Бейсенбай Кенжебаев
Үлгі:Ғалым Бейсенбай Кенжебаев (4 қазан 1904, Бөген ауылы, Ордабасы ауданы, Түркістан облысы – 17 шілде 1987, Алматы) – ғалым, филология ғылымының докторы (1959), профессор (1961).
Өмірбаяны
1925 жылы - Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін, Әдебиет институтының 2-курсын, 1942 жылы - ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
«Жас қайрат», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш», 1923–28), «Кеңес туы» (1929–30), «Оңтүстік Қазақстан» (1932–33), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан», 1928–29, 1931–32, 1933–35), т.б. газет-журналдарда бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, редактор, 1938–1941 - «КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ведомостарында» аудармашы, 1941–1944 - Қазақстан мемлекеттік біріккен баспасының бас редакторы болып қызмет істеген. 1961 - жылдан ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі. 1975–1987 жылдары осы университетте профессор болды.
«XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократ жазушылары (монография бойынша)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Кенжебаев – қазақ әдебиетінің мәселелеріне, қазақ баспасөзінің тарихына арналған іргелі еңбектердің, Абай, С.Торайғыров, Жамбыл Жабаев, М.Сералин, М.О.Әуезов, С.Шәріповтің өмірі мен шығармалары туралы зерттеулердің авторы. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» оқулығын, «Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясын» (1967) жариялады. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жүйелеу, зерттеумен айналысты. Кеңестік кезеңде коммунистік идеологияға орай, қазақ әдебиетінің тарихы Бұқар жыраудан (XIX ғ.) басталады деген жаңсақ пікірді теріске шығарып, оның Орхон-Енисей жазбаларынан басталатындығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.
Атақты шәкірттері
- Мырзатай Жолдасбеков
- Мұқтар Мағауин
- Рымғали Нұрғали
- Алма Қыраубаева
- Құлбек Ергөбек
- Қабиболла Сыдиықұлы
- Жанғара Дәдебаев
Еңбектері
- «Көне әдебиет туралы» (1969),
- «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» (1973) атты еңбектерін жазды.
- «Қазақ әдебиеті тарихы» (1948) кітабының фольклорға қатысты тарауларын жазып,
- «Жамбыл Жабаев – қазақ халқының жыршысы» (1955),
- «Біржан сал мен Сараның айтысқаны» (1955), т.б. зерттеулерін жариялады.
- «Тымпи» (1943, 1981),
- «Көңіл ашар» (1971) сатиралық фольклор мұраларын бастырды.
Кенжебаев – көркем проза («Асау жүрек», 1928) және аударма саласында да (Г.Мопассан, Э.Хемингуэй, Лу Синь, Я.Гашек, А.П.Чехов, т.б. жазушылардың әңгімелері) еңбек етті. А.С.Пушкин шығармаларының қазақша библиографиялық көрсеткішін (М.М.Фетисовпен бірге) жасады. Бірнеше орденмен және медальдармен марапатталған.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>
Дереккөздер
- Қазақстан әдебиеттанушылары
- КСРО әдебиеттанушылары
- Қазақстан аудармашылары
- КСРО аудармашылары
- Қазақстан журналистері
- КСРО журналистері
- Қазақстан редакторлары
- КСРО редакторлары
- Қазақстан педагогтары
- КСРО педагогтары
- Философия ғылымдарының докторлары
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары
- Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университеті түлектері