Науру (арал)
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Арал Науру (Үлгі:Lang-en, Үлгі:Lang-na) — Микронезия оңтүстігіндегі Тынық мұхитының батыс бөлігінде орналасқан маржан аралы. Арал аумағы — 21,3 км². 2007 жылдың шілде айында өткізілген халық санын бағалауы бойынша Науру Республикасының халық саны 13 528 адамды құрады, соның ішінде ерлер — 6763, ал әйелдер — 6765 адам.<ref name=autogenerated1>Науру. Справочник ЦРУ. 2007Үлгі:Ref-en</ref> Науру біршама сирек кездесетін маржан аралдары түріне жатады — көтерілген атолл. Аралдың орталық бөлігінде көне лагунаның қалдығы болып табылатын сәл тұзды тұщы сулы Буада көлі орналасқан. Сонымен қатар аралдың солтүстігінде Анабар шағын көлдер тобы орналасқан.
Науру аралы экватордан оңтүстіке қарай 42 км қашықтықта орналасқан. Ең жақын арал — Банаба — Наурудан шығысқа қарай 306 км қашықтықта орналасқан және Кирибати Республикасына ие. 1968 жылы арал өз тәуелсіздігін жариялады. Қазіргі кезде ол әлемдегі ең кішкентай тәуелсіз республика болып табылады.
Геологиясы
Аралдың ішкі аймағында фосфориттік кен қазу жұмыстарынан қалған үлкен әктасты тісшелер және пирамидалар орналасқан. Бұл құрылыстардың биіктігі кейбір жерлерде Үлгі:Nobr асады, ал карьердің өзі көптеген шұңқырлары мен ойпаттары бар үлкен лабиринт тәріздес. Тар табынды темір жолы аралдың кемежайына өнідірілген фосфориттердің жеткізілуін жеңілдету үшін арнайы құрылған. Әктасты үйінділер аймағында топырақ жамылғысы түгелдей болмағанның нәтижесінде, жаңбырлы су жердің бетінде қалмай, таулы жынысына толығымен сіңеді.
Географтар, геоморфологтар және геологтар аралдың бедерін, топырағын және геологиялық құрылысын жете зерттеп, алынған деректер бойынша Наурудың геологиялық тарихын қалпына келтірді.
Флора мен фаунасы
Аралдың ауданы кішкентай болғанынан және оның континенталды құрлықтан және ірі топаралдардан оқшаулауы нәтижесінде Науруда жергілікті түтікті өсімдіктердің 60 түрі ғана өседі, және оның ешбірі эндемик болып табылмайды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қатты ойран, кокос пальмасының дара дақылды таралуы және фосфориттерді өңдеу Науру аумағындағы өсімдік жабынының басым бөлігінде жойылуына себеп болды, бірақ қазіргі кезде оның 63 % аумағы бұрынғы қалпына келтірілді.
Аралда жаппай кокос пальмалары, панданустер, фикустер, дәмжапырақ және де басқа жапырақты өсімдіктер өседі. Сонымен қатар Бұталы формациялардың әр түрлі типтері де кең таралған. Өсімдіктер мен ағаштар жағалық аймақта және Буада көлінің айласында аса қалың өседі. Науруның ішкі аймағында бөрітарақ, сонымен қатар шие, бадам және манго ағаштары өседі.
Аралдың ойпаң жерлері негізінде тырбақ өсімдіктерге бай, ал қыратты жерлерде ағашты өсімдіктер қалың өседі.
Наурудың жануарлар дүниесі кедей. Барлық сүтқоректілер адаммен кіргізілді: кіші егеуқұйрықтар, мысықтар, иттер және шошқалар, сонымен қатар тауықтар. Бауырымен жорғалаушылар кесірткелермен ұсынылған. Орнитофауна байырақ — барлығы 6 түр (балшықшылар, қарқылдақтар, дауылпаздар, фрегаттар, кептер). Науруда бір ғана сайрағыш құстың түрі мекендейді — науруан айқабағы, арал эндемигі. Аралда жәндіктер және басқа да омыртқасыздар көп. Арал айналасындағы суда түрлі акулалар, теңіз кірпілері, жұмсақденелілер, таңқы шаяндар және басқа улы теңіз жануарлары мекендейді.<ref>Природа Науру. 2007</ref>