Ұлттар достастығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұлттар достастығы (Үлгі:Lang-en) — Ұлыбритания мен оның бұрынғы отарлары және доминиондарын (Австралия, Жаңа Зеландия, Канада, Камерун, Мозамбик, Үндістан, Пәкстан, Оңтүстік Африка Республикасы, т.б. 54 мемлекет) біріктіретін мемлекеттер қауымдастығы. 1947 жылға дейін Британ ұлттар достастығы деп аталған. Бұған кіретін елдердің кейбіреулері Ұлыбритания королевасын өздерінің мемлекет басшысы ретінде мойындайды. (Королеваның сол елдегі өкілі генерал-губернатор болып табылады). Британ достастығының құқылық мәртебесі 1931 жылы Вестминстер статуcымен бекітілген, 1942 жылы кейбір түзетулер енгізілді. Британ достастығының жұмысын арнайы құрылған Секретариат үйлестіреді. Ол жыл сайын достастыққа мүше мемлекеттердің бірлескен конференцияларын өткізіп отырады. Бұған қоса Ұлыбритания үкіметінде тек осы достастық істерімен айналысатын арнайы министрлік жұмыс істейді.


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ұлттар достастығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}