Мырзатай Жолдасбеков
Үлгі:Ғалым Жолдасбеков Мырзатай (27 мамыр 1937, Ақтөбе ауылы, Талас ауданы, Жамбыл облысы) – мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы (1993), профессор (1993).
Ошақты тайпасының Тасжүрек руынан шыққан.<ref>https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=6614762661927210&id=100001806240749</ref> 1954 – 55 жылдары Ақкөл аудандық кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарған. ҚазМУ-ді бітірген (1960). 1960 – 64 жылдары осы университеттегі қазақ әдебиеті кафедрасында ассистент, 1964 – 67 жылдары аспирант. 1970 – 74 жылдары аға оқытушы, доцент, 1974 – 77 жылдары филология факультетінің деканы болды. 1977 – 87 жылдары Талдықорған педагогика институтының ректоры, 1987 – 88 жылдары Қазақстанның оқу министрі, білім министрінің бірінші орынбасары, 1988 – 90 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1990 жылдары Қазақстанның Мемлекет кеңесшісі, 1991 – 93 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, 1993 – 97 жылдары Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, 1997 – 2000 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі жанындағы Дипломатиялық академияның ректоры қызметтерін атқарды. 2000 жылдан Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры. Жолдасбеков қазақ әдебиетінің алғашқы қайнар бастауларын, Жамбыл Жабаев шығармашылығын зерттеуге мол үлес қосты. Түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін қазақ ғалымдары арасында алғашқылардың бірі болып жаңаша зерделеп, қазақ тіліндегі аудармасын ғылыми айналымға енгізді. Жамбылдың ақындық мектебін зерттеп, оның тұстастары мен шәкірттерінің туындыларын жан-жақты талдады. “Халықтар достығы”, “Құрмет” ордендерімен марапатталған.
Кітапнамасы
- V–XIV ғасырлардағы көне әдебиет нұсқалары.
- «Ежелгі әдебиет нұсқалары» (1967)
- «Күлтегін» (1968)
- «Асыл арналар» (1986, 1990)
- «Жүз жыл жырлаған жүрек» (1992)
- «Тоқсан толғау» (1992, Н. Төреқұловпен бірге)
- «Жамбыл және оның ақындық ортасы» (1996)
- «Асыл сөздің атасы» (1996)
- «Ел тағдыры — ер тағдыры» (1997)
- «Ел тұтқа» (А. С. Сейдімбекпен бірге)
- «Сөзді ұғатын кез келді» (2007)
- «Камни заговорили» (2007)
- «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» (2007, Қ. Сартқожаұлымен бірге)
- «Асылдарым» (2011)
- «Дүние шіркін…» (2017)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- «Кісілік кітабы» (2017)
- «Күндерімнің куәсі» (2017)
- «Таңғаламын өмірдің ғажабына» (2017)
Дереккөздер
- Түркітанушылар
- КСРО филологтары
- КСРО ғалымдары
- Қазақстан филологтары
- Қазақстан ғалымдары
- XX ғасыр ғалымдары
- XXI ғасыр ғалымдары
- КСРО жазушылары
- Қазақстан жазушылары
- Ирандағы Қазақстан елшілері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары
- КОКП мүшелері
- Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымының депутаттары
- Астананың құрметті азаматтары
- Жамбыл облысының құрметті азаматтары
- Алматының құрметті азаматтары
- Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары