Сопылық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ислам Сопылық немесе тасаууф(Үлгі:Lang-ar, taṣawwuf) — зуһд (аскетизм), жақсылықтармен әшекейлену, нәпсіні тазарту және рухтың дәрежесін көтеру. Тасаууф ғылымы — сопылықты ұстанатын адамдардың сенімдерінің жинағы және олардың оңаша халінде және жиындарда ұстанатын әдептері<ref>تصوّف — «Муғджам әл-уасит»Үлгі:Ref-ar</ref>. Сопылық — дүниеден безуге, нәпсіні есептеуге, тәнге қатысы бар нәрселерден бет бұруға, нәпсіні тазалауға, Аллаһ тағалаға мағрифатқа немесе хақиқатқа иман келтіру арқылы қосылу (Үлгі:Lang-arнирвана) дәрежесіне жетуге ұмтылысқа негізделген өмір салты<ref>تصوّف — «Заманауи араб тілі» сөздігіҮлгі:Ref-ar</ref>. Сопылықты ұстанушыны сопы (Үлгі:Lang-ar, суфий) деп атайды. Сопылар өздерін Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Салауат Жәбірейіл хадисінде айтқан<ref>«Сахих Муслим»</ref> ихсанды жүзеге асырушылар санайды.

Классикалық сопы ғалымдар сопылықты «мақсаты жүректі қайтару мен Аллаһтан басқа заттардан бұру» деп анықтаған<ref>Ahmed Zarruq, Zaineb Istrabadi, Hamza Yusuf Hanson—"The Principles of Sufism". Amal Press. 2008.</ref>. Үлгі:Аж3 сопылық ұстазы Үлгі:Аж3 сопылық «сол арқылы Құдайдың ішкі болмысының құзырында қалай саяхаттауды, ластықтан тазалануды, жақсы қасиеттермен әсемдеуді білуге болатын ғылым» деген<ref>An English translation of Ahmad ibn Ajiba's biography has been published by Fons Vitae.</ref>.

Классикалық сопылар зікірге құлшыныспен және аскетизммен ерекшеленетін болған. Сопылықтың ізбасарлары ерте Умәйя халифатының кезіндегі дүниеге деген құлшынысқа реакция ретінде пайда болған<ref name="FirstDynasty">Үлгі:Cite book See Google book search.</ref>. Сопылық мыңжылдықтар бойы көптеген мәдениеттердің әсерін басынан өткізіп, бастапқыда араб тілімен, содан кейін парсы, түрік және басқа да ондаған тілдерде ойларын білдіреді. Сунниттік немесе шииттік боп келетін<ref>Rehearing Quran in open Translation Neil Douglas-Klotz</ref> сопылық тариқаттарының түп негізі Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Салауат күйеу баласы Әли ибн Әбу Талибке дейін жетеді деп саналады. Тек Нақшбандийа тариқаты ғана өз негізін Әбу Бәкірден бастайды<ref name="SupremeCouncil">Үлгі:Cite book</ref>

Терминнің этимологиясы мен шығу тегі

Үлгі:Бастама «Сопылық» терминінің екі шығу тегі бар деп тұжырымдалады. Бұл сөздің түбірі арабтың «сафа» (Үлгі:Lang-ar, тазалық) сөзімен байланысты деген пікір бар. Басқалар бұл сөз арабтың «суф» (Үлгі:Lang-ar, жүн) сөзінен шығып, ертедегі сопылардың жүннен тоқылған киім үлгілерін білдіреді деп санайды.

Негізгі сенімдері

Үлгі:Бастама

Барлық мұсылмандар өздерін Аллаһқа баратынына сеніп, өлімнен және Қияметтен кейін жұмақта орын алуға ұмтылғанымен, сопылар Құдайдың болмысын тану және оған жақындау бұл өмірде де мүмкін деп санайды<ref>Sufism, Sufis, and Sufi Orders: Sufism's Many Paths</ref>. Сопылардың басты мақсаты Аллаһтың разылығын іздеп, адамның бастапқы халін (фитра) қалпына келтіру деп саналады<ref>Abdullah Nur ad-Din Durkee, The School of the Shadhdhuliyyah, Volume One: Orisons, ISBN 977-00-1830-9</ref>.

Тағылым

Үлгі:Бастама Сопылық жолына түсу үшін оқушы өзіне ұстаз табу керек, себебі бұл оқушының дәрежесінің өсуіне қажетті шарт. Ұстаз оқытуға құқылы болу үшін басқа шейхтан рұқсат қағазын (Үлгі:Аж3) алу керек. Ұстаздан шәкіртке жалғасатын бұл тізбек Үлгі:Аж3 деп аталады.

Тарихы

Шығу тегі

Үлгі:Бастама Бастапқыда сопылық тек қана Исламның интернализациясы ретінде қарастырылды<ref>IslamOnline.netҮлгі:Dead link</ref>. Бір пікір бойынша сопылық негізін Құраннан, оны оқып, терең ойланудан бастау алады<ref>Massignon, Louis. Essai sur les origines du lexique technique de la mystique musulmane. Paris: Vrin, 1954. p. 104.</ref>. Басқалар сопылықты Мұхаммед пайғамбарға Үлгі:Салауат еру, сол арқылы Аллаһқа жақындаудан басталған дейді<ref>Imam Birgivi, The Path of Muhammad, WorldWisdom, ISBN 0-941532-68-2</ref>. Бұдан қарапайымырақ теорияларға сәйкес мұсылмандардың елдерді көптеп жаулап алуы христиан монахтары мен тақуаларды мұсылман қоластына әкелді. Олар көптеген ғасырлар бойы белсенді рухани өмірмен өмір сүріп, олардың әдіс-тәсілдері сопылықтың негізін қалаған тақуа мұсылмандарға әсер еткен<ref>Үлгі:Cite book</ref>.

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз