Сопылық
Үлгі:Ислам Сопылық немесе тасаууф(Үлгі:Lang-ar, taṣawwuf) — зуһд (аскетизм), жақсылықтармен әшекейлену, нәпсіні тазарту және рухтың дәрежесін көтеру. Тасаууф ғылымы — сопылықты ұстанатын адамдардың сенімдерінің жинағы және олардың оңаша халінде және жиындарда ұстанатын әдептері<ref>تصوّف — «Муғджам әл-уасит»Үлгі:Ref-ar</ref>. Сопылық — дүниеден безуге, нәпсіні есептеуге, тәнге қатысы бар нәрселерден бет бұруға, нәпсіні тазалауға, Аллаһ тағалаға мағрифатқа немесе хақиқатқа иман келтіру арқылы қосылу (Үлгі:Lang-ar — нирвана) дәрежесіне жетуге ұмтылысқа негізделген өмір салты<ref>تصوّف — «Заманауи араб тілі» сөздігіҮлгі:Ref-ar</ref>. Сопылықты ұстанушыны сопы (Үлгі:Lang-ar, суфий) деп атайды. Сопылар өздерін Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Салауат Жәбірейіл хадисінде айтқан<ref>«Сахих Муслим»</ref> ихсанды жүзеге асырушылар санайды.
Классикалық сопы ғалымдар сопылықты «мақсаты жүректі қайтару мен Аллаһтан басқа заттардан бұру» деп анықтаған<ref>Ahmed Zarruq, Zaineb Istrabadi, Hamza Yusuf Hanson—"The Principles of Sufism". Amal Press. 2008.</ref>. Үлгі:Аж3 сопылық ұстазы Үлгі:Аж3 сопылық «сол арқылы Құдайдың ішкі болмысының құзырында қалай саяхаттауды, ластықтан тазалануды, жақсы қасиеттермен әсемдеуді білуге болатын ғылым» деген<ref>An English translation of Ahmad ibn Ajiba's biography has been published by Fons Vitae.</ref>.
Классикалық сопылар зікірге құлшыныспен және аскетизммен ерекшеленетін болған. Сопылықтың ізбасарлары ерте Умәйя халифатының кезіндегі дүниеге деген құлшынысқа реакция ретінде пайда болған<ref name="FirstDynasty">Үлгі:Cite book See Google book search.</ref>. Сопылық мыңжылдықтар бойы көптеген мәдениеттердің әсерін басынан өткізіп, бастапқыда араб тілімен, содан кейін парсы, түрік және басқа да ондаған тілдерде ойларын білдіреді. Сунниттік немесе шииттік боп келетін<ref>Rehearing Quran in open Translation Neil Douglas-Klotz</ref> сопылық тариқаттарының түп негізі Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Салауат күйеу баласы Әли ибн Әбу Талибке дейін жетеді деп саналады. Тек Нақшбандийа тариқаты ғана өз негізін Әбу Бәкірден бастайды<ref name="SupremeCouncil">Үлгі:Cite book</ref>
Мазмұны
Терминнің этимологиясы мен шығу тегі
Үлгі:Бастама «Сопылық» терминінің екі шығу тегі бар деп тұжырымдалады. Бұл сөздің түбірі арабтың «сафа» (Үлгі:Lang-ar, тазалық) сөзімен байланысты деген пікір бар. Басқалар бұл сөз арабтың «суф» (Үлгі:Lang-ar, жүн) сөзінен шығып, ертедегі сопылардың жүннен тоқылған киім үлгілерін білдіреді деп санайды.
Негізгі сенімдері
Барлық мұсылмандар өздерін Аллаһқа баратынына сеніп, өлімнен және Қияметтен кейін жұмақта орын алуға ұмтылғанымен, сопылар Құдайдың болмысын тану және оған жақындау бұл өмірде де мүмкін деп санайды<ref>Sufism, Sufis, and Sufi Orders: Sufism's Many Paths</ref>. Сопылардың басты мақсаты Аллаһтың разылығын іздеп, адамның бастапқы халін (фитра) қалпына келтіру деп саналады<ref>Abdullah Nur ad-Din Durkee, The School of the Shadhdhuliyyah, Volume One: Orisons, ISBN 977-00-1830-9</ref>.
Тағылым
Үлгі:Бастама Сопылық жолына түсу үшін оқушы өзіне ұстаз табу керек, себебі бұл оқушының дәрежесінің өсуіне қажетті шарт. Ұстаз оқытуға құқылы болу үшін басқа шейхтан рұқсат қағазын (Үлгі:Аж3) алу керек. Ұстаздан шәкіртке жалғасатын бұл тізбек Үлгі:Аж3 деп аталады.
Тарихы
Шығу тегі
Үлгі:Бастама Бастапқыда сопылық тек қана Исламның интернализациясы ретінде қарастырылды<ref>IslamOnline.netҮлгі:Dead link</ref>. Бір пікір бойынша сопылық негізін Құраннан, оны оқып, терең ойланудан бастау алады<ref>Massignon, Louis. Essai sur les origines du lexique technique de la mystique musulmane. Paris: Vrin, 1954. p. 104.</ref>. Басқалар сопылықты Мұхаммед пайғамбарға Үлгі:Салауат еру, сол арқылы Аллаһқа жақындаудан басталған дейді<ref>Imam Birgivi, The Path of Muhammad, WorldWisdom, ISBN 0-941532-68-2</ref>. Бұдан қарапайымырақ теорияларға сәйкес мұсылмандардың елдерді көптеп жаулап алуы христиан монахтары мен тақуаларды мұсылман қоластына әкелді. Олар көптеген ғасырлар бойы белсенді рухани өмірмен өмір сүріп, олардың әдіс-тәсілдері сопылықтың негізін қалаған тақуа мұсылмандарға әсер еткен<ref>Үлгі:Cite book</ref>.
Дереккөздер
<references/>