Раушан Хатиятқызы Байсейітова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Байсейітова Раушан Хатиятқызы (16.9.1947 жылы туған, Алматы) — балерина, Қазақстанның халық артисі (1978). Жас кезінен Күләш Байсейітованың тәрбиесінде болған. Мәскеудің Үлкен театрыжанындағы хореография училищесін бітірген (1966). Сол жылы Қазақ опера және балет театрына қабылданып, сахналық өмірбаянын Ғ. Жұбанованың “Хиросима” балетіндегі Юки партиясымен бастады. Табиғаты драматикалық образдарға бейім биші Мария (Б. Астафьевтің “Бақшасарай фонтанында”), Гамзатти (Л. Минкустің “Баядеркасында”), Бақыт құс (И. Стравинскийдің “Бақыт құсында”) сияқты бейнелерде өзіне ғана тән нәзік сыршылдығымен көрінді. Байсейітованың ерекше шеберлігі А. Серкебаевтың “Ақсақ құланындағы” Баршагүл, Е. Брусиловскийдің “Қозы Көрпеш—Баян сұлуындағы” Баян, С.Еркінбековтың “Мәңгілік отындағы” Ана партиялары арқылы жан-жақты байқалды. Әсіресе, психология тереңдігімен, орындалу мәнерінің ұлттық бояуымен назар аударған Ана бейнесі қазақ балеті тарихына жаңалық болып қосылды. Осы рөлі үшін Байсейітоваға Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді (1981). Биші Мәскеуде өткен бүкілодақтық балет артистері конкурсының лауреаты (1968). 1992 жылдан Алматы хореография училищесінде дәріс береді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Раушан Хатиятқызы Байсейітова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}