Тимур Асқарұлы Құлыбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Wikify Үлгі:Кәсіпкер Тимур Асқарұлы Құлыбаев (10 қыркүйек 1966, Алматы) — қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері, KazEnergy ассоциациясының бұрынғы төрағасы, Қазақстан ұлттық экономикалық «Атамекен Одағы» палатасы президиумының бұрынғы төрағасы, Қазақстан Бокс федерациясының төрағасы, Газпром РАҚ-ы директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі.

Өмірбаяны

Құлыбаев 1966 жылғы 10 қыркүйекте, Алматы қаласында туған. Дулат тайпасының сиқым руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref> <ref>Отырарды қиратқан кім? | Серке - «Ел-арна» – Ең ірі қазақ тілді әмбебап ақпарат арнасы | elarna.net | ел-арна дүниедегі ең үлкен қазақ тілді әмбебәб информатся арнасы Үлгі:Webarchive</ref> Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1983). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін халық шаруашылығын жоспарлау мамандығы бойынша экономист біліктілігімен бітірген (1988).<ref name=":0">https://web.archive.org/web/20210602212338/http://www.elarna.net/m/koru_kk.php?tur=39&id=222766&qolfon=jok</ref><ref name=":1">https://web.archive.org/web/20180201133831/https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30120587#pos=1;-29</ref>

«Нарық жағдайында кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін жетілдіру» (мұнай өндіру өнеркәсібі саласында) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған (1999).<ref name=":0" /><ref name=":1" />

1988–1990 жылдар аралығында ҚазКСР Мемелекеттік жоспар жанындағы Жоспарлау және нормативтер экономикалық ғылыми-зерттеу институтында (НИЭИ ПиН – ЖжН ЭҒЗИ) қызмет атқарған.

1990 жылы Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры ғылыми-консультациялық орталығының директоры болып тағайындалды. 1992 жылы қызметінен кетті.<ref name=":1" />

Құлыбаев 1990 жылдары қаржылық-инвестициялық қызметпен айналысатын «Алтын-Алма» компаниясын құрды (кейіннен «Алмэкс» холдингі болып өзгерді), компания «Халық Банкі» акциясының бақылау пакеттерінің белгілі бір бөлігінің иегері болатын. 1992 жылдан 1995 жылға дейін холдингтің директоры болды.<ref name=":1" /><ref>https://web.archive.org/web/20140226214208/http://kapital.kz/naznacheniya/20611/timur-kulibaev-vozglavil-nacpalatu-predprinimatelej.html</ref>

Мемлекеттік органдарда,компаниялар мен қорларда қызмет атқарған кезеңдерде жеке активтерді басқаруды жас та болса тәжірибелі менеджерлер командасына (Григорий Марченко, Александр Павлов, Әнуар Сәйденов, Қайрат Сатылғанов) тапсырды, Олар банк IPO-сын табысты аяқтап, оның банк секторындағы алдыңғы қатардағы орнын сақтап қалды.<ref>https://inbusiness.kz/ru/appointment/dose-timur-askarovich-kulibaev</ref>

1995 жылы серіктестерімен бірге Алматы сауда-қаржы банкінің негізін қалады. Бақылау кеңесінің төрағасы қызметін атқарып, несие комитетінің құрамына кірді.<ref name=":2">https://web.archive.org/web/20160315224510/https://lenta.ru/lib/14215753/#2</ref>

1997 жылы ҚР Мемкомитетінің Инвестициялар жөніндегі жобаларды бағалау және келіссөздер жүргізу дирекциясының жетекшісі болып тағайындалды(министр орынбасары құқығында).

