Науру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекет Науру Республикасы — Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі бір аттас маржан аралында орналасқан ергежейлі мемлекет. Аумағы — Үлгі:Nobr; халқы — 10 261 адам (2015<ref>Население Науру 2016 | Численность населения Науру</ref>). Тәуелсіздігі 1968 жылы жарияланды.

Науру аралы экватордан оңтүстікке қарай Үлгі:Nobr қашықтықта орналасқан. Ең жақын арал Банаба шығысқа қарай Үлгі:Nobr қашақтықта орналасқан және Кирибати республикасына жатады. Науру Жердегі ең кішкентай тәуелсіз республика болып табылады, ең кішкентай аралдық мемлекет, Еуропа шегінен тысқары ең кішкентай мемлекет және ресми астанасы жоқ әлемдегі жалғыз республика (елдің бейресми астанасы  — Ярен қаласы, елдің парламенті және әуежайы орналасқан).

Мемлекет Ұлттар достастығына кіреді. 1999 жылдың 14 қыркүйегінде Науру Республикасы БҰҰ құрамына кірді. Науру — Тынық мұхит қауымдастығының хатшылығы және Тынық мұхит аралдарының форумы ұйымдарының мүшесі.

Атауы

«Науру» сөзінің тегі нақты белгісіз. Қазіргі кездегідей, наурулықтар аралды бұрын «Naoero» деп атаған. 1909—1910 жылдары аралға келген неміс профессоры Пауль Хамбрух осы сөздің этимологиясына келесі түсіндірмелер берген: оның пікірі бойынша «Naoero» сөзі «a-nuau-a-a-ororo» сөз тіркесінің қысқартылуы (қазіргі жазылуы «A nuaw ea arourõ») болып табылады және науру тілінен «мен теңіз жағасына бара жатырмын» деп аударылады. Бірақ Науру аралында Үлгі:Nobr астам өмір сүрген және науру тілін еселеп оқыған неміс католик миссионері Алоиз Кайзер осы түсіндірмені құптаған жоқ, өйткені жергілікті диалект бойынша қозғалыс етістігімен қолданған «теңіз жағасы» сөздерінен кейін «төмен» деген аударманы беретін «rodu» сілтеу сөзі қолдануы керек еді. Наурулықтардың өздері «теңіз жағасы» сөзін аралдың ең терең және ойпаң жер деп түсінеді. Олар осы сөзді жерге де, теңізге де қолданады.

Аралдың басқа да атаулары бар: 1888 жылға дейін ағылшын колонисттері Науруды «Жағымды арал» (Үлгі:Lang-en) деп атаған. Немістер оған «Nawodo» немесе «Onawero» деген атаулар берген. Еуропалықтар елдің атауын дұрыс айтуы мақсатында «Nauru» сөзінің кейінгі жазылуы «Naoero» дегенге ауыстырылды.

Тарихы

Шамамен 3 мың жыл бұрын Науруды микронезиялықтар және полинезиялықтар мекендген. Нұсқалардың бірі бойынша, Науру аралына алғашқы болып Бисмарк топаралынан қоныс аударушылар және меланезиялықтардың, микронезиялықтардың және полинезиялықтардың ыдырауына дейін праокеания халқының өкілдері келген.<ref>Беликов В. И. Происхождение и миграции полинезийцев (по лингвистическим данным). В сборнике статей: Пути развития Австралии и Океании: история, экономика, этнография. М.: Наука, 1981. С. 243—254.</ref> Дәстүрлі түрде арал тұрғындары өз шығу тегін шеше жағынан санаған. Еуропалықтардың келуіне дейін Науру аралының халқы 12 тайпадан тұрған. Еуропалықтар арасынан алғашқы болып Жаңа Зеландиядан Қытайға қарай бағыт ұстаған ағылшын капитаны Джон Фирн 1798 жылдың 8 қарашасында ашқан және аралға 90 жыл бойы жиі қолданылған «Жағымды» (Үлгі:Lang-en) деген атау берді.<ref name="McDaniel">История Науру. 2000Үлгі:Ref-en</ref><ref>Сайт Департамента образования Науру. 2007Үлгі:Ref-en</ref> Негізгі ауыл шаруашылық дақылдар ретінде кокос пальмасы және панданус өсірілген. Наурулықтар рифте каноэмен және арнайы оқытыған құстармен (үлкен фрегаттар) балық аулаған. Сонымен қатар олар өзіне қосымша тамақтану көзі ретінде Буада көлінде ханос балығын (Үлгі:Lang-la) көндіктіре алды. Балық аулаумен тек қана ерлер айналысқан.

Астында көрсетілген хронологияға тек қана еуропалықтардың Науру аралын ашқаннан кейін тарихи оқиғалар енгізілген.

<timeline> DateFormat = yyyy ImageSize = width:850 height:auto barincrement:50 PlotArea = left:15 right:15 bottom:43 top:43

Colors =

 id:canvas        value:rgb(0.97,0.97,0.97)
 id:grid1         value:rgb(0.80,0.80,0.80)
 id:grid2         value:rgb(0.86,0.86,0.86)
 id:gris          value:gray(0.7)
 id:noir          value:black
 id:contacts      value:drabgreen
 id:Allemagne     value:rgb(0.8,0.30,0.30)
 id:Royaume-Uni   value:rgb(0.86,0.56,0.56)
 id:Japon         value:rgb(0.46,0.26,0.06)
 id:Independance  value:rgb(0.65,0.65,0.90)

Period = from:1798 till:2010 TimeAxis = orientation:horizontal format:yyyy ScaleMajor = unit:year increment:20 start:1800 gridcolor:grid1 ScaleMinor = unit:year increment:5 start:1800 gridcolor:grid2 AlignBars = justify

BackgroundColors = canvas:canvas bars:canvas

BarData=

 bar:Allemagne
 barset:Royaume-Uni

PlotData=

 width:30 fontsize:M textcolor:noir align:center
 # Epoques
 bar:Allemagne color:Allemagne
 from:start till:end color:gris # Arriere plan
 from:1798 till:1888 text:"Еуропалықтармен алғашқы қарым-қатынас" color:contacts
 from:1888 till:1914 text:"Неміс~колониясы" color:Allemagne
 from:1914 till:1942 text:"Австралиялық~басқару" color:Royaume-Uni
 from:1942 till:1945 text:"Жапон~басқыншылығы" color:Japon shift:(0,35)
 from:1945 till:1968 text:"Австралиялық~басқару" color:Royaume-Uni
 from:1968 till:end  text:"Тәуелсіздік" color:Independance
 # Evennements
 #alignement >
 width:25 fontsize:S textcolor:black anchor:from align:left color:noir
 barset:Royaume-Uni
 from:1798  till:1798 text:"1798~Ағылшындық Джон Фирн Науру аралын ашты" shift:(2,0) color:contacts
 from:1830  till:1830 text:"1830~Аралға алғашқы еуропалықтар келді" shift:(2,0) color:contacts
 #alignement
 width:30 fontsize:S textcolor:black anchor:from align:right color:noir
 
 from:1878 till:1888 text:"1878-1888~Тайпалық соғыс" color:contacts
 from:1888 till:1888 text:"1888~Науруды Герман империясымен басып алуы" color:Allemagne
 from:1888 till:1920 text:"1888-1920~Аувейида~королінің~басқаруы" color:Allemagne
 from:1906 till:1906 text:"1906~Фосфориттерді өңдеудің басталуы" color:Allemagne
 from:1914 till:1914 text:"1914~Науруды австралиялықтармен басып алу" color:Royaume-Uni

 # Recommencer l’indentation en haut
 barset:break
 from:1923 till:1923 text:"1923~Науру келісіміне қол қойылды" color:Royaume-Uni align:left shift:(5,0)
 from:1943 till:1946 text:"1943-1946~Чуук аралына 1200 наурулықтың депортациясы" color:Japon align:left shift:(15,0)
 from:1947 till:1968 text:"1947-1968~Ұлыбританияның, Жаңа Зеландияның және Австралияның бақылауына алынған БҰҰ-ның қамқорлықтағы аумақ"color:Royaume-Uni align:left shift:(5,0)
 from:1970 till:1970 text:"1970~«Наурудың фосфат корпорациясы» негізделді" color:Independance
 from:1989 till:1989 text:"1989~Австралияға қарсы БҰҰ Халықаралық сотына қуыным" color:Independance
 from:1999 till:1999 text:"1999~Науру Республикасы БҰҰ-ның мүше елі ретінде кірді" color:Independance
</timeline>

Физикалық-географиялық мінездеме

Жалпы география

Науру аралы Тынық мұхитының батыс бөлігінде, экватордан шамамен Үлгі:Nobr қашықтықта орналасқан.<ref name="UNO">Постоянная миссия Республики Науру в ООНҮлгі:Ref-en</ref> Ең жақын арал Банаба (Ошен) шығысқа қарай 288 км қашақтықта орналасқан және Кирибати Республикасына тиесілі. Айрықша жағалық экономика аймағының (АЭА) ауданы — Үлгі:Nobr<ref>Исключительная экономическая зона Науру. 2006 Үлгі:Ref-en</ref>, оның Үлгі:Nobr аумақтық суларға жатады.

Науру аралы — көтерілген маржан атоллы, жанартау конусының үстіне. Арал сопақ болып келеді, шығыс жағынан жағалау батыңқы — ол жерде Анибар шығанағы орналасқан. Арал аумағы — Үлгі:Nobr<ref name="UNO"/>, ұзындығы — Үлгі:Nobr, ені — Үлгі:Nobr. Жағалық сызықтың ұзындығы — шамамен Үлгі:Nobr.<ref name="krugosvet">Науру. Энциклопедия Кругосвет</ref><ref>Географическое положение Науру. 2007</ref> Ең жоғарғы нүктесі — Үлгі:Nobr<ref name="UNO"/> (басқа мәліметтер бойынша Үлгі:Nobr) — Айво және Буада округтерінің шегінде орналасқан. Жағалаудан шамамен Үлгі:Nobr қашықтықта мұхит тереңдігі Үлгі:Nobr астам құрайды. Бұл жерде мұхиттың түбіне жететін құлама жардың орналасуымен байланысты.

Арал бетінің ені Үлгі:Nobrді құрайтын кысаң жағалық жазық болып келеді, Науруның орталығында биіктігі Үлгі:Nobr дейін жететін әктасты үстіртпен қоршалған. Бұрын үстірт фосфориттердің (науруит) қалың қабатымен жабылған еді. Болжаулы пікір бойынша бұл қабат теңіз құстардың дәреті болып табылады. Арал қысаң маржан рифімен көмкерілген (ені шамамен Үлгі:Nobr<ref name="Assessment">Республика Науру. National Assessment Report Үлгі:Ref-en</ref>). Рифте шағын қайықтарға аралдың маңына тікелей жақындауға мүмкіндік беретін Үлгі:Nobr қазылған, .

Геология

Сурет:Water table Nauru-kk.jpg
Наурудың физикалық картасы

Аралдың ішкі аймағында фосфориттік кен қазу жұмыстарынан қалған үлкен әктасты тісшелер және пирамидалар орналасқан. Бұл құрылыстардың биіктігі кейбір жерлерде Үлгі:Nobr асады, ал карьердің өзі көптеген шұңқырлары мен ойпаттары бар үлкен лабиринт тәріздес. Тар табанды темір жолы аралдың кемежайына өнідірілген фосфориттердің жеткізілуін жеңілдету үшін арнайы құрылған. Әктасты үйінділер аймағында топырақ жамылғысы түгелдей болмағанның нәтижесінде, жаңбырлы су жердің бетінде қалмай, таулы жынысына толығымен сіңеді.

Географтар, геоморфологтар және геологтар аралдың бедерін, топырағын және геологиялық құрылысын жете зерттеп, алынған деректер бойынша Наурудың геологиялық тарихын қалпына келтірді.

Климаты

Наурудағы климат — экваторлық-муссонды, ыстық және ылғалды. Орташа температурасы шамамен Үлгі:Nobr құрайды. Күндіз температура Үлгі:Nobr және Үлгі:Nobr аралығында өзегереді, ал Үлгі:Nobr және Үлгі:Nobr түнгі уақытта.<ref name="Assessment"/> Күндізгі температура Үлгі:Nobr дейін жетуі мүмкін. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері — Үлгі:Nobr<ref name="UNO"/>. Кейде құрғақшылық жылдар болып тұрады, ал кейбір жылдары жауын-шашын мөлшері Үлгі:Nobr-ге дейін жетеді. Осындай елеулі тербелістер Эль-Ниньо құбылысымен түсіндіріледі. Жаңбыр жауатын мезгіл қарашадан ақпанға дейін созылады.<ref name="UNO"/><ref>Климат Науру. 2007 Үлгі:Ref-en</ref> Наурыздан қазанға дейін солтүстік-шығыс бағытындағы желдер үстем болады. Жыл сайын аралда беттік ағымның тугелдей жоқ болғанымен шамамен Үлгі:Nobr су түседі.

Науру үкіметін жаһандық жылыну мәселесі алаңдауда, дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуі жағыдайында аралға су басу қаупі төніп тұр<ref name="UNO"/>. Сондықтан республика әлемдік қоғамдастықтық назарын аударуға тырысып жатыр, ең алдымен, БҰҰ арқылы.

Үлгі:Қаланың ауа райы

Флора және фауна

Сурет:Nauru satellite.jpg
2002 жылы жасалған Науру аралының жерсеріктестік кескіні

Аралдың ауданы кішкентай болғанынан және оның континенталды құрлықтан және ірі топаралдардан оқшаулауы нәтижесінде Науруда жергілікті түтікті өсімдіктердің 60 түрі ғана өседі, және оның ешбірі эндемик болып табылмайды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қатты ойран, кокос пальмасының дара дақылды таралуы және фосфориттерді өңдеу Науру аумағындағы өсімдік жабынының басым бөлігінде жойылуына себеп болды, бірақ қазіргі кезде оның 63 % аумағы бұрынғы қалпына келтірілді.

Аралда жаппай кокос пальмалары, панданустер, фикустер, дәмжапырақ және де басқа жапырақты өсімдіктер өседі. Сонымен қатар Бұталы формациялардың әр түрлі типтері де кең таралған. Өсімдіктер мен ағаштар жағалық аймақта және Буада көлінің айласында аса қалың өседі.<ref name="UNO"/> Науруның ішкі аймағында бөрітарақ, сонымен қатар шие, бадам және манго ағаштары өседі.

Аралдың ойпаң жерлері негізінде тырбақ өсімдіктерге бай, ал қыратты жерлерде ағашты өсімдіктер қалың өседі.

Наурудың жануарлар дүниесі кедей. Барлық сүтқоректілер адаммен кіргізілді: кіші егеуқұйрықтар, мысықтар, иттер және шошқалар, сонымен қатар тауықтар. Бауырымен жорғалаушылар кесірткелермен ұсынылған. Орнитофауна байырақ — барлығы 6 түр (балшықшылар, қарқылдақтар, дауылпаздар, фрегаттар, кептер). Науруда бір ғана сайрағыш құстың түрі мекендейді — Науру айқабағы, арал эндемигі. Аралда жәндіктер және басқа да омыртқасыздар көп. Арал айналасындағы суда түрлі акулалар, теңіз кірпілері, жұмсақденелілер, таңқы шаяндар және басқа улы теңіз жануарлары мекендейді.<ref name="krugosvet"/><ref>Природа Науру. 2007</ref>

Халқы

Саны

Сурет:Scene at Arenibek.jpg
Наурудағы ауыл (1896)

2011 жылдың санағы бойынша, Науру Республикасының халық саны Үлгі:Nobr құрады, соның ішінде ерлер — 5105, ал әйелдер — Үлгі:Nobr<ref name="census-2011" /> Халық тығыздығы — Үлгі:Nobr. Бұдан басқа, арал аумағында Австралияға заңсыз түрде кіруге тырысқан босқындар лагері бар. 2016 жылғы шілде айының соңына қарай лагерде 442 адам тұрған, соның ішінде 338 ер адам, 55 әйел адам және 49 бала; босқындардың басым бөлігі Ауғанстаннан, Ираннан және Ирактан.Үлгі:Sfn

1968 жылы, тәуелсіздікті жариялаған кезде, халық саны Үлгі:Nobr құрады.

Сурет:Nauru Denigomodu-Nibok.jpg
Денигомоду және Нибок округтеріндегі тұрғын ауданы

Наурудағы туу көрсеткіші Үлгі:Nobr, өлім — Үлгі:Nobr, халық санының табиғи өсуі — 1,781 %.<ref name=CIA>Үлгі:Cite web</ref> Нәресте өлімі көрсеткіші 2007 жылы 1000 жаңа туғандарға 9,6 өлім.

2007 жылы Үлгі:Nobr жетпеген балалар үлесі 37,8 % (Үлгі:Nobr) құрады, 15 жастан 60 жасқа дейінгі ересектер саны  — 59,3 % (Үлгі:Nobr), 60 жастан жоғары — 2,9 % (Үлгі:Nobr).<ref name="census-2011" /> Ерлердің орташа өмір сүру көрсеткіші 2011 жылы Үлгі:Nobr құрады, ал әйелдер — Үлгі:Nobr.<ref name="census-2011" />

Аралдың ресми астанасы және қалалары жоқ. Президенттің резиденциясы Мененг округінде орналасқан, ал үкімет мекемелері және парламент — Ярен округінде. Арал тұрғындарының барлығы теңіз жағасының бойында немесе Буада көлінің айналасында тұрады.

Этникалық құрамы

Науру тұрғындарының шамамен 91 % (Үлгі:Nobr) республиканың байырғы халқы  — наурулықтар болып табылады.<ref name="census-2011" /> Науру тұрғындарының жалпы санынан Тынық мұхитындағы аралдардан шыққандар (негізінде фиджилықтар және тунгарулықтар) 4 % құрайды, еуропалықтар — 1,6 % (Үлгі:Nobr),<ref name="census-2011" /> қытайлар — 1,5 % (Үлгі:Nobr). Тұрғындардың ішіндегі шет елдер азаматтарының үлесі жоғары.

Тілдің негізінде наурандықтарды микронезиялық халықтар тобына жатқызылады, бірақ бұл этностың қалыптасуына микронезиялықтар ғана емес, сонымен қатар полинезиялықтар және меланезиялықтар да қатысты.

Тілдер

Наурулықтар микронезия тілі — науру тілінде сөйлейді. 1968 жылға дейін Науру Республикасы Австралияның, Ұлыбританияның және Жаңа Зеландияның бірлескен меншігі болған, сондықтан ағылшын тілі, науру тілімен қатар, мемлекеттік болып табылады.

Науру жазуы латын алфавитінің негізінде құрылып, Үлгі:Nobr тұрған. Кейін, басқа тілдердің елеулі ықпалынан, ең алдымен неміс, ток-писин және кирибати, алфавит Үлгі:Nobr дейін кеңейді. Бұл микронезиялық тілінің зерттеуіне науру тілінде оқулық жазған католиктік миссионер Алоиз Кайзер зор үлес қосты, сонымен қатар американдық (Германияда дүниеге келген) протестанттық миссионері Филипп Делапорт (Үлгі:Lang-en).

Діни құрамы

Бүгінгі таңда Науруда негізінде христиандықтар тұрады. Наурулықтардың көбісі (60,5 % — Үлгі:Nobr) протестанттық шіркеулердің өкілдері болып табылады, соның ішінде 35,2 % (Үлгі:Nobr) — Науру конгрегационалисттік шіркеуінің өкілдері. Бұл шіркеудің Мененг, Буада, Анабар және Нибок округтерінде өзінің кішкентай шіркеулері орналасқан, ал басты шіркеуі Айво округінде. Құдай Ассамблеясынан сенушілер — 12,8 % (Үлгі:Nobr), Наурудың тәуелсіз шіркеуінен — 9,4 % (Үлгі:Nobr). Елде адвентисттер, баптисттер және Иегова куәгерлерінің шағын топтары бар.<ref name="census-2011" />

Науру тұрғындарының шамамен 32,5 % (Үлгі:Nobr) католиктік шіркеудің өкілдері болып табылады,<ref name="census-2011" /> оның Ярен округінде өз шағын шіркеуі, сонымен қатар Ева округінде мектебі (Кайзер колледж) бар. Тұрғындардың шамамен 5 % буддизм және даосизм діндеріне мойынсұнады, 2 % — баһаи. Наурундақтардың шағын тобы дәстүрлі сенімдерді (Эиджебонг (Eijebong) әйел құдайна және Буитани (Buitani) аралдың рухына табыну) ұстанады.

Үкімет кейбір конфессиялардың қызметін шектейді, мысалы, Иса Мәсіхтің заманауи шіркеуі (мормондар) және Иегова куәгерлері (қолдаушылар негізінде Науру фосфат корпорациясында жұмыс істейтін шет елдердің азаматтары).<ref>Религия на Науру. 2007</ref> 1979 жылы Науруға Маршалл аралдарынан келген Иегова куәгерлерінің миссионері елге қайта жіберілді.

1995 жылы шектеулердің бөлігі алынып тасталды.

Саясаты

Мемлекеттік нышандар

Үлгі:Main Науру Республикасының мемлекеттік байрағы, елтаңбасы, әнұраны және конституциясы 1968 жылы қабылданды және бекітілді.

Мемлекеттік құрылымы

Сурет:NRU-Билігі.jpg
Наурудың саяси құрылымы

Науру — тәуелсіз республика.<ref>Конституция Науру Үлгі:Ref-en Часть I</ref> 1968 жылдың 29 қаңтарында қабылданған конституциясы<ref name="Political">Республика Науру Үлгі:Ref-en Из Мировой энциклопедии политических систем, 3-е издание, Нью-Йорк</ref> (толықтырулар 1968 жылдың 17 мамырында енгізілді) бойынша Науру парламентаризмның Вестминстер жүйесіндегі республикалық басқару формасы бар мемлекет,<ref name="Department">Правительство Австралии. Департамент иностранных дел и торговли. Республика Науру: справка по стране — март 2007 года Үлгі:Ref-en</ref> сонымен қатар президенттік басқару формасының кейбір ерекшеліктері де кездеседі.<ref name="Transparency">Международный доклад по вопросам коррупции. Науру 2004 Үлгі:Ref-en С. 7</ref>

Заң шығарушы билік

Заң шығарушы биліктің жоғары органы — 19 депутаттан тұратын бір палаталы парламент.<ref>Конституция НауруҮлгі:Ref-en Часть IV</ref> 2013 жылға дейін депутаттар саны 18 адам болған. Парламент мүшелерінің сайлау реті Науру Конституциясымен анықталады. Жалпыұлттық сайлау; депутат ретінде тек қана Үлгі:Nobr жеткен Науру азаматы бола алады. Парламент депутаты қызметіне кірісер алдында ант беріледі. Парламент мүшелерінің өкілеттік мерзімі — Үлгі:Nobr. Ел президентімен кеңесуінен кейін парламенттің спикермен таратылуы жағдайында өкілеттік мерзімнің өтуіне дейін тоқтатылуы мүмкін.

Алғашқы отырыста парламент мүшелері парламент спикерін және оның орынбасарын таңайындайды, кейін өз құрамынан ел президентін сайлау процессіне кіріседі.

Атқарушы билік

Үлгі:Тағы қараңыз

Сурет:NRU-Gadabu-DeRoburt-1968.jpg
Наурудың алғашқы президенті (ортада)

Науруның мемлекет және үкімет басшысы — президент. 2013 жылдың 11 маусымынан бастап эксперимент ретінде ел парламенті президенттің және премьер-министрдің қызметін бөлу туралы шешім қабылдады.<ref>Барон Вака избран новым президентом Науру</ref> Президенттің және премьер-министрдің сайлау реті Науру Конституциясымен белгіленген. Президент ретінде парламент мүшесі ғана сайлана алады. Президент парламент сайлауынан кейін парламент отырысында сайланады. Президент орнына үміткер жай көпшіліктің басым дауысын жинағаннан кейін сайланған болып саналады. Президенттің өкілеттік мерзімі — Үлгі:Nobr және бір адам бір уақытта ел президенті және парламент мүшесі ретінде бола алмайды. Президенттің өкілеттік мерзімінің өтуіне дейін өз еркімен орнынан түсуі жағдайында, денсаулықпен байланысты тұрақты жарамсыздық жағыдайнда өз міндеттерін атқармауы немесе қызметтен кетіру (импичмент) жағыдайында тоқтатылуы мүмкін. Президентті қызметтен кеттіру үшін парламент депутаттарының жартысынан кем емес дауыс беруі тиіс. Президент импичментінен кейін президент сайлауы басталады. Егер президенті қызметтен кеттіру шешіміне келген парламент мүшелері жеті күн ішінде жаңа президентті сайламаса, онда парламент автоматты түрде таратылады.

Сот билігі

Сурет:Nauru Government.jpg
Наурудың үкімет (сол жақта) және парламент (оң жақта) ғимараты

Наурудағы сот билігі толығымен тәуелсіз. Республикада ортақ құқық әрекет етуде — құқық көзі ретінде үлгілі сот ісі болып саналатын құқықтық жүйе. 1971 жылғы ортақ құқық және қабылданған заңдар Актісі (Үлгі:Lang-en) бойынша, науру дәстүрлері, тәжірибелері, және институттары Науруның құқықтық жүйесін құрайды.<ref name="Transparency"/>

Наурудағы сот органдарының жүйесіне Жоғарғы сот, апелляциялық сот, аймақтық сот және отбасы істері бойынша соттар кіреді. Республикадағы жер комитетінің (Үлгі:Lang-en) жарлығы бойынша, елде жер дауларын және Науруның Жоғары сотына апелляцияларды беруге құқығы бар жер комитеті қызмет атқарады.

Науру конституциясының 48 бабы бойынша жоғарғы судьядан және судьялар тобынан тұратын Жоғарғы сот негізделді. Жоғарғы судья, Жоғарғы соттың басқа да судьялары секілді Науру президентімен тағайындалады.

Көптеген мәселелерде жоғарғы сот инстанциясы ретінде Австралияның Жоғарғы соты болып табылады.<ref name="Political"/>

Сыртқы саясаты және халықаралық қатынастар

Науру Республикасы 1968 жылы тәуелсізлідкті алғаннан кейін Ұлттар достастығына мүше болған кезіннен бастап арнайы жағдайға ие. 1999 жылдың мамырынан бастап 2006 жылдың қаңтарына дейін Науру бұл ұйымның толық құқықты мүшесі болған.<ref>Сайт Содружества наций Үлгі:Ref-en</ref> 1999 жылдың 14 қырқүйегінен бастап ол Біріккен Ұлттар Ұйымының 187-ші мүшесі болды. Сонымен қатар мемлекет Тынық мұхит аралдарының форумы, Азия даму банкі (1991 жылдың қыркүйгінен бастап 52-ші мүшесі<ref name="Political"/>), Африка, Кариб бассейні және Тынық мұхит аймағының елдері және де басқа халықаралық ұйымдарының мүшесі болып табылады.

Науру Республикасы көптеген әлем мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастарды сақтайды. Оның басты серіктестері Австралия, Ұлыбритания, Үндістан, Қытай Республикасы, Корея Республикасы, Жаңа Зеландия, АҚШ, Таиланд, Филиппиндер және Жапония болып табылады.

Наурудың әкімшілік бөлінісі

Науру Республикасының әкімшілік-аймақтық бөлінуі 14 ауданнан тұрады:

Округ Бұрынғы
атауы
Аумағы,
км²
Халқы,
адам (2005)
Тығыздық,
адам/км²
Ауылдар
саны
1 Айво Айуэ 1,00 1 092 1092,00 8
2 Анабар Анэбвор 1,43 502 351,05 15
3 Анетан Аньетань 1,00 516 516,00 12
4 Анибар Энибоди 3,14 160 50,96 17
5 Баити Байди 1,23 572 465,04 15
6 Боэ Бои 0,66 795 1204,55 4
7 Буада Арэнибок 2,66 716 269,17 14
8 Денигомоду Деникомоту 1,18 2 827 2395,76 17
9 Ева Эуа 1,17 318 271,79 12
10 Июв Июб 1,12 303 270,54 13
11 Мененг Менень 2,88 1 830 635,42 18
12 Нибок Эннибек 1,36 432 317,65 11
13 Уабо Уэбои 0,97 335 345,36 6
14 Ярен Мокуа 1,50 820 546,67 7
  Науру Наоуро 21,30 11 218 526,67 169

