Араб тілі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тілдер

Сурет:Arabic speaking world.png
Араб тілінің жалғыз ресми /жасыл түс/ және бірнеше ресми тілдердің бірі /көк түс/ ретінде таралуы

Араб тілісемит тілдерінің ішіндегі сөйлеушілер саны жағынан бірінші орын алатын, әлемде 422 миллионға жуық адам сөйлесетін тіл. Араб тілі негізінен араб елдерінде және Түркия, Сенегал, Чад, Эритрея елдерінде таралған. Араб тілі Құранның тілі болғасын мұсылмандардың арасында қасиетті тіл саналады және кейбір құлшылықтар (мыс.: намаз) араб тілінен басқа тілде орындалмайды. Сонымен қатар араб тілі кейбір араб елдеріндегі христиандардың діни жоралғылары орындалатын тіл. Орта ғасырлық яһуди дініне арналған еңбектердің көбісі осы араб тілінде жазылған. Ислам дінінің таралып, мұсылмандардың көптеген елдерді билеуіне байланысты араб тілінің да мәртебесі жоғарылап, араб тілі саясат, әдебиет пен ғылымның тіліне айналды. Араб тілі түрік, урду, албан, малай мен индонезия тілдеріне, кейбір африкалық тілдерге (хауса, суахили), европалық тілдерге (испан, португал, мальта тілдері) көп әсер етті.

Араб тілі араб елдерінде, Эритрея, Чад пен Израиль елдерінде ресми тіл саналады. Араб тілі БҰҰ-ның алты ресми тілінің бірі боп табылады.

Араб тілі лексикалық жағынан ең өнімді тілдерге жатады. XIII ғ. жазылған Ибн Манзурдың «Лисан әл-араб» кітабында 80 мыңға жуық сөздік жинақталған. Мысалға XVIII ғ. жазылған Сэмюель Джонсонның ағылшын тілі сөздігінде 42 мың сөз бар<ref>Johnsons Dictionary Online</ref>.

Араб тілі 28 әріптен құралған. Бірақ кейбір тіл ғалымдары «һамза» белгісін әріп ретінде санап, араб әліппесі 29 әріптен тұрады деп санайды. Араб тілінің басқа тілдерден айырмашылығы — парсы және иврит тілдері сияқты араб жазуы оңнан солға жазылады.

Араб тілінің атаулары

  • Құранның тілі — мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран араб тілінде болғасын осылай аталып кеткен.
  • «Дад» әрпінің тілі — «дад» (ض) әрпі тек қана араб тілінде кездескесін, бұл тілді осылай атап кеткен. Бұған Әбу Таийб әл-Мутанаббидің сөзі мысал бола алады:

Үлгі:Quotation

Араб тілінің классификациясы

Тіл ғалымдарының тұжырымы бойынша араб тілі Афро-Азиялық семит тілдері тобынан шыққан. Бұл тіл батыс семит тілдерінің орта бөліміне жатады, сондықтан араб тіліне ең жақын тілдер: иврит және арамей тілі. Араб тілі пайда болу және тарихы жағынан семит тілдерінің ең жас тілдерінің бірі саналады, бірақ кейбіреулер оны бастапқы семит тілдерінің негізі болған тілге ең жақын тіл санайды. Бұлай айтудың себебі араб тілі тек Арабия түбегінде қолданылып, басқа семит тілдері сияқты шет тілдерден әсер алмаған.

Араб тілінің пайда болуы

Араб тілінің пайда болуы туралы көптеген пікір бар. Біреулер араб тілін ең алғаш қолданған Йариб (Үлгі:Lang-ar) деген адам болып, осы тіл соның атымен байланысты аталған деп санайды. Мұхаммед пайғамбардан Үлгі:Салауат жеткен хадисте анық араб тілімен ең бірінші сөйлеген Ибраһимның ұлы Исмаил пайғамбар болған деп айтылған. Ал кейбіреулер араб тілі жұмақтағы Адам ата сөйлеген тіл деп санайды, бірақ бұған дәлел ететін діни мәтіндер жоқ.

Басқа семит тілдерінен айырмашылығы

Араб диалектілерінің бірігуі

Араб тілінің шарықтауы

Араб тілінің құлдырау кезеңі

Қайта қалпына келуі және қазіргі замандағы жағдайы

Әдеби араб тілі мен диалектілер

Үлгі:Main

Екітілділік және оның нәтижелері

Араб жазуы

Үлгі:Main

Араб каллиграфиясы

Үлгі:Main

Араб сандары

Үлгі:Main

Араб тілінің айтылуы

Дыбыстар

Харакаттар (әріптердің дыбысталуы)

Үлгі:Main

Дауыссыз әріптер

Араб тілінің ғылымдары

Наху (араб тілі грамматикасы)

Үлгі:Main

Баләға (шешендік)

Уруд

Иштиқақ (сөз түрлендіру)

Сарф (араб тілі морфологиясы)

Иғраб (грамматикалық талдау)

Үлгі:Main

Араб тілін оқыту

Араб тілі диалектілері

Араб жазуын қоданатын елдер

Араб тілінің басқа тілдерге әсері

Араб тілі Қазақстанда

Араб тілі Қазақстан аумағына 7-9 ғасырлардан бастап, негізінен, діни әдебиеттер, діндарлар, мешіт-медреселер ықпалымен кең тарады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref> Қазан төңкерісіне дейін (1917) Қазақстанда араб тілін еркін меңгерген сауатты адамдар көп болған. Кеңес өкіметі дәуірінде бұл дәстүр әлсіреді. Тек XX ғасыр соңғы ширегінде Қазақстанда араб тілін оқып үйренуге арналған бірқатар оқулықтар, анықтамалықтар, арабша-қазақша сөздіктер жарық көре бастады.

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз

Үлгі:Араб тілі