1997 жылғы мамырдан 1999 жылғы наурыз аралығына дейін «KazakhOil Ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ-ның (1994–1997 жылдары «жаппай жекешелендіру» кезеңінен кейін мемлекет меншігінде қалған мұнай-газ активтерін шоғырландырған мемлекеттік компания) экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болып қызмет атқарды.<ref name=":2" />

Сол кезеңде «Казахойл» президенті болған Нұрлан Балғымбаев бұл жөнінде былай дейді:

Үлгі:Start citation«Халықаралық қаржылық институттармен жұмыс істейтін, жаңа жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыра алатын адамдар қажет болды. Мен ойлана келе Құлыбаевты шақыруға шешім қабылдадым. Сол уақытта Алматыда ешкім де мұнайшы болуға ынталылық танытпайтын. Мен ұстанымымда тайқымастан нық тұрып, Тимурды үгіттей бастадым. Бұл, әрине, бүгінгі күнде әдеттен тыс, оғаш естілуі мүмкін. Оның компанияға келуімен жұмыс жаңа арнаға түсіп, тың идеялар туындап, алдағы уақытта іске асырылуы тиіс міндеттер қойыла бастады. Біз бүгінде капиталдың өзара байланыстылығын, әдетте, болуы тиіс құбылыс деп қараймыз, ал сол кезеңде "несиелік рейтинг", "еурооблигация" деген сөздер қолданысқа енді еніп келе жатқан, жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер болатын. Құлыбаев "еуробондтарды" шығаруда ізашар болды. Оның бастамасымен өнеркәсіп тиімділігін бағалаудың жаңа критерилері мен ресурстарды басқарудың жаңа формалары пайда болды. Айтпақшы, "Трактебелден" газ тасымалдаушы жүйелерді және электр энергетикалық өнеркәсіптерді мемлекетке қайтарудың бастамашысы Құлыбаев болған. - Нұрлан Балғымбаевпен, Ләззат Қиыновпен және Балтабек Қуандықовпен сұқбат.» <ref>Родина в завязке - Общественно политическая газета "Время"</ref>Үлгі:End citation

1999 жылғы наурызда «KazTransOil Мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның (Магистралды мұнай құбырларының желісін басқарушы ұлттық компания) президенті болып тағайындалды.<ref name=":1" />

2001 жылғы мамырдан 2002 жылғы ақпанға дейін — «Мұнай-газ тасымалы» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның («ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» компанияларының негізінде құрылған) бас директоры. 2002 жылғы ақпаннан 2005 жылғы қазан аралығында — «Қазақойл» және «Мұнай және газ тасымалы» ұлттық компанияларының бірігуінен құрылған «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ-ның бірінші вице-президенті. 2006 жылдан 2007 жылға дейін компанияның директорлар кеңесіне кірді, ал 2009 жылдан 2012 жылға дейін кеңес төрағасы болды. Тимур Құлыбаев «Бритиш Газ» компаниясынан Солтүстік-Каспий жобасының 8,33%-ын сатып алу бойынша мәмілеге қатысып, «ҚазМұнайГаз»-дың Қашаған кен орнын игеруге қатысуын қамтамасыз етті. Тимур Құлыбаевтың компаниядағы қызметі алынатын мұнай қорларын ұлғайтуға, көмірсутектерді тасымалдау бағыттарын кеңейту мен әртараптандыруға, мұнай өңдеу қуаттарын арттыруға ықпал етті. <ref>https://oilcapital.ru/news/2005-05-04/kazmunaygaz-zavershil-sdelku-po-priobreteniyu-doli-british-gaz-v-severo-kaspiyskom-proekte-984790</ref><ref name=":2" /><ref name=":1" />

«ҚазМұнайГаз-дағы» қызметінен кеткен соң, Қазақстанның энергетикалық секторында жұмыс істейтін ұлттық және шетелдік негізгі компанияларды біріктірген «KazEnergy» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық ассоциациясын құруға бастамашы болды және оған басшылық жасады. Сонымен бір мезетте ҚР Президентінің қаржылық және энергетикалық саясат жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі лауазымына ие болды.

2005–2006 және 2007–2008 жылдары өзінің жеке бизнесін қоғамдық қызметімен қатар алып жүрді.

2006 жылғы сәуір мен 2007 жылғы тамыз аралығында «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Самұрық қазақстандық холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары болып істеді. Сонымен бір мезетте «KEGOC» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК-сы директорлар кеңесінің төрағасы міндетін атқарды.<ref name=":2" /><ref name=":1" />

Қызмет жолы

Самұрық-Қазына басшылығында

2008 жылғы қазанда «Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Қордың еншілес «Қазатомпром», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «KEGOC», «Самұрық-Энерго» компанияларының директорлар кеңесінің төрағасы болды.<ref>Тимур Құлыбаев «ҚазМұнайГаздың» директорлар кеңесінің жаңа құрамына кірдіҮлгі:Deadlink</ref>

2011 жылғы 12 сәуірде Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың басқарма төрағасы болып тағайындалды.<ref>Қорды Құлыбаев басқаратын болды</ref> Оның басшылығымен Қор ұлттық компанияларға корпоративті басқару қағидаттарын енгізу және ауқымды индустриялау міндеттерін іске асыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырды.

Үлгі:Start citation«Бізге жүктелген міндеттер аз емес. Оның ең бастысын жаңа жасақталған Үкіметтің жақында ғана өткен кеңейтілген мәжілісінде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап ескерткен болатын. Ол Қор компанияларын "ұлттық чемпиондар" деңгейіне дейін көтеруді міндеттеді. Инновацияларды енгізуге қабілетті, өз саласында кез келген күрделі жобаларды жүзеге асыруға дайын, аймақтық және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, мықты компанияларға айналдыруды тапсырды. Екінші маңызды мәселе - мемлекеттік компаниялардың бірқатарын "халықтық IPO-ға" өткізу, сонымен бірге қазақстандықтарды қор нарығына тарту үшін олардың өз табыстарын арттыруына қолайлы жағдайлар туғызу. Бұл мәселе бойынша біз үкіметпен бірлікте ұлттық компанияларды қор нарығына шығарудың тұжырымдамалары мен механизмдерін жасау үстіндеміз. Инновацияларды дамыту -мемлекет әлеуетін көтерудің маңызды шарасы екендігін Елбасымыз баса атап көрсетті. Осы мәселенің өзі біздің алға қойған басым бағытымыз болып саналады. Қор ұлттық компаниялардың негізгі акционері, басқарушы жалғыз корпоративтік орталық ретінде басты рөлге ие болуы тиіс. Біз топтарға тұтастай жіктеп, сондай-ақ ірі компанияларға жеке-дараланған күйде корпоративтік инновациялық-технологиялық стратегия жасауға кірістік. Қордың Инновациялық кеңесі, ал еншілес компанияларда Ғылыми-техникалық кеңестер құрылды. Біз табысқа жетудің жолы туындаған ойдың дайын өнім болғанына дейінгі жүретін барлық процестер кешенінің іске асуын қамтамасыз ететін инновацияны басқарудың заманауи әдістерін енгізу деп білеміз. Егер қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы айтар болсақ, осы жылы біз үкіметтің дағдарыстың алдын алу бойынша жүргізген бағдарламаларын толықтай іске асырып боламыз. Қор үшін ішкі жүйелік міндеттемелер де маңызды. Бұл арада еншілес компанияларды басқарудың жүйелерін жетілдіру жөнінде айтып отырмын. "Самұрық-Қазына" - шаруашылық құрылым емес, қор еншілес компаниялардың операциялық қызметтеріне араласпайды, компанияның сарапшы қызметкерлерін ауыстырмайды, ауыстыруға тиіс те емес. Біз активтермен басқарамыз. Бұл дегеніміз, басты бағыт ретінде корпоративтік басқару қағидаттары қойылуы тиіс. Корпоративтік құжаттар мен реттемелер жасау және жасау үдерістерін қалыптастыру, бағалаудың нақты критерилерін енгізе отырып, стратегиялық шешімдер қабылдау және оны жүзеге асырумен біз әртүрлі жобалар арқылы нақты экономиканың тетіктерін меңгеріп, еншілес компаниялар ісінің тиімділігін арттырамыз.»<ref>Во главу угла будут поставлены принципы корпоративного управления - | Номад</ref>Үлгі:End citation

Құлыбаевтың пікірінше инвесторлармен тұрақты конструктивті байланыстар орнату Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін өте маңызды.

Үлгі:Start citation«Қазақстан инвестицияны дамытушы мемлекет ретінде елге инвесторлар шақырады, өзінің міндеттемелер тұрғысынан тұрақтылығын көрсетеді. Сондықтан да менің ойымша біздің инвесторлар өздерін жақсы, қолайлы сезінеді».Үлгі:End citation

Шет ел инвесторларымен ынтымақтастық сондай-ақ экология, қазақстандық құрам, ұлттық кадрлар мәселелерімен ұштасып жатыр. «Біз осы мәселелер бойынша шет ел инвесторларымен де жұмыс істеп жатырмыз», деп атап өтті Құлыбаев.<ref>Мұнай-газ секторындағы мемлекеттің ықпалы едәуір жоғары </ref><ref>Тимур Құлыбаев қазақстандық өндірушіні қолдауға уәде еттіҮлгі:Deadlink</ref> «Инновациялық Қазақстан» идеялар конкурсы шеңберінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшысы Құлыбаев экономика саласындағы талантты жастардың инновациялық жобаларын қолдап сөз сөйлейді:

Үлгі:Start citation«Мен бұл конкурс жаңа есімдерді анықтап, қоғамдық өмірдегі және экономикадағы өзекті проблемаларды ерекше жолдармен шешуге және жаңа идеяларға жол ашады деп сенемін. Егер біз бүгін инновациялық жастарды қолдасақ, ертең қуатты Қазақстан біздің қолымызда екеніне сенімдімін.»<ref>«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Инновациялық Қазақстан» идеялар конкурсын жарияладыҮлгі:Deadlink</ref>Үлгі:End citation

2011 жылғы 26 желтоқсан күні Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ң Басқарма төрағалығынан босатылды.<ref>Премьер-Министр Өмірзақ Шөкеевті «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы етіп тағайындады Үлгі:Webarchive</ref>

«KazEnergy» ассоциациясындағы жұмысы

2005 жылдан 2023 жылға дейін «Kazenergy» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының Қазақстан қауымдастығын басқарды. Бұл құрылым жеке инвесторлар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы қатынастарды реттеумен айналысады, сондай-ақ Қазақстанның энергетика секторында жұмыс істейтін ұлттық және шетелдік компанияларды біріктіреді.<ref name=":3">https://web.archive.org/web/20180201075513/https://www.kursiv.kz/persons/Kulibaev-Timur-Askarovich/</ref><ref name=":1" />

«Атамекен» одағындағындағы басшылық

2010 жылғы сәуірде «Атамекен одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының президиум төрағасы (ҰЭП) болып сайланды.<ref name=autogenerated1 /> 2011 жылғы қыркүйекте Астанада өткен «Атамекен» ҰЭП съезінде Құлыбаев Кеден одағы және қазақстандық құрамды дамыту шеңберінде бизнес үшін қолайлы жағдай туғызу мәселелерін қозғады. «Бүгінгі таңда сатып алулардың 50 пайыздан астамы Қазақстанда жүзеге асырылады. Біз осы цифрды көбейту үшін жұмыс істеп жатырмыз», – деді Құлыбаев. <ref>Тимур Құлыбаев «Атамекеннің» жаңа басшысына бірқатар тапсырмалар берді</ref>

«Газпром»

2011 жылғы 30 маусымда «Газпром ААҚ»-ның кезектен тыс акционерлер жиналысында директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.<ref>Құлыбаевты «Газпромның» директорлар кеңесіне сайлады</ref><ref>ӘУЕЛI – ТОҚАЕВ, ЕНДI – ҚҰЛЫБАЕВ...Үлгі:Deadlink</ref> 2022 жыл басында өкілеттігін тапсырды.<ref name=":3" />

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

2013 жылы Қазақстан үкіметі мен ҰЭКП «Атамекен Одағының» шешімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылды. Палата президиумының төрағасы болып Тимур Құлыбаев сайланып, ол бұл қызметті 2022 жылғы 17 қаңтарға дейін атқарды. Осы уақыт аралығында ол палата жобаларының іске асырылуын бақылап, елді жиі аралап, кәсіпорындарға барып, кәсіпкерлермен және әртүрлі билік органдарының өкілдерімен кездесті. <ref name=":4">https://svpressa.ru/persons/timur-kulibaev/</ref><ref>https://kapital.kz/naznacheniya/20611/timur-kulibayev-vozglavil-natspalatu-predprinimateley.html</ref><ref>https://lenta.ru/news/2022/01/17/timur/</ref>

Қоғамдық жұмыстар

2008 жылдан Бүкіләлемдік мұнай кеңесі (World Petroleum Council) Қазақстан Ұлттық комитетінің төрағасы. 2009 жылғы қаңтардан бастап, осы күнге дейін Қазақстан бокс федерациясының президенті. Осы кезеңде қазақстандық боксшылар командасы 2012 жылғы Олимпиада ойындарында бір алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды, ал 2016 жылғы Олимпиадада бір алтын, екі күміс және екі қола жүлдеге ие болды.<ref name=":5">https://kapital.kz/dossier/kulibaev-timur</ref><ref name=":6">https://neftegaz.ru/persons/333252-kulibaev-timur/?clear_cache=Y</ref>

2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің атқару комитетінің мүшесі болды. 2015 жылы қызметінен кетті.<ref name=":6" />

2010 жылғы наурыздан ҚР Кәсіпкерлер бірлестігі үйлестіру кеңесінің мүшесі. 2010 жылғы мамырда ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі құрамына енген.

2012 жылғы наурызда Тимур Құлыбаев Халықаралық Бокс федерациясының вице-президенті болып сайланды. Бұл шешім АИБА атқарушы комитетінің осы жылдағы алғашқы отырысында қабылданды.<ref>Новые кадровые назначения в Казахстане Үлгі:Webarchive</ref>

2012 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстандағы республикалық бокс, күрес, ауыр атлетика және дзюдо федерацияларын біріктіретін КЖҰ Спорттық жекпе-жек және күштік спорт түрлері конфедерациясының төрағасы қызметін атқарды.<ref>https://www.inform.kz/ru/v-kazahstane-sozdana-konfederaciya-sportivnyh-edinoborstv-i-silovyh-vidov-sporta-vo-glave-s-t-kulibaevym_a2511768</ref>

2015 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті қоғамдық бірлестігінің атқару комитетінің төрағасы болды.<ref>https://www.inform.kz/ru/nok-rk-budet-poluchat-goszadanie-na-podgotovku-sbornyh_a3021271</ref>

2016 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстанның су спорты федерациясын басқарды.<ref name=":5" />

2016 жылы Азия Олимпиада Кеңесінің (OCA, Olympic Council of Asia) вице-президенті және атқару комитетінің мүшесі қызметін атқарды.<ref name=":7">https://olympic.kz/ru/page/44-kulibaev-timur-askarovich</ref>

2017 жылдан 2019 жылға дейін Халықаралық Олимпиада Комитетінің (ХОК) қоғаммен байланыс және спорт арқылы әлеуметтік даму жөніндегі комиссиясының (Public Affairs and Social Development through Sport Commission, PASD) мүшесі болды. Ол 2022 жылдың қыркүйегінде «Олимпизм 365» комиссиясына (IOC Olympism 365 Commission) кірді.<ref name=":1" />