Қазіргі жайы және экономика

Жалпы сипаттама

Сурет:Nauru-phosphateship.jpg
Тасымалдағыштың көмегімен балкерге фосфориттерді тиеу

Жер қойнауы фосфориттерге бай болған Науру Республикасы 19701980-ші жылдар аралығында жан басына шаққандағы 13 мың АҚШ долларды құраған<ref name="krugosvet"/> әлемдегі ең бай мемлекеттердің қатарында болған. 1986 жылы ЖҰӨ жан басына шаққандағы 20 мың АҚШ долларды құрады. Сол кезде арал экономикасы көбінесе жұмыс күшінің шеттен кіруінен тәуелді болды, негізінде, көршілес аралды мемлекеттерден — Кирибати және Тувалу.<ref name="krugosvet"/> Сол уақытта фосфориттер экспортының бағасы импорт бағасынан төрт есе асты, негізгі сырттық сауда серіктестері Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония және Ұлыбритания болған<ref name="krugosvet"/>. Жақын арада валюттық түсімдердің жалғыз көзінің жабылуын болжаған үкімет, экспорттық түсімінің елеулі бөлігін шет елдердегі қозғалмайтын мүлікке және арнайы жинақтаушы қорларға салды.<ref name="krugosvet"/> Бірақ, пайдалы қазбалар қорларының түгелге жуығы таусылған кезде, мемлекет ел болашағын жеткіліксіз ойластырғаны туралы белгілі болды.<ref>Науру. Островок любви к России. // Новая Газета, № 145 от 24 желтоқсан 2010 г.</ref>

Фосфориттерді өңдеу Науруның жер бедеріне және аралдың орталық аймағындағы үстірттің өсімдік жабынына жойқын әсер етті. 1989 жылға қарай елдің 75 % аумағында белсенді кен шығару жұмыстары жүргізілді және орманның 90 % жойылды (өсімдік жабындының Үлгі:Nobr). Жердің рекультивация жұмыстары жүргізілген жоқ, сондықтан XX-шы ғасырдың соңына қарай құрғақ жердің 80 % «ай пейзажына» ұқсайтын тақыршаққа айналды.<ref>Южнотихоокеанская региональная программа по изучению окружающей среды. Воздействие фосфоритных разработок на экосистему тихоокеанских островов. — Новая Каледония, Нумеа: Южнотихоокеанская комиссия, 1989 Үлгі:Ref-en</ref>

1989 жылы Науру Республикасы БҰҰ-ның халықаралық сотына Австралияның аралды басқарған кездегі әрекеттері туралы қуыным берді — әсіресе фосфориттерді игерудің нәтижесінде ауыр экологиялық зардаптары туралы. Австралия өтемақыны төлеуге міндетті болды. Кен орындарының таусылуы саяси тұрақсыздыққа себеп болды, 1989 жылдан 2003 жылға дейін елде үкімет 17 рет ауысты.

1990-шы жылдары Науру аралы офшорлық аймаққа айналды. Аралда бірнеше жүздеген банктер тіркелді. ФАТФ (Криминалды капиталдардың ізін жасыруға қарсы күрес бойынша үкіметаралық комиссия) қысуымен және АҚШ жағынан санкциялар салу қаупі пайда болғаннан кейін, 2001 жылы Науру Республикасы шектеуді, ал 2003 жылы — офшорлық банктердің әрекеттерін тыйым салуға және ақшаның ағылуына қарсы шараларды қолдануға мәжбүр болды.<ref name="roche-duffay03">Науру закроет офшорные банки. 2003</ref><ref>США планирует санкции против Науру. 2003</ref><ref>Науру ликвидирует офшорные банки. 2003</ref><ref>FATF принимает жёсткие меры к Науру. 2002</ref><ref>США вводят санкции против Украины и Науру. 2002</ref>

Науру Республикасы шетел азаматтарына паспорттарды сатуымен айналысқан («инвесторлар паспорттары»), бірақ соңғы жылдары осындай тәжірибеден бас тартты.<ref name="roche-duffay03"/><ref name="money">Деньги на Науру. 2007</ref>

2003 жылдың басында Науруда қатты саяси дағдарыс орын алды. Президент орнына бірден екі үміткер болды: Рене Харрис және Бернард Довийого. Қақтығыстар кезінде президенттік резиденция жанып кетті және телефон байланысы ажыратылды. Сыртқы дүниемен байланыс бірнеше апта ішінде тек қана портқа жерсеріктестік телефоны бар кеме кірген кезде ғана жүзеге асырылды.<ref>Политический кризис на Науру. 2003</ref>

Соңғы жылдары елге келетін кірістің басым бөлігі австралиялық көмек болып табылады. Австралияға жетуді көздейтін босқындарға өз аумағында уақытша баспана беруді Австралия Науруға демеушілік етеді, бұл демеушілік елдің маңызды табыс көзі.

Ауыл шаруашылығы

Аралдың жағалаудағы белдеуде, негізінде, жергілікті нарыққа жеткізілетін банандар, ананастар, папайя, манго, астық ағашы, кокос пальмалары өсіріліп жатыр.

Байланыс

Алғашқы пошта маркалары Науруда 1916 жылы шығарылды.

Наурудағы жалғыз радиостансасы үкіметке ие және негізінде «Австралия радиосы» және Би-Би-Си бағдарламаларын хабар таратады. Сонымен қатар аралда үкіметтік «Nauru TV» телевидениесі бар.

Науруда тұрақты баспа БАҚ-тары жоқ. Кейде «Nauru Bulletin» (ағылшын және науру тілдерінде) және «The Visionary» («Наоэро Амо» оппозициялық партиясының меншігіндегі газета) газеттері шығарылады. Екі аптада бір рет «Central Star News» және «Nauru Chronicle» газеттері жарық көреді.<ref>World Association of Newspapers. 2004 Үлгі:Ref-en</ref>

Туризм

Сурет:Nauru House.jpg
Мельбурндағы Науру-Хауз (ортада). Бұрын бұл ғимарат Наурудың фосфаттық компаниясына ие болған, бірақ 2004 жылы қаржы борыштарын төлеу үшін сатылды

Аралдағы фосфориттерді өңдеуден кейін қоршаған ортаның ластануы кесірінен туризм шектелуде. Елден кететін барлық жолаушылардан әуежайда тікелей төленетін 25 Австралия доллары көлемінде әуежай алымы алынады. Алымдардан Үлгі:Nobr жетпеген балалар, экипаж мүшелері, транзиттық жолаушылар және қолында Науру Республикасы Әділет министрлігінің арнайы жазбаша рұқсат хаты бар адамдар ғана босатылған.<ref>Формальности и правила въезда в Науру. 2004</ref>

Ақша жүйесі және қаржы

XXI ғасырдың басынша Науру үкіметі қаржы саласында көптеген мәселелерге тап болды, ең алдымен, фосфориттер экспортының төмендеуінен. Нәтижесінде, 2002 жылы мемлекет кейбір кредиторлардың алдында қарыздарын уақытылы төлей алмады. Үкімет Науру Банкінің ресурстарына сене отырып, банк арқасында бюджет тапшылығынның проблемаларын шешуді және роялтиді төлеуге тырысуда.

Наурудың ақша бірлігі Австралия доллары болып табылады. Аралдағы инфляции деңгейі айтарлықтай жоғары — 2001 жылы 4 % (негізгі себеп: әлемдік нарықтағы мұнай бағасының және оны тасымалдауға жұмсалатын шығындарының жоғарлауы) құрады<ref name="Finance">ООН. Социально-экономические показатели НауруҮлгі:Ref-en</ref>. 2000 жылы бюджет тапшылығы 10 млн австралиялық долл. құрады немесе елдің шамамен 18 % ЖІӨ.<ref name="Finance"/> Мемлекеттік борыш жоғарлады — 2000 жылы ол 280 млн австралиялық долл. құрады.<ref name="Finance"/>

Науруда сатудан салық алынбайды, бірақ бірқатар тауарларға салық өндіру ережелері мерзімді өзгеріп тұратын баж салықтары салынады. Темекі өнімдеріне және алкогольге салық салынбайды.<ref name="money"/>

Дүкендердің жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін — сағат 09:00 - 17:00-ге дейін, сенбі күндері — сағат 09:00 - 13:00-ге дейін, бірақ көптеген жеке меншікті дүкендер өз кестелері бойынша жұмыс істейді.<ref>Шоппинг в Науру. 2004</ref>

Мәдениет

Науру аралының ерте мәдениеті туралы деректер өте аз: Батыстың қатты ықпалынан көптеген салт-дәстірлері жергілікті тұрғындарымен ұмытылды. Көне наурулықтарда жазуы болмағандықтан, елдің мәдени байлығын зерттеуді бастаған ғалымдар қиындықтарға тап болды.

Науру аралындағы отаршылдыққа дейінгі тұрғындарының әлеуметтік ұйымы

Наурулықтардың ерте мәдениеті аралды мекендеген 12 тайпаның мәдениетінде негізденді. Науруда ортақ көсем болған жоқ, және әр тайпаның тарихы бөлек. дәстүрл бойынша тайпалар руларға бөлініп, және рулардағы әрбір адам белгілі бір таптарға қатысты болған: темонибе (Үлгі:Lang-na), эмо (Үлгі:Lang-na), амененгаме (Үлгі:Lang-na) және энгаме (Үлгі:Lang-na). Екі ауқатсыз тап итсио (Үлгі:Lang-na) және итиора (Үлгі:Lang-na) деген атауларға ие болған. Адамның қай тапқа жататындығын анықтау үшін басты фактор — анасының шығу тегі болған. Артықшылықты жағдайға темонибе табының адамдары ие болған. Олар балық аулаумен айналысқан және теңіздегі жеке телімдерін иеленді.

Сол кезде қоныстардың басым бөлігі теңіз жағасында орналасқан, бірақ кейбіреулер Буада көлінің жаныңда тұрған. Арал тұрғындары екі-үш үйден тұратын шағын «қоныстарда» өмір сүрген. Олардың көбісі кейін ауылдарға біріккен. Науруда барлығы 14 облысқа біріккен 168 ауыл болған. Қазіргі кезде олар аралдың 14 облысын құрайтын әкімшілік округтері болып табылады.

Наурудағы әрбір отбасыға телім тиесілі болған, кейбіреулері — Буада көлінің жағасындағы балық тоғандарына ие болған.

Спорт

Сурет:Linkbelt1999-Finalspiel.jpg
«Линкбелт Овал» стадионында өткен австралиялық футболдан 1999 жылғы матч

Наурудағы ұлттық спорт түрі Австралия футболы болып табылады. Өзінің футболдан ұлттық құрама командасы бар, бірақ елдегі кәсіби спортшылардың және үлкен стадиондардың жоқ болғанына байланысты ФИФА-мен және Океанияның футбол конфедерациясымен танылған жоқ. Ойыншылар формасының түсі — көк түсті, көлденең сары жолағы бар. Ұлттық құраманың басқа ел командасымен алғашқы ойыны 1994 жылдың 2 қазанында өтті. Сол ойында науру командасы Соломон аралдарының құрамасын 2:1 есебімен жеңді. Науру құрамасы үшін бұл үлкен жеңіс болған, өйткені Соломон аралдары жеңіске жетеін басты үміткер ретінде саналған (олар сол жылғыы Меланезия Кубогының жеңімпаздары). Аралда бірнеше спорттық алаңдар және стадиондар бар: «Линкбелт Овал» (Айво округінде орналасқан, бірақ ол едәуір ескерген және халықаралық стандарттарға сай емес), Мененг стадионы (2006 жылы құрылған және 3500 көрерменді сыйдыра алады) және Дениг стадионы.

Сонымен қатар ауыр атлетика, софтбол, баскетбол және теннис секілді спорт түрлері кең тараған. Ел үкіметі көбінесе ауыр атлетикаға назар аударады: дәл осы спорт түрінен Науру үлкен жетістіктерге қол жеткізді. 1990 жылғы Ынтымақтастық ойындары кезінде ауыр атлетші Маркус Стивеннің таңғаларлық жеңісінен кейін Науруда Науру ұлттық Олимпиада комитеті құрылды. 1992 жылы Маркус Барселонада өткен Олимпиада ойындарында алғашқы науру спортшысы болған. Ресми түрде Олимпиада қозғалысына Науру 1996 жылы қабылданды. Науруның алғашқы ресми атлеттері Маркус Стивен, Джерард Гарабван және Куинси Детенамо болған.

Науруның ең табысты теннисистері Дэвид Детудамо және Ангелита Детудамо болып табылады.

Мерекелер

Дата Атауы Ағылшынша атауы
1 қаңтар Жаңа жыл New Year’s Day
31 қаңтар Тәуелсіздік күні Independence Day
өзгереді Жарқын жұма Good Friday
өзгереді Жарқын дүйсенбі Easter Monday
өзгереді Жарқын сейсенбі Easter Tuesday
17 мамыр Конституция күні Constitution Day
25 қыркүйек Жастар күні National Youth Day
26 қазан Ангам күні Angam Day
25 желтоқсан Рождество Christmas Day
26 желтоқсан Сыйлықтар күні Boxing Day

Әлеуметтік сала

Денсаулық сақтау

Халықты сумен қамтамасыз етудің жағыдайын жақсарту және тұрақты санитарлық-профилактикалық іс-шараларды өткізуді негізгі мақсат ретінде көздейтін денсаулық сақтау мәселелерін тиімді шешу бойынша мемлекеттік бағдарламаның нәтижесінде, соңғы жылдары аралда жұқпалы ауруларының таралуын болдырмауына қол жеткізді. Осыған қарамастан, жұқпалы емес аурулар, диабет, гипертония, жүрек-қан тамыр аурулары және қатерлі ісік, сонымен қатар респираторлық аурулар, адамдар өлімінің негізгі себебі болып тұр.<ref name="WHO">Науру. Доклад Всемирной организации здравоохраненияҮлгі:Ref-en</ref> Науру халқы семіздіктен қатты азап шегіп жатыр.<ref>Mean age-standardized body mass index (BMI), kg/m2 Males aged 20 and over, 2008</ref> БҰҰ мәліметтері бойынша, Науру семіздікпен ауыратын адамадар саны бойынша әлемде бірініші орында.<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2003 жылы ересек адамдар арасындағы диабет тарауының көрсеткіші (30,2 %) әлемдегі ең жоғары деңгейде болған. Наурудағы семіздіктің негізгі себебін арзан мол калориялы азықпен, бірінші кезекте ет консервілерімен байланыстырады.<ref>Spam at heart of South Pacific obesity crisis — Telegraph</ref>

Науру денсаулық сақтау саласындағы ең басты мәселе кадрлардың жетіспеушілігі болып табылады, сондықтан ел үкіметі осы салаға мүмкін болғанша көбірек мамандарды тартуға талпынып отыр. Аралдағы медициналық қызмет көрсетуі тегін. 1999 жылдың шілдесінде Науру жалпы ауруханасы (Үлгі:Lang-en) және Ұлттық фосфат корпарациясының ауруханасы (Үлгі:Lang-en) бес дәрігер қызмет ететін Науру Республикасының ауруханасына (Үлгі:Lang-en) біріктірілді. Ауыр сырқаттармен ауыратын науқастарды емделуге негізінде Австралияға жібереді.

1995—1996 жылдары аралығында денсаулық сақтау саласына жұмсалған шығын 8,9 млн австралиялық долларды, немесе елдегі барлық бюджеттің 8,9 %-ын құрады<ref name="WHO"/>. Кәсіби дәрігерлердің басым бөлігі экспатрианттар болып табылады.<ref name="WHO"/>

Білім беру

Наурудағы білім беру 6 жастан 15 жасқа (1—10 сыныптар) дейін міндетті болып табылады. Сонымен қатар білім беру системсына ерте жастағы балаларға арналған 2 саты: мектепке дейінгі (Үлгі:Lang-en) және даярлық (Үлгі:Lang-en) сатылары кіреді.

Бастауыш білім беру 6 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға оқудың алғашқы Үлгі:Nobr бойы беріледі. Окудың алғашқы екі жылы Ярен округінің (Үлгі:Lang-en) бастауыш мектебінде беріледі, үшінші және төртінші — Айво округінің бастауыш мектебінде (Үлгі:Lang-en), ал бесінші жылдан бастап — Науру колледжінде (Үлгі:Lang-en). Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін экзамендер тапсырылып, бастауыш мектепті бітіргені туралы Сертификат (Үлгі:Lang-en) беріледі.

Келесі саты — орта мектеп (7—10 сыныптар міндетті түрде және 11—12 сыныптар ерікті білім алу). 10 сыныптан кейін орта білім Сертификатын (Үлгі:Lang-en) алу үшін экзамендер тапсырылады. Оқушы білім алуды жалғастырған жағыдайда 12 сыныптан кейін толық орта білім Сертификатына (Үлгі:Lang-en) ие болу үшін экзаменнен өтеді.

Жоғары білімді арал тұрғындары шекарадан тыс елдерде алады, негізінде Австралияда. Сонымен қатар Науруда Оңтүстік Тынық мұхит университетінің (Үлгі:Lang-en) бөлімшесі орналасқан, онда сырттай оқу курстары өткізіледі.

Наурудағы білім беру тегін.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Commonwealth of Nations