Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
Үлгі:Заң шығарушы орган Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі (қысқартқанда Жоғарғы Кеңес) — 1937–1991 жылдары Қазақ КСР бірпалаталы ең жоғары заң шығарушы органы.
Мазмұны
Тарихы
Қазақстан КСРО құрамындағы одақтас республика болып құрылғанға дейінгі алғашқы кезеңде (1920 қазан–1936 желтоқсан) республикада мемлекеттік биліктің заң шығарушы, өкім жүргізуші және бақылаушы органы міндетін Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының Орталық Атқару Комитеті атқарды. 1936 жылы республика Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып қайта құрылды, Қазақ АСКР ОАК атауы Қазақ КСР ОАК деп өзгертілді.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, оның бірінші орынбасары, орынбасарлары, министрлер және Қазақ КСР мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрамымен Қазақ КСР үкіметі құрылды. Кезектен тыс сессиялар Жоғарғы Кеңес Төралқасының бастамасымен немесе депутаттардың кем дегенде үштен бір бөлігінің ұсынысымен шақырылды. Жоғарғы Кеңес сессиясы оның мәжілістері, ал олардың аралығында Жоғарғы Кеңес тұрақты комиссиялары мен өзге де комиссияларының мәжілістері түрінде өткізіліп тұрды. Әрбір жаңадан сайланған Жоғарғы Кеңес өзінің бірінші сессиясында тұрақты жұмыс істейтін, өзінің бүкіл қызметінде Жоғарғы Кеңеске есеп беріп тұратын және оның сессиялары аралығындағы кезеңде Қазақ КСР жоғары мемлекеттік билік құзырын жүзеге асыратын органы – Жоғарғы Кеңестің Төралқасын сайлап отырды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік билік түрлерінің бірі саналатын сот жұмысы саласында да толық билікке ие болды. Ол сот төрелігін жүзеге асыру тәртібін, сот органдары жүйесін, оларды сайлау тәртібін, өкілеттігін, қылмыстық және тәртіптік жауапкершілігін белгіледі, сот ісін жүргізу қызметіне бақылау жасады.
Жоғарғы Кеңес төралқасының төрағасын, орынбасарын, хатшысын, мүшелерін және үкімет мүшелерін, Жоғарғы сот мүшелері мен халық заседательдерін өз міндеттерін орындаудан мерзімінен бұрын босатуға өкілетті болды.
Бұл Конституция өтпелі кезеңдегі жағдайды сипаттайтын құжат қызметін атқарып, елде жүргізіліп жатқан реформалар мен әлеуметтік-экономикалық, саяси міндеттерді шешуге бағытталды және екі жыл бойы Негізгі заң ретіндегі тарихи қызметін орындап шықты. Алайда, КСРО ыдырап, тәуелсіз мемлекеттілікті жүзеге асыра бастаған кезде қалыптасқан саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайда Қазақстандағы бұрынғы халық депутаттарының кеңестері түріндегі өкілетті органдар жүйесі республиканы дағдарыстан алып шығуға дәрменсіз болды. Ескі өкілетті билік жүйесімен және олардың заң шығарушылық әдістерімен нарықтық экономикаға бет алған жаңа қоғам орнату мүмкін емес еді.
Кеңестік дәуірде сайланған соңғы Жоғарғы Кеңес елде қалыптасқан осындай жағдайда өз отырыстарын өткізуге қажетті депутаттар санын жинай алмайтыны айқын болғандықтан өзін-өзі таратуға мәжбүр болды.
1993 жылғы 28 қаңтарда Конституцияға енгізілген өзгерістерден кейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің орнын біпалаталы Қазақстан Жоғарғы Кеңесі алды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Құқығы және міндеттері
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес республиканың қарауына жатқызылған барлық мәселелерді шешуге құқылы болды, әрі оған республика аумағында жоғары заң шығарушы орган ретінде заң шығарудың бүкіл өкілдік билігі жүктелді. Оның құзырына Қазақ КСР Конституциясын, шаруашылық құрылыстағы, экономикалық, әлеуметтік-мәдени өмірдегі алуан түрлі мәселелер бойынша заң қабылдау және өзгерту, сондай-ақ құқықтық-нормативтік сипаты бар заңи құжаттарды, үкімет құрамына және Конституцияға өзгерістер енгізетін барлық жарлықтарды ресми түрде бекіту өкілеттігі берілді. Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР экономикалық және әлеуметтік дамуы жөніндегі мемлекеттік жоспарларын, мемлекеттік бюджетін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітті.
Шақырылымдары
| № | Қызметі | Сайлауы | |
|---|---|---|---|
| 1 | 1938 | 1946 | 1937 |
| 2 | 1947 | 1950 | 1947 |
| 3 | 1951 | 1954 | 1951 |
| 4 | 1954 | 1959 | 1954 |
| 5 | 1959 | 1962 | 1959 |
| 6 | 1963 | 1966 | 1963 |
| 7 | 1967 | 1970 | 1967 |
| 8 | 1971 | 1974 | 1971 |
| 9 | 1975 | 1979 | 1975 |
| 10 | 1980 | 1984 | 1980 |
| 11 | 1985 | 1989 | 1985 |
| 12 | 1990 | 1993 | 1990 |
| 13 | 1994 | 1995 | 1994 |
Хронологиялық оқиғалар
- 1938 жылғы 24 маусым — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне алғашқы сайлау.
- 1938 жылғы 15–17 шілде — 1-ші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-ші сессиясы.
- 1940 жылғы 10 қараша — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшу туралы заң қабылдады.
- 1941 жылғы 16 қараша — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының «Қазақ КСР мемлекеттік әнұраны туралы» Жарлығы.
- 1941 жылғы 17 қараша — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қазақ КСР-інің 25 жылдығына арналған мерейтойлық сессиясы.
- 1942 жылғы 28 мамыр — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы мен ХКК Ленинград қорғаушыларына хат жолдады.
- 1947 жылғы 16 ақпан — 2-ші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы.
- 1957 жылғы 7 желтоқсан — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының «Қазақ КСР-інде балаларды жалпыға бірдей міндетті оқыту туралы» Жарлығы.
- 1959 жылғы 28 наурыз — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және Қазақ КСР-інде халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» заң қабылдады.
- 1959 жылғы 4 маусым — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясы «Өнеркәсіп пен құрылысты басқаруды ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы» заң қабылдады.
- 1961 жылғы 20 наурыз — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Ақмола қаласын Целиноград деп өзгерту туралы Жарлығы.
- 1962 жылғы 6 маусым — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР ауыл халқына мәдени қызмет көрсетуді жақсарту шаралары мен жай-күйі туралы» қаулы қабылдады.
- 1963 жылғы 3 наурыз — 6-шы шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне және жергілікті кеңестерге сайлау.
- 1968 жылғы 20 желтоқсан — «Қазақ КСР еңбекшілер депутаттарының ауылдық, поселкелік Кеңестері туралы» заң қабылданды.
- 1971 жылғы 13 маусым — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау.
- 1973 жылғы 15 тамыз — Қазақстан Компартиясы ОК мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің республикаға Халықтар достығы орденін тапсыруға арналған бірлескен салтанатты мәжілісі.
- 1975 жылғы 14 маусым — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау.
- 1977 жылғы 16 ақпан — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының республика құрамында жаңа аудандар құру туралы Жарлығы жарияланды.
- 1978 жылғы 20 сәуір — Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдады).
- 1978 жылғы 20 желтоқсан — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау туралы Заң бекітілді.
Жоғарғы Кеңес Төралқасының төрағалар тізімі
Жоғарғы Кеңес төрағалары тізімі
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Қазақстан басшылары (1917 жылдан бастап)