2018 жылдан 2023 жылға дейін «Қазақстан гольф федерациясы» президиумының мүшесі болды.<ref name=":5" />

2018 жылы Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығының (ANOC, Association of National Olympic Committees) атқару комитетінің құрамына кірді.<ref name=":5" />

Қайырымдылық

2014–2024 жылдар аралығында Тимур және Динара Құлыбаевтар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласындағы қайырымдылық жобаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлардан зардап шеккендерді қолдауға, мұқтаж адамдарға баспана салып, оларды оқытып, жұмысқа орналастыруға шамамен 46 миллиард теңге бөлді.<ref name=":4" />

2016 жылы әлеуметтік бастамаларды құрылымдық және жүйелі қолдау мақсатында Тимур Құлыбаев «Халық» қайырымдылық қорын құрды, ол 120-дан астам әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды іске қосты, олардың іске асырылуына 85 миллиардтан астам теңге жұмсалды.<ref>https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/bf-halyik-pristupil-realizatsii-sotsialnyih-proektov-543247/</ref>

2019 жылы Тимур Құлыбаев Арыстағы әскери қоймалардағы жарылыстардан кейін балабақша мен мектепті қалпына келтіру үшін қаражат бөлді. Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өрті салдарынан зардап шеккен ауылда 280 орындық балабақшаның құрылысын қаржыландырды. Алматы қаласындағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй кешенінің құрылысын қаржыландырушы демеушілердің бірі. 2016 жылдан бастап Алматыда аз қамтылған көпбалалы отбасыларға арналған 50 үй салынды («Береке City» тұрғын үй кешені).<ref>https://tengrinews.kz/news/novyiy-format-podderjki-maloobespechennyih-vnedryat-441675/</ref>

2020 жылы коронавирус індетінің салдарымен күресу үшін 1 миллиард теңге бөлді. Сондай-ақ Алматыдағы медицина мекемелеріне өкпесі зақымданған науқастарды тасымалдауға арналған жедел жәрдем көліктерін сыйға тартты. Жеке қорғаныс құралдарын, медициналық жабдықтарды сатып алуға, жеткізуге және техникалық қызмет көрсетуге, медициналық қызметкерлерге олардың жанқиярлығы үшін ақшалай сыйлықтар беруге, қымбат медициналық препараттарды сатып алып, жеткізуге, ҚХР-дан келген гуманитарлық көмекті тасымалдауға қаражат бөлінді.<ref>https://www.nur.kz/politics/kazakhstan/1849704-timur-kulibaev-i-kajrat-boranbaev-peredali-meducrezdeniam-almaty-apparaty-ivl/</ref><ref>https://informburo.kz/novosti/kulibaev-i-boranbaev-kupili-bolnicam-almaty-avtomobili-dlya-perevozki-bolnyh-s-patologiey-lyogkih.html</ref><ref>https://inbusiness.kz/ru/news/timur-kulibaev-i-kajrat-boranbaev-vydelyayut-1-mlrd-tenge-na-borbu-s-posledstviyami-epidemii-koronavirusa</ref>

2020–2021 жылдары ТЖ режиміне байланысты ауыр жағдайда қалған көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік сатып алуды қаржыландырды (20 000 азық-түлік себеті) және Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті.<ref>https://inbusiness.kz/ru/last/timur-kulibaev-kajrat-boranbaev-i-kenes-rakishev-pomogli-maloobespechennym-semyam</ref>

2024 жылы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға 30 миллиард теңге қайырымдылық жасады.<ref>https://kz.kursiv.media/2024-04-18/lgtn-floods/</ref><ref>https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/30-milliardov-zachislenyi-fondom-halyik-halyk-bank-537537/</ref>

«Үлкен саясатта»

