Есей Жеңісұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Есей Жеңісұлы (9 қаңтар 1978 жыл, Кеген ауылы, Кеген ауданы, Алматы облысы) — қазақ журналисі, жазушы, спорт комментаторы<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Өмірбаяны

Есей Жеңісұлы 1978 жылдың 9 қаңтарында Алматы облысы Кеген ауданының Кеген ауылында дүниеге келген.

Ақай Нүсіпбеков атындағы мектепті тәмамдағаннан кейін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде білім алды. Студенттік жылдары айтысқа араласқанымен, екінші курстан кейін бұл жолды жалғастырмаған.

Еңбек жолы

1998 – 2004 жылдар аралығында – республикалық «Жас Алаш» газетінде тілші. Жұмысқа Нұртөре Жүсіп қабылдады, Бақтияр Тайжан мен Сәкен Сыбанбай қасында журналист болып қызметін бастады.

2004 – 2008 жылдары – «Жас қазақ» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.

2008 жылы – «Қазақстан» ұлттық арнасы спорт хабарлары бөлімінің жетекшісі.

2008 – 2012 жылдары – республикалық «Ұлан» газетінің бас редакторы.

2012 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз хатшысының орынбасары.

2013 жылы – «QazSport» телеарнасының директоры.

2013 жылы – «Дала мен қала» газетінің аға тілшісі.

2014 – 2017 жылдары «Айқын» газетінің шығарушы редакторы.

2017 – 2020 жылдары  Ұлттық аударма бюросында редактор-аудармашы<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2021 – 2025 жылдары "Ақ желкен" журналының бас редакторы болды.

Шығармашылығы

Есей Жеңісұлының өлеңдері мен шығармалары аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда жарық көре бастады (1988). 2012 жылдан бастап барлық ірі спорт жарыстарының комментаторы. "Қазақстан барысы" жобасының тұрақты комментаторы.

Комментаторлық қызмет

Комментаторлыққа қызығушылығы студент кезінен басталды. 1998 жылы Францияда өткен футболдан әлем чемпионаты кезінде «Хабар» радиосында өндірістік тәжірибеден өтті. Алғашқы комментаторлық тәжірибесін 2006 жылы футбол матчтарының соңғы минуттарын жүргізуден бастады. 2007 жылы Алматыдағы кәсіпқой бокс кешін жүргізді.

2008 жылдың қаңтарында KzSport1 арнасының ашылуына қатысып, алғашқы комментаторлардың бірі болды. Содан бері футбол, бокс, велоспорт және өзге де спорт түрлерінен тікелей эфирлерде жұмыс істеп келеді. Германияда өткен футболдан әлем чемпионатына, «Тур де Франс», «Джиро д’Италия» сияқты халықаралық жарыстарға тілші әрі сарапшы ретінде қатысқан<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Әдеби еңбектері

  • Бір жарық (жыр жинағы) (2009)  
  • Сендер бәрің жақсысыңдар, адамдар (публицистика) (2012)  
  • Мынау ғазиз дүние (балаларға арналған әңгімелер) (2015)  
  • Шуақ (өлеңдер мен әңгімелер) (2017)  
  • Көкжиектің арғы жағы - әлем (өлеңдер) (2024)
  • Жауынқұрттың пайдасы (суретті кітапша) (2025)

Одақтарға мүшелігі

Марапаттары

  • Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты
  • Бірнеше республикалық жыр мүшәйрасының жүлдегері
  • «Дарабоз» балаларға арналған шығармалар бәйгесінің жүлдегері
  • «Тұмар» – 2023 ұлттық телевизиялық байқауында «Үздік спорт комментаторы» номинациясын жеңіп алды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Отбасы

Отбасылы, төрт баласы бар.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер