Үммет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үммет, үмбет- ''әлеумет'', ''көпшілік'') — бір пайғамбардың уағыздаған жолын ұстанған қауым. Адам баласына Алла тағала тарапынан елші болып келген пайғамбарларға әрқайсысының өз замандарында мойынсұнып, ерген Үмметтері болды. Қазақ халқы жалпы мұсылмандар сияқты өздерін “Құдайдың құлы, Мұхаммедтің (ғ.с.) үмбетіміз” деп санайды. Құран Кәрімде алдыңғы пайғамбарлардың Үмметтерімен араларындағы қарым-қатынастары туралы аяттар бар және Мұхаммед (ғ.с.) Үмметтері жайлы “сендерді адамдарға куә болуларың үшін “орта үммет” еттік, ал пайғамбар сендер үшін куә” (Бақара, 143-аят) деген аят бар. Себебі, бұл дүниеде де, о дүниеде де ислам қағидалары негізге алынып, исламды ұстанған қауым негізгі бағдарды анықтайды. <ref>Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>Өркениетті қоғамда салауатты өмірдің қалыптасып дамуына, ислам қағидалары мен Мұхаммед (ғ.с.) Үмметтерінің айтарлықтай ықпалы болған. Үммет ұғымының қазіргі негізгі мағынасы Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың уағыздық қызметі кезінде және осы терминмен анықталған әлеуметтің қалыптасуымен дүниеге келді. Үмметтің ерекше қамқорлыққа ие екендігінің куәсі, оның қамқоршысы Алланың өзі және соңғы пайғамбары болуы.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub