам Әбу Бәкр әл-Исмаили («әһл әл-хадис» ақидасына арналған еңбектердің авторы)
  • Шейх әл-Ислам Ибн Таймийа<ref>«Әл-уқуд әд-дуррия», 5; Ибн Абдуль-Һади</ref>
  • Хафиз Ибн Раджаб әл-Ханбали<ref>«Зәйл алә табақат әл-ханабилә», 2/396</ref>
  • Ибн әл-Қаийм әл-Джәузия
  • Ибн Абдуль-Һади (Ибн Таймийаның шәкірті)
  • Хафиз әз-Зәһәби
  • Имам әс-Саффарини
  • Имам әс-Самғани
  • Имам Ибн Саллях<ref>«Тәзкират әл-хуффаз», 4/1431; Хафиз әз-Зәһәби</ref>
  • Имам әд-Дарақутни<ref>«Сияр әғлам ән-нубалә», 16/457; Хафиз әз-Зәһәби</ref>
  • Имам Мұхаммед ибн Исмаил әл-Бұхари<ref>«Дар әт-тағаруд», 1/244</ref>
  • Имам Ибн Қудама әл-Мақдиси
  • Имам Абдуль-Ғаний әл-Мақдиси
  • Шейх Мұхаммед ибн Абдуль-Уәһһаб

XX-XXI ғасырдың сәләфи ғалымдары

Сауд Арабиясы

  • Шейх Мұхаммед ибн Ибраһим Әли-Шейх
  • Шейх Әбдурраззақ әл-Афифи
  • Шейх Ибн Баз (Сауд Арабиясының бұрынғы бас мүфтиі)
  • Шейх Мұхаммед әл-Усәймин
  • Шейх Абдуль-Азиз Әли-Шейх (Сауд Арабиясының қазіргі бас мүфтиі)
  • Шейх Салих Әли-Шейх (Сауд Арабиясының Ислам істерінің министрі)
  • Шейх Әбдуррахман әс-Сағди (белгілі тәпсірші)
  • Шейх Салих әл-Фаузан
  • Шейх Абдуллаһ ибн Ғудаян
  • Шейх Бәкр Әбу Зәйд
  • Шейх Салих әс-Сухайми
  • Шейх Ибраһим әр-Рухәйли
  • Шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббад (белгілі мухаддис)
  • Шейх Әбдурраззақ әл-Бадр
  • Шейх Ибраһим әр-Рухәйли
  • Шейх Мұхаммед Әмин әш-Шинқити
  • Шейх Рабиғ ибн Һәди әл-Мадхали
  • Шейх Мұхаммед ибн Һади әл-Мадхали

Мысыр

  • Шейх Мұхаммед ибн Саид әр-Раслән
  • Шейх Ахмад Шәкир
  • Шейх Абдуль-Азым әл-Бәдәуи
  • Шейх Талғат Заһран

Шам аумағы (Иордания, Сирия, Ливан, Палестина)

  • Шейх Мұхаммед Насыруддин әл-Албани (белгілі мухаддис ғалым)
  • Шейх Сәлим әл-Һиләли
  • Шейх Әли әл-Хәләби
  • Шейх Мәшһүр Хасан Әли Сәлман
  • Шейх Омар Сүлеймен әл-Ашқар

Йемен

  • Шейх Муқбиль ибн Һади әл-Уадии (белгілі мухаддис ғалым)
  • Шейх Йахйа ибн Әли әл-Хаджурри
  • Шейх Мұхаммед ибн Абдуль-Уәһһаб әл-Уассаби
  • Шейх Әбдуррахман әл-Адени
  • Шейх Мұхаммед әл-Имам

және т.б. Сауд Арабиясындағы, Йемендегі, Иорданиядағы, Мысырдағы, Кувейттегі, БАӘ-дегі, Алжирдегі, Сириядағы, Судан мен Бахрейндегі мұсылман ғалымдары.

Қазақстандағы сәләфилер

Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап Қазақстандық жастар Мысыр, Сауд Арабиясы, Йемен сияқты сәләфи қозғалысының орталықтарына барып білім алып, Қазақстан территориясында Ислам дінін уағыздаумен айналысып келеді. «Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы» діни ұйымы бірнеше рет «сәләфиядан» сақтандырып мақала шығарды. Сәләфилерге деген қысым әсіресе соңғы кездегі террактілерден кейін күшейіп кетті. Белгілі қазақстандық сәләфилер:

"Салафизм" идеологиясының жіктелуі

Қазіргі ақытта діни сенмдегі кейбір ерекшеліктерге байланысты "Салафизм" ұстанушыларын "салафи-мадхали", "салафи сурури", "салафи-жиһади", "такфир" деп өзара бірнеше топтарға жіктеуге болады. "Салаф" сөзі (алдын болу) өзінің жай мағынасында бірінің орнына бірі келетін кез келген уақытта қолданылады, және "бұрынғы, ілгеріде" сөздерімен пара-пар, себебі, кез келген ақыт аралығы соңынан келетін (халаф-кейінгі) уақыттың "алдынан келеді". Дегенмен қазіргі уақытта "сәләф" сөзі ерекше терминнің мағынасына ие болып, бастапқы мағынасында сирек қолданылатын болған. Аталған сөзді дінге сенушілердің өміріндегі еліктеуге үлгі боларлық және шешуші айғақ болып табылатын Ислам тарихының алғашқы үш ғасырын айту үшін қолданады. Қазақстандағы салафизм идеологиясын сенім жәни жиһад мәселелеріне байланысты бірқатар тармақтарға бөліп қарауға болады.<ref>"Елімізде тыйым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдар" 8-бет. ISBN 978-601-7266-61-5</ref>

Салафи-мадхалиттер

Имам Рабиғ ибн Мадхали (1932) еңбектірінің негізінде салафизмнің бірінші тармағы "салафи-мадхалиттер" пайда болды. Аталған ілімді ұстанушылар "Жиһад" идеологиясын ашық қолдамайды. Заңды мемлекет басшыларына қарсы шығу жолын ұстанбайды. Зайырлы мемлекет заңдылықтары Құран мен сүннетке қарсы келмейді, сондықтан, мемлекет заңдарымен жүруге болады деп есептейді. Сондай-ақ бұл жолдағылар адамды кәпір деп қателескеннен гөрі, мұсылман деп жаңылысқанды орынды деп санайды.<ref>"Елімізде тыйым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдар" 9-бет. ISBN 978-601-7266-61-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер