Зуһд

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зухд, ЗуҺд (арабша мән бермеу, көңіл бөлмеу, бас тарту ) – сопылық ілімдегі бастапқы әрі негізгі құндылықтардың бірі.

Зухдтың үш талабы бар:

  • 1) дүние жолында қол жеткізген табыстарға малданып қуанбау, жоғалтқан нәрселер үшін де опынып, өкінбеу;
  • 2) мақтағанға қуанбау, даттағанға қорланбау;
  • 3) Алла тағалаға құлшылық етуді және онымен жырақ қалып бірге болуды басты мақсат етіп алу.

Зухд жолын ұстану – дүниеқұмарлыққа, құлқынның қалауына ерік бермей, нәпсіні тежеу, фәни дүниенің рахатын тәрк ету; харам мен күдікті нәрселерге, тіпті дінде рұқсат етілген мубах және халал нәрселерге де аса сақтықпен қарау; мансап, атақ, дәрежеге көңіл аудармай, одан аулақ болу; Алла тағаладан басқа барлық нәрседен бас тарту. Алайда зухд дүниені түгелдей керексіз қылып, тәрк ету емес. Ол хақ тағаланың үйі – жүректі таза ұстау. Алла ризалығы үшін өмір сүру, оның берген сыйы мен нығметіне шүкірлік ету, қысылып тарыққан шақта азға қанағат қылып, сабырлы болу. Зухд жолын ұстанған кісі заҺид деп аталады. Сопылар әуелгіде өздерін заҺидтер деп атады. Алғашқы заҺидтер – Хасан әл-Басри (ө.ж. 728 ж.), Абу Хашим әл-Суфи (ө.ж. 767 ж.), Даууд әл-Таии (ө.ж. 766 ж.), ИбраҺим бин АдҺам (ө.ж. 777 ж.) және т.б. Ханбалшылар мәзҺабының негізін салушы, 4 ұлы исламның бірі Ахмад ибн Ханбал (780 – 855) “Китаб ал-зуҺд” деген кітап жазған. Осыдан зухдтың тек сопылар ғана емес, факих ғалымдар арасында да қолдау тапқанын көреміз.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub