Рахат Мұхтарұлы Әлиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Рахат Мұхтарұлы Әлиев (екінші некесінде Шораз; 10 желтоқсан 1962 жыл, Алматы24 ақпан 2015 жыл, Вена) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, дипломат, кәсіпкер, заңгер, медицина және экономика ғылымдарының докторы.

2005–2007 жылдары Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, 1997–1999 жылдары Салық полициясы комитетінің төрағасы. 1995–1996 жылдары «Қант орталығы» холдингінің 90% оның иелігінде болғандықтан ел арасында «Қант патшасы» аталды. Бейресми ақпарат бойынша 2007 жылы ол Қазақстанның 1-Президенті әрі қайын атасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің 2012 жылы Президент болғысы келгенін айтқаннан кейін ол қуғыншылыққа ұшырап, 2015 жылы Аустрияда өлі табылды.

Қысқаша өмірбаяны

Әлиев 1962 жылы туған. Ол Орта жүздің қоңырат тайпасының Жаманбай руының Киікші бөлімінен шыққан болатын.<ref>http://titus.kz/print.php?id=1512</ref><ref>https://m.facebook.com/groups/516658875198020?view=permalink&id=1268659066664660</ref>

Алматы мемлекеттік медицина институтын, «Әділет» жоғары заң мектебін бітірген. Медицина және экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын тілін меңгерген. Төтенше және Өкілетті І сыныпты Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

1986–1993 жылдары ғылыми жұмыспен айналысты.

1993–1996 жылдары кәсіпкерлік қызметте.

1996–1997 жылдары Қазақстан Мемлекеттік салық комитетінің Салық полициясы Бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары.

1997–1998 жылдары Алматы қаласы Салық полициясы департаментінің басқарма бастығы, Қазақстан Қаржы министрлігінің Салық полициясы департаментінің директоры.

1998–1999 жылдары Мемлекеттік кіріс бірінші вице-министрі — Салық полициясы комитетінің төрағасы.

1999–2000 жылдары ол — Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы.

2000–2001 жылдары — ҰҚК Төрағасының орынбасары, Бірінші орынбасары.

2001–2002 жылдары — Қазақстан Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары.

2002 жылы бірнеше ай — Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті.

1999–2007 жылдары Қазақстан футбол федерациясының қоғамдық негіздегі президенті.

2002–2005 жылдары — Қазақстанның Аустриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Сонымен бірге Қазақстанның Словения, Хорватия, Македония, Сербия және Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі.

2005–2007 жылдары ол — Қазақстанның Сыртқы істер Министрінің Бірінші орынбасары.

2005 жылғы тамыздан бастап 2007 жылға дейін — Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі.

2007 жылғы ақпаннан — Қазақстанның Аустриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2007 жылғы 26 мамырда Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов Қазақстанның «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 26-бабы 4-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекет басшысының атына Қазақстанның Аустриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР-ның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ҚР-ның арнаулы өкілі Рахат Әлиевті қызметтерінен босату туралы ҚР Бас прокурорымен келісілген ұсыныс түсірді. Онда Әлиевтің ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлімінің 125-бабында көзделген — «өзінің жеке мүддесі үшін ұйымдасқан топтың әрекетімен адамдарды ұрлау, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін екі және одан да көп адамдарға бірнеше мәрте қару қолдану және зорлық-зомбылық көрсету» бойынша айыпталып отырғаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы 26 мамырдағы №333 Жарлығымен Рахат Әлиев Қазақстанның Аустриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі қызметінен босатылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Рахат Әлиев Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйыммен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстанның арнаулы өкілі қызметінен босатылды.

2007 жылғы 28 мамырда Рахат Әлиевке халықаралық іздеу жарияланды. Бас прокуратураның санкциясымен оны тұтқындауға ұйғарылды.

2015 жылғы 24 ақпанда Рахат Әлиев түрмеде қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған.<ref>http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/rahat-aliev-avstriya-turmesnde-kaytyis-boldyi-260305/</ref>

Марапаттары

II дәрежелі «Данқ» ордені мен «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» юбилейлік медалінің иегері. 2008 жылдың 20 cәуіріндегі ҚР Президентінің нұсқауымен барлық марапаттаудан, "қаржы полициясының генерал-майоры" арнайы атағынан, "генерал-майор" әскери атағынан және елшілік дәрежелерінен айырылды.

Отбасы жағдайы

Бұрынғы зайыбы Дариға Назарбаевамен (Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы) үш баласы бар: Нұрәлі Рахатұлы (1985 жылғы), Айсұлтан Рахатұлы (1990-2020), Венера Рахатқызы (2000 жылғы).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер