Жания Жақияқызы Әубәкірова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Жәния Жақияқызы Әубәкірова (Үлгі:Birth date, Алматы, Қазақ КСР) — қазақ пианист-концертмейстер, ұстаз, қоғам қайраткері. Қазақстанның халық әртісі (1991), профессор (1993), Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры (1997–2018).

Өмірбаяны

Ж. Әубәкірова 1957 жылы 19 сәуірде Алматы қаласында туған. Шыққан тегі — Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қояншытағай бұтағы.<ref>[3]</ref>

Әкесі — Яхия Әубәкіров (1932–2008), экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері.

Апайы — Жанар Әубәкірова, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

1979 жылы П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын (профессор Л.Н. Власенконың класы) тәмамдап, 1981 жылы аспирантурасын аяқтады.

Еңбек жолы

1979 — Қазақ академиялық опера және балет театрында концертмейстер.

1981–1993 — Алматы консерваториясында (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) аға оқытушы, доцент, арнайы фортепиано кафедрасының меңгерушісі.

1993 жылдан — профессор.

1997–2018 — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры. Оның басшылығымен оқу орны ұлттық мәртебе алды (2001).

Концерттік қызметі

Әубәкірова жеке концерттерін және камералық, симфониялық оркестрлермен бірге Қазақстанда, ТМД елдерінде, сондай-ақ Франция, Германия, Ұлыбритания, Финляндия, Италия, Чехия, Болгария, Корея, Жапонияда орындады.

1983 — Парижде өткен Маргарет Лонг және Жак Тибо атындағы халықаралық конкурстың лауреаты (Гран-при).

1985 — Париждегі Халықаралық камералық ансамбльдер конкурсында (Г. Мурзабековамен бірге) жүлдегер атанды.

2009 — Құрманғазы атындағы консерватория студенттік симфониялық оркестрімен бірге АҚШ-та (Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Вашингтон, Бостон, Нью-Йорк) гастрольдік сапарға шығып, Карнеги-холл мен Кеннеди орталығында өнер көрсетті.

Ұйымдастырушылық қызметі

1994 — «Жәния Әубәкірова авторлық мектебі» ашылды.

1998 — «Классика» музыкалық агенттігін құрды; осы агенттік аясында «Франциядағы қазақ маусымдары» және 18 мемлекетте концерттер ұйымдастырылды.

2002 — «Жәния Әубәкірова колледжі» (қазіргі заманғы білім беру әдістемесіне негізделген мемлекеттік емес оқу орны).

2004 — «Arts Management» магистрлік бағдарламасын, пианистер конкурсын және заманауи музыка фестивалін іске қосты.

Марапаттары

Фильмдер

  • Жаңа толқын (1984).
  • Рояль алдындағы монологтар (1986).
  • Дуэт (1998).

Сілтемелер

  • Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. Алматы, 2002.
  • Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. Астана, 2002.
  • Әубәкірова әулеті шежіресінен мәліметтер.
  • «Жәния Әубәкірова – халық әртісі». ҚазАқпарат, 2018.

Қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Суретсіз мақала