Сара Алпысқызы Назарбаева
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Сара Алпысқызы Қонақай<ref name="tegi" /> (туған тегі — Қонақаева, некедегі тегі — Назарбаева; 12 ақпан 1941 жыл, Қызылжар, Қарағанды облысы) — қазақстандық қоғам қайраткері, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі, Қазақстанның тұңғыш бірінші ханымы.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Өмірбаяны
Қарағанды металлургия зауытындағы ВТУЗ-да оқыған Қонақайдың<ref name="centrasia" /> білімі жоғары, мамандығы — инженер-экономист. Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан.<ref>Алтай шежіресі, жауапты редактор - Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014</ref>
Қоғамдық қызметі
Сара Алпысқызы 1992 жылы Бөбек қайырымдылық қорының негізін қалады да, оның президенті атанды. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді.<ref name="wok" />
Назарбаеваның бастамасымен Қазақстанда жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт», жасөскіндер үйлері ашылатын.
Президент зайыбы елдегі колледждер мен жоғарғы оқу орындары мен училищелерде білім алып жүрген жатқан жетім балалардың жағдайларына ерекше назар ұстап келетін. Сара Алпысқызы осындай жастарға ай сайын Бөбек қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді.
Президент зайыбы «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.
1994 жылдан бері Назарбаева «Қазақстанның SOS балалар ауылдары» қорының (аустриялық Kinderdorf International-дің қазақстандық филиалы) президенті болған. 1999 жылдан бастап ол — «Демография» қайырымдылық қоры қамқоршылық кеңесінің президенті.<ref name="wok" />
Өз өмірі
Сара Қонақай 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа үйленіп, тегін Назарбаева деп ауыстырды.<ref name="tegi">Үлгі:Cite web</ref> Бұл некеден үш қыз бала: туған. Сара Алпысқызының бұл некеден, оған қоса, 11 жиені және 1 жиеншары болған.<ref name="centrasia">Үлгі:Cite web</ref><ref name="wok">Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> 2005–2012 жылдар аралығында Сара Алпысқызының тегін Назарбаевадан Қонақайға ауыстырғаны тіркелген.<ref name="tegi" />
Денсаулығы
2025 жылы Назарбаева денсаулығының ауыр халде болғаны хабарланды. Сол жылғы 5 мамырда Қазақстан президенті іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы бұл ақпаратты растап, Назарбаеваның емделіп жатқанын айтты. 15 қыркүйекте бұл ақпарат тағы расталды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
14 мамырда Бірінші президенттің кеңесшісі, әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай интернетте тараған Назарбаеваның өлімі жайлы хабарды жоққа шығарған.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2026 жылғы 9 ақпанда ол ауруханадан шықты.<ref>Үлгі:Cite web</ref>