Тариқат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тариқат(араб. жол, сапар) - Исламдағы ақиқатқа жетудің мистик, танымдық жолы. Тариқат Исламның моральдық-этикалық жүйесінің, психологиялық тәжірибесінің практикада жүзеге асуы. Тариқатта, шариғат сөзі де араб тілінде жол деген мағынада қолданылады.

Бірақ шариғат үлкен жол,Тариқат жалғыз аяқ жол дегенді білдіреді. Ал діни терминологияда шариғат - дін, Тариқат - хақ пен ақиқатқа жету жолындағы діндегі арнаулы жол, түсінік деген сөз.

Тариқаттың практика-әдістемелік негізі, шарттары сопылықпен тең қаралады. Дегенмен,Тариқат тек әдіс, шарттармен ғана байланысты емес. Ол сопылықтағы адам элементтерінің (шайх, халифа, мүрид сияқты) орны мен зауия, текке, рибат сияқты кеңістіктік элементтер арасындағы үйлесімділікті білдіреді. Сондықтан да осы тұрғыдан Тариқат дегенде сопылық ұғынылады.

Тариқаттың негізі сопылық мәдениет.

Сопылық мәдениеттің Тариқат аясында қоғамдасуы негізінен ХІІ-ХІІІ ғасырларда басталған.

Шахабуддин Сухрауардидің «Ауариф-ул Маариф» еңбегінде Тариқат дәстүрінің басталуын сопылық ағымның шығуымен бірге қарастырады. Яғни, Тариқат пен сопылық Хазірет Пайғамбардай (с.а.у.) бастау алады. Тариқат, негізінен, атақты сопылық ілімі негізінде құрылады. Бұдан басқа да Тариқаттар бар, олар өз ілімдерін тікелей Пайғамбардай (с.а.у) алғандықтарына сенеді. Негізінде шайх төңірегінде қалыптасқан Тариқаттар саны алтау, қалғандары осылардан шыққан Тариқаттар.

Негізгі Тариқаттар:

  • Иасауийа - құрушысы Қожа Ахмет Иасауи.

Негізінен Ханафи түріктер арасында кеңінен жайылған, одан Нақшбанийа мен Бекташийа Тариқаттары шыққандығы айтылады.

  • Қадирийа - кұрушысы Абдулқадыр Жайлари (1077 - 1166), арабтарда, әсіресе, Ханбали мазхабындағылар ұстанатын.
  • Көптеген кіші Тариқаттарға бөлінген. Кубрауийа - кұрушысы Нажмудцин Кубра (1221 ж.ө., ХIII ғасыры), түріктер мен парсылар арасында кеңінен

тараған.

  • Сухрауардийа - құрушысы Абу Нажиб ас-Сухрауарди (1234 ж.ө.), көптеген тармақтары бар, көбінесе Шафиғилар арасында тараған.
  • Рифаийа - құрушысы Ахмедар-Рифаи (1118 - 83), арабтар мен түріктерарасында тараған.
  • Маулауийа - кұрушысы
  • Маулана Жалалуддин Руми (1209 - 1273), түріктер арасында кеңінен тараған.

<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub

tr:Tarikat Kapısı