Көтерілген атолл
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Nauru satellite.jpg
Науру аралының аэрофотосуреті
Көтерілген атолл (немесе көтеріңкі атолл) — біршама сирек кездесетін маржан аралының түрі, бұрынғы атолл. Әдетте мұхит деңгейінен 50—60 м биіктікке дейін жететін әктасты үстірт түрінде болып келеді. Негізінде периметрі бойымен шеткі жалдар орналасқан, ал орталығында — лагунаның қалдықтары.
Көтерілген атоллдардың ерекше үлгілері — Науру, Ниуэ және Тонга (соның ішінде Тонгатапу және Вавау) топаралындағы аралдар тобы. Сонымен қатар осы топқа келесі аралдарды және аралдар топтарын жатқызуға болады: Реннелл, Бука, Уэйк, Джонстон, Банаба және Хендерсон.
Сонымен қатар көтерілген атолл макатеа (полинезия тілінен makatea «әктас») атауымен белгілі.
Әдебиет
- Игнатьев Г. М. Тропические острова Тихого океана. Москва, изд-во «Мысль», 1978, 270 c. (орысша)