Айша Төкебайқызы Абдуллина
Үлгі:Кинематограф Айша Төкебайқызы Абдуллина<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref> (22 маусым 1916 жыл, Алматы – 26 қараша 2019 жыл, Алматы) — кеңестік және қазақстандық театр актрисасы мен әнші,<ref>Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9</ref> Қазақ КСР халық әртісі (1958), Түркістан облысының құрметті азаматы (2002), Қазақстан президенттік сыйлығының және степендиясының иегері.
Абдуллина Парасат ордені және Құрмет Белгісі орденімен марапатталған еді және Сахнагер Ұлттық театр сыйлығының иегері (2017) болған.
Өмірбаяны
Абдуллина 1916 жылғы 22 маусымда Верныйда дүнеге келген.
Қазақ мемлекеттік академия драма театры жанындағы студияны бітірген (1935).<ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref> Осы театр сахнасында ол Еңлік пен Алтыншаш (Мұхтар Әуезовтің «Еңлік — Кебегі» мен «Аққайыңында»), Мәрзия мен Дәмелі (Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері — Ақтоқтысында») рөлдерін орындады. Ол музыкалық спектакльдерге де қатысып, Қыз Жібек (Евгений Брусиловский мен Мүсіреповтің осы аттас музыка драмасында), Айман (Брусиловский мен Әуезовтың «Айман — Шолпанында») т.б. секілді сахналық бейнелерді жасады. 1944 жылы концерттік бригада құрамында майдандағы жауынгерлерге арналған концерттерге қатысты. 1947 жылы Шымкент облысы драма театрына ауысты. Абдуллина Дездемона (Уильям Шекспирдің «Отеллосында»), Мария (Николай Гогольдің «Ревизорында»), Галчиха (Александр Островскийдің «Жазықсыз жапа шеккендерінде») рөлдерін сомдағаны үшін белгілі.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Мемлекеттік қызметтері
- 1940 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен арнайы Сталиннің алтын медалі;
- 1942 жылы Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі құрметті атағы;
- 1943 жылы КСРО Еңбектегі ерлігі үшін медалі;
- 1946 жылы КСРО жоғарғы кеңесінің жарлығымен Құрмет Белгісі орденімен;
- 1946 жылы ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордені;
- 1958 жылы Қазақ КСР Халық әртісі құрметті атағы;
- 1970 жылы «Лениннің туғанына 100 жыл» медалі;
- 1976 жылы «Еңбек ардагері» медалі;
- 1996 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті — елбасының мәдениет саласындағы президенттік степендиясының иегері;
- ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаты Парасат орденімен марапатталды.
- «Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы жеке алғыс хаты» екі мәрте марапатталған.
- «Ұлы отан соғысына 20, 30, 40, 50, 60, 65, 70 жылдығы» мерекелік медалдарымен марапатталған.
- ҚР Мәдениет министрлігінің құрмет грамоталары мен «Мәдениет саласының Үздігі» құрметті төсбелгісінің иегері.
- Түркістан облысының құрметті азаматы (2002 жылдан);
- 2017 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Қазақ театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін» арнайы сыйлығының иегері.
- 2016–2017 жылғы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасының мәдениет саласындағы президенттік степендиясының иегері;
- Қазақстан Театрлар Ассоциациясның «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Театр өнерін дамытуға қосқан орасан зор еңбегі үшін» аталымы бойынша марапатталды (Астана, 27 наурыз 2017 жыл).
Дереккөздер
- Қазақстан әншілері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- Отан соғысы орденінің иегерлері
- Қазақ КСР-інің халық әртістері
- Қазақстан мәдениет қайраткерлері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері
- Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері
- Еңбек ардагері медалінің иегерлері
- Сахнагер ұлттық театр сыйлығының иегерлері
- Қазақстан театр актрисалары
- Түркістан облысының құрметті азаматтары
- Қазақстан мәдениет саласының үздіктері
- Кеңсай зиратында жерленгендер