Тимур Құлыбаев қазақстандық және шетелдік БАҚ-тарда Қазақстанның болашық президенті ретінде қарастырылып жүр. Алайда, ол өзі бұл пікірге қосылмайды. 2011 жылдың шілдесінде қазақстандық БАҚ өкілдерімен көздесуінде бұған қатысты Тимур Құлыбаев өз ойын былай білдірді:

Үлгі:Start citation«Нұрсұлтан Әбішұлы сәуірде президент болып сайланды. Енді мұрагерлік мәселесін талқылап жату орынсыз. Мен экономикалық мәселелермен және бизнесті дамытумен айналысып жүрмін, бұл өзіме ұнайды. Ешқашан өзімді саясаткер ретінде көрсеткен емеспін»,<ref>Назарбаевтың денсаулығы мен мұрагеріне шетелдік инвесторлар да көз тігіп отыр</ref> содан кейін баспасөз мәслихаты барысында пікірін қайталады: «Мен бизнеспен айналысамын. Сая­сатпен ешқашан айналысқан жоқпын, ешқандай да саяси партияға мүше емеспiн. Мен өзiмдi бизнесте еркiн сезiнемiн және бизнесте өз дегенiме жеткiм келедi. Сондықтан жуық арада саясатпен айналысатын ойым жоқ.»<ref>Тимур Құлыбаев өзінің кандидатурасын президенттің мұрагері деп мәлімдеу қисынсыз деп есептейдіҮлгі:Deadlink</ref><ref>Зять Назарбаева называет вопрос о преемнике президента "некорректным"</ref>Үлгі:End citation

Лауазымдары

Отбасы

Байлығы

Жұбайы Динара Құлыбаевамен бірге «АЛМЭКС холдингтік тобы» АҚ арқылы елдегі ірі банктердің бірі Халық Банктың 69.52 % иелік етеді.<ref>Үлгі:Cite web </ref> 2024 жылы Халық Банк Құлыбаевтарға 276.5 млрд ₸, ал 2022 жылы 138 млрд ₸ өтемақы төлеп берді.<ref> Үлгі:Cite web </ref> Одан бөлек ол «Каспий мұнай» АҚ 100 %, «Шұбаркөл Премиум» АҚ 67 %, «Кристалл Менеджмент» АҚ 51 % және «Premier Development Company» АҚ 50 % кіретін «Joint Resources» АҚ иесі. «Joint Resources» АҚ 2022 жылы 43,56 млрд ₸ табыс тапты.<ref> Үлгі:Cite web </ref>

Марапаттары

Қызықты деректер

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі. Хоббиі — гольф, тау шаңғысы, футбол.

Тимур Құлыбаев спортқа әуес, әсіресе, ол гольфтен халықаралық турнирлерге қатысқан.<ref>Тимур Құлыбаев Peoples.ru сайтында</ref> Спортсмендер мен тренерлерді қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін тұрақты инвестициялар сала отырып, ірі қалалардағы спортзалдарды ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның өзге өңірлеріндегі спортзалдарды да жабдықтай отырып, оның басшылығымен Қазақстан бокс федерациясы белсенді дами бастады.<ref>Қазақстан бокс федерациясының жаңа президентін сайлауҮлгі:Deadlink</ref>

Үлгі:Start citationМен бала кезден спортпен дос болдым. Спортқа деген қызығушылығымды арттырған әке-шешем, әсіресе әкем. Ол кісі кезінде бокстан спорт шебері, Қазақстан чемпионы болған. Ағаммен бірге спортпен үнемі айналыстық. Спортпен шүғылданғаным ерік-жігерімді қалыптастырды, өз-өзімді ұстай білуге дағдыландырды. Мінез-құлқымды шынықтырып, жеңіске деген ынтамды арттырған спорттың бизнестегі жетістігіме де әжептәуір әсері бар деп сенімді түрде айта аламын.<ref>golfkz.kz / Т. Құлыбаевтың сұхбаты Үлгі:Webarchive, 2002</ref>Үлгі:End citation

Сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Reflist