Жанғара Дәдебаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жанғара Дәдебаев (1948 жылы туған), әдебиет зерттеуші. Филология ғылымдарының докторы (1992), профессор (1993), Республика ғылым академиясының академигі (2003).
Зерттеу еңбектерінің басты саласы - Әуезовтің шығармашылық шеберханасы. «Қазіргі қазақ тарихи прозасының дамуындағы М. Әуезов дәстүрі» атты оқу құралы (1981), «Мұхтар Әуезов» монографиясы жарық көрді (1997). Бұларда ұлы суреткердің шығармашылық шеберханасы мен жазушылық шеберлігі бірнеше арнада пайымдалған. Мысалы, адам жанының шындығын, сезім сырын соншалықты терең мөлдіретіп, соншалықты күрделі қарым-қатынаста, дәл осынша нақты, көзбен көріп, ішпен білгендей айқын, шынайы суреттеу Әуезов секілді сөз өнерінің барша құпиясына қанық, өзін сөз өнерінің ылдиы мен өрінде, шырқау биігі мен шалқар кеңістігінде бірдей еркін сезінетін нағыз зергердің, хас шебердің ғана қолынан келетінін тілге тиек еткен автор. «Әдеби шығарма» (1986), «Қазақ тарихи романы» (1987), «Шымырлап бойға жайылған» (1988), «Өмір шындығы және көркемдік шешім» (1991) монографияларында Әуезовтің жазушылық еңбегі мен шеберлігі, көркемдік әлемі қазіргі әдеби процеспен тығыз бірлікте, сабақтастықта қарастырылған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>
Шығармалары:
- Қазіргі қазақ тарихи прозасындағы М.Әуезов дәстүрі. Методикалық құрал. - Алматы, 1981;
- Әдеби шығарма. Оқу құралы. - Алматы, 1986;
- Қазақ тарихи романы? дәстүр мен жаңашылдық. Оқу құралы. - Алматы, 1988;
- Шымырлап бойға жайылған. Зерттеу. - Алматы, 1988;
- Ғабиден Мұстафин. Зерттеу. - Алматы, 1989;
- Мұхтар Әуезов. - Алматы, 1990;
- Өмір шындығы және көркемдік шешім. Зерттеу. - Алматы, 1991;
- Бөлтірік Әлменұлы және қазақ шешендік өнері. Оқу құралы. - Алматы,1996.
- М.Әуезов шығармашылығы. Зерттеу. - Алматы, 1997;
- Атыңнан айналайын Әулие ата. - Алматы, 1998;
- Әдеби шығармашылық. Типтік оқу бағдарламасы. - Алматы, 1999;
- Жазушы еңбегі. Монография. - Алматы, 2001;
- Қазіргі қазақ әдебиеті: Лекциялар курсы. І кітап. - Алматы, 2002;
- Талас аңыздары. - Алматы, 2002;
- Қазіргі қазақ әдебиеті: Лекциялар курсы. ІІ кітап. - Алматы, 2003;
- Адам ата. - Алматы, 2005;
- Менің университетім: зерттеулер мен зерделеулер. - Алматы, 2007;
- Адам және заман. - Алматы, 2008;
- Тадамалы шығармалар. - Алматы, 2008;
- Тақырып және идея. Зерттеу. - Алматы, 2010;
- Тараз өлкесі: монографиялық пайымдаулар, ойлар мен толғаныстар. - Алматы, 2013;
- Абайдың антропологизмі. - Алматы. 2014;
- Шешендік өнер теориясының негіздері: монография. - Алматы, 2016<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}