WikiBilim

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ұйым

"WikiBilim" қоғамдық қоры - қоғамдық негізде құрылған қор нысанындағы қазақстандық коммерциялық емес заңды тұлға. Қор қазақ тіліндегі ағартушылық мазмұнды дамытуды мақсат етеді<ref>WikiBilim" қоғамдық қорының ресми сайты</ref>.

Қор атауы "Wiki" (Уики) - қолданушылар тарапынан жасалатын контентке негізделген технологияның атауы (жылдам, тез деген мағына береді) және "Білім" сөздерінен құралған. Wiki интернет кеңістігінің дамуына ерекше үлес қосқан технология, мәдениет.

Қор мәдениет және білім беру саласында "Сандық Қазақстан" бастамасының аясында бірнеше жобаларды жүзеге асыруда, солардың қатарында "Қазақша Уикипедия", "Қазақстанның ашық кітапханасы", "Қазақ тілінің әмбебап сөздігі", "Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы", "Google аудармашы қызметіне қазақ тілін қосу" жобалары бар.

Қор Қазақстанда және халықаралық деңгейде танымал. Уикипедия онлайн энциклопедиясының негізін қалаушы Джимми Уэйлс энциклопедияның қазақ тіліндегі нұсқасын дамытуға қосқан үлесі үшін қорды "Жыл Уикипедияшысы" номинациясымен марапаттаған болатын.

Тарихы

Қор 2011 жылдың мамыр айында бір топ жастардың бастамасымен құрылған болатын. Қордың жарғысына сәйкес негізгі мақсаты ретінде интернеттегі қазақ тіліндегі ағартушылық мазмұнды дамыту және насихаттау деп белгіленген. Қор осы мақсатта бірнеше жобаларды жүзеге асыруда.

2011 жылдың маусым айында халықаралық онлайн энциклопедия Википедияның қазақ тіліндегі нұсқасын дамыту жобасын бастаған болатын. Еріктілермен жұмысты ұйымдастыру мақсатында Алматыға Викимедиа қорының (АҚШ) қамқоршылар кеңесі мүшесі Тинг Чен мырза келді. Еріктілердің алғашқы тобын Халықаралық Ақпараттық технологиялар университеті мен Қазақ ұлттық университетінің студенттері қатысты.

Жобаның батальны хабарлауға арналған баспасөз мәслихатына Қазақ энциклопедиясы өзінің барлық материалдарын Википедияға орналастыруға рұқсат беретіндігін хабарлаған болатын.

Жобалар

Қазақша Уикипедия

Уикипедия әлемдік ашық онлайн интернет энциклопедиясының қазақ тіліндегі бөлімін дамыту және насихаттау мақсатында "WikiBilim" қоғамдық қоры 2011 жылдың маусым айында "Қазақша Уикипедия" жобасын бастады. Жобаның негізгі мақсаты қазақ тілінде жазылатын энциклопедиялық мақалалардың санын және сапасын арттыру, энциклопедияға белсенді қатысушылардың санын көбейту. Уикипедия интернет энциклопедиясының аясында интеллектуалдық қауымдастық құру, тіл жанашырларының хоббиіне айналдыру. "Қазақша Уикипедия" жобасы басталмай тұрып, энциклопедияда қазақ тілі 127 орында тұр еді. Айналдырған бір жыл ішінде қазақ тілі 25-орынға көтерілді.<ref>Руководитель «WikiBilim» о казахском языке: 25 место в Википедии </ref>

Қор жобаны жүзеге асыру жұмысына көптеген ұйымдар мен мекемелерді жұмылдырды. Жобаға Қазақстан Республикасының Премьер Министрі Кәрім Мәсімов қолдау көрсетті<ref>Wikibilim project obtained PM’s support...</ref>. Бас демеуші ретінде "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры екі жылға 50 миллион теңге бөлді. <ref>«Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапкершілігі зор...</ref>.

Қатысушыларға арнап Нокиа компаниясы аптаның үздік мақаласына С3-00 телефондарын табыстады <ref>«Қазақша Уикипедия»: устойчивый рост... </ref>.

Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы өзінің дайындаған он томдық "Қазақстан" энциклопедиясының мәтінін Уикипедияға орналастыруға рұқсат берді. Бұл материалдарды Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті студенттері өңдеп, энциклопедияға орналастыру жұмысын өткізді. Студенттер аталған оқу тәжірибесі кезінде уики мәтін және медиауики жүйесімен танысты<ref>Wikipedia-Казахстан перешла рубеж в 100 тыс статей...</ref>.

Қазақстанның ашық кітапханасы

Үлгі:Main

Интернеттегі қазақтілді мазмұнды дамыту мақсатында WikiBilim қоғамдық қоры "Қазақстанның ашық кітапханасы" жобасын қолға алды. "Қазақстанның ашық кітапханасы" — 170-тен астам автордың 1700-ге жуық шығармасы орналасқан тегін әрі қазақтілді онлайн кітапхана. «Қазақстанның ашық кітапханасында» Creative Commons лицензияларының негізінде жарық көрген үлкен кітап қоры, аудио- және видеофайлдар жинақталған. Оның негізін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында жарық көрген туындылар құрайды. Портал қазақстандық интернет үшін кітапты онлайн оқуға және оның мәтінмен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бірегей қосымшасымен ерекше.


Онлайн кітапханада қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары жинақталған. Кітапхана қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларымен толығу үстінде. Атап айтсақ, Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 200-ге жуық шығармалары топтасқан.<ref>Мұхтар Әуезов қоры</ref>,<ref>Қазақстанда онлайн кітапхана пайда болды</ref>

Google Translate қызметіне қазақ тілін қосу

Қордың қазақ тіліне байланысты, әсіресе интернеттегі қазақтілді танымдық, ағартушылық мазмұнды толтыру мәселелеріне қатысты көтерген бастамалары көп. Солардың бірі - Google Translate қызметіне қазақ тілін қосу бастамасы. Қазақ тілін ғаламдық аударма қызметіне қосу үшін қазақ тілінің жанашырлары, жалпы ел азаматтары белсенді атсалысуы тиіс. Бүгінгі таңда Google Translate аударма қызметі 71 тілде жұмыс істейтін ғаламдық сервиске қазақ тілін қосу жайындағы бастаманы алғаш көтерген - "WikiBilim" қоғамдық қоры.<ref>«WikiBilim» «Google Translate» қызметіне қазақ тілін қосу жобасын таныстырды</ref>

TED конференциялары

Таратуға әбден лайық идеялардың қоймасы - TED конференциялары. 2012 жылдың қараша айындағы мәліметтерге қарағанда, TED конференциялары миллардтан көп қаралған.<ref>About TED</ref> Әр жыл сайын ең ұтымды ой үшін сыйақы мөлшері 1 миллон$-ды құрайтын әлемдік маңызы бар конференцияны "WikiBilim" қоғамдық қоры қазақ тіліне аудару үстінде. Аталмыш конференциялар "Білім" арнасынан көрсетіліп жүр.<ref>Білім арнасының фейсбуктағы парақшасы.Көрсетілім уақыты</ref>,<ref> Таратуға тұрарлық идеялар </ref>

WikiBilim қоғамдық қоры Назарбаев зияткерлік мектебінде онлайн білім беру технологияларына қатысты презентация өткізді. Мұғалімдер мен оқушылар мектепте Уикипедия клубын (Wikipedia Club) және TEDxNIS клубын құруға қызығушылық танытты.<ref>WikiBilim.kz.Жаңалықтар</ref>


Марапаттары

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер