Сұлтанғали Қаратайұлы Қаратаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Сұлтанғали Қаратайұлы Қаратаев (23 маусым 1936, Қазақ КСР, Ақтөбе облысы27 ақпан 2018, Қазақстан, Алматы ) — қазақтан шыққан тұңғыш спорт комментаторы. Рабат Жәнібеков, Диас Омаров, Қынабай Аралбаев секілді танымал комментаторлардың кәсіби ұстазы, спорт журналисі.

Өмірбаяны

1936 жылы 23 маусымда Ақтөбе облысында өмірге келген. 18 жасында, сегізінші сыныпты бітіргенде лагерге оны дене шынықтыру жетекшісі ретінде жібереді де, спортқа ең алғаш солай бауыр басады<ref>http://old.aikyn.kz/ru/interview/show/25837-s_ltan_ali_aratai_ly_kommentator_b_l_md_bolu_a_ti_s Үлгі:Webarchive</ref>.

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Алматының Орталық стадионынан тікелей эфирде алғаш рет қазақша сөйлеген қазақ комментаторы. Комментаторлық жұмысты Қазақ радиосы мен Қазақ телевидениесінде атқарған.

Сұлтанғали Қаратаевтың бүгінде қазақ комментаторлығына қажетті көптеген термин сөздерді де енгізді. Мәселен, "Айып алаңы", "Оң қаптал", "Сол қаптал", "Қосалқы құрам" тағы басқасы да бар. Бүгінде сол сөз тіркестері жиі қолданылады.

Спорттың барлық түрінен трансляция жүргізген.

Басқа да фактілер

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданының құрметті азаматы